Топырактың физикалық-механикалық қасиеттері Топырақ өңдеу үрдісінде ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарының әсер етуіне байланысты топырақ едәуір өзгерістерге ұшырайды да, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімділігіне ықпал етеді.
Топырақтың физикалық-механикалық, қасиеттеріне байланыстылығы, илeнгiштiгi, iciнyi,жабысқактығы, сығылуы, тығыздығы және жетілуі жатады.
Топырақтың байланыстылығы- топырақ бөлшектерін механикалық күштердің ажыратуына кедергі жасайтын топырақ кабілеті. Ол топырақ бөлшектерінің арасындағы байланысу күштерінен туындайды, мұнда ерекше үлкен ролді коллоидты бөлшектер атқарады. Топырақтардың байланыстылығы оның ылғалдылығы мен механикалық құрамына тәуелді. Мысалы, балшықты топырақтарда ылғалдылыктың жоғарылауынан байланыстылығы азаяды да, олар жаңа қасиет - иленгіштікке ие болады. Балшықты топырақ құрғақ күйде жоғарғы байланыстылыққа ие.
Құмдауыт топырақтар, керісінше, ылғалы жоғарылағанда бipaз байланыстылыққа ие болады. Ауыр балшықты, саздық топырақтарда қарашірік байланыстылықты кeмiтeдi, ал жеңіл құмдақтарда - жоғарылатады. Кейбірлерде сіңірілген натрий катионы байланыстылықты қатты жоғарылатады; иллювиалды-кебірлі горизонт құргак жағдайда тас сияқты қатып қалады да, күрекпен қазуга келмейді. Топырақ структурасы байланыстылықты кемітеді. Структуралы топырақтар әдетте қопсыған болады.
Топырақтың байланыстылығы оның үзілуге, мыжылуға, майысуға кедергісінің мәнін өлшеумен анықталады және 1 см2-граммен өрнектеледі. Мысалы, қаратопырақтың байланыстылығы 12 – 16 % ылғалдылық кезінде сығылуға қарсылық мәні бойынша 1080 г/см2-ге жетеді, 21-23% ылғалдылықұ кезінде - 61,8 г/см2. Ылғалдылық өскен сайын балшықты қаратопырақтың байланыстылығы барлық көрсеткіштері бойынша төмендейді. Топырақтың байланыстылығы өндеу сапасы мен машиналарға, өңдеуші қондырғыларға, жекелей алғанда соқаға кедергі келтіреді.
Топырақтың иленгіштігі- деп ылғалды жағдайда илеyi мен оған берілген форманы сақтау қабілеттілігі. Бұл қасиетке тек саздақ және балшықты топырақтар, аздап - құмдақ топырақтар ие, құмдауыт топырақтар иленгіш емес. Құрғақ жағдайда топырақтың иленгіштік қасиеті болмайды. Топырақтың иленгіштік дәрежесі оның механикалық құрамына, ең бастысы лайлы тұнба құрамына тәуелді.
Топырақтардың иленгіштігі ылғалдылықтың белгілi бip аралығында байкалады. Ылғалдылықтың жоғарғы (топырақ аға бастайды) және төменгі (жіпше тәріздес оралуы тоқтай бастайды) ылғалдылық арасындағы айырмашылық иленгіштік саны деп аталады. Бұл сан жоғары болған сайын иленгіштік те жоғарлайды. Жоғары иленгіштік бар топырақтардағы иленгіштік саны 17-ден көп, саздықтарда 17-7; құмдақтарда 7-0; құмдарда - 0.