1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы


Топырақтың тотығу-тотықсыздану режимі



бет30/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Топырақтың тотығу-тотықсыздану режимі – топырақ түзілудін жылдық айналымында топырақ кесіндісіндегі тотығу-тотықсыздану процесстерінің ара қатысы.
Топырақтың тотығу-тотықсыздану режимінің типтері:

  • Абсолютті басымды тотығу жағдайы бар топырақтар – дала, жартылай шөл, шөлдердің автоморфтық топырақтары (қара топырақтар, күрең топырақтар, сұр-қоңыр топырақтар, құба жартылай шөлді топырақтар, сұр топырақтар, сұрғылт-құба топырақтар);

  • Бөлек ылғалды жылдары немесе мерзімдік жағдайда тотықсыздану үрдістерінің көрсетілуі мүмкін болатын басымды тотығу жағдайлары бар топырақтар – тайга-орман зонасының, ылғалды субтропиктердің, жапырақты-орман және құба-орман зоналарының автоморфтық топырақтары;

  • Күрт тотығу-тотықсыздану режимі бар топырақтар – әртүрлі зоналардың жартылай гидроморфтық топырақтары;

  • Тұрақты тотықсыздану режимі бар топырақтар – батпақты және гидроорфтық сортаңдар.

  1. Топырақтың органикалық заты және топырақ құнарлығының қалыптасуында оның маңызы.



Қосымша әдебиеттер


1.Гедройц К.К. Учение о поглотительной способности почв // Избр. соч. М. 1955. Т.1. С.241-384.
2.Ремезов Н.П. Почвенные коллоиды и поглотительная способность почв. М.: Сельхозгиз. 1957. 223 с.
3.Горбунов Н.И. Почвенные коллоиды. М.: АН СССР.
1956.
4.Горбунов Н.И. Почвенные коллоиды и их значение для плодородия. М.: Наука. 1967. 159 с.
5.Горбунов Н.И. Минералогия и коллоидная химия почв. М.: Наука. 1974. 314 с.
6.Порада Н.Н. Кольматация почв //Земледелие. 1988. №7. С.27-30.


ДӘРІС 6

ТОПЫРАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ТАЛДАУ


Топырақтың физикалық қасиеттері.
Топырақ әртүрлі мөлшердегі бөлшектерден тұратын дисперсті табиғи дене, сол себепті оның физикалық қасиеттері тығыз денелердің қасиеттерінен айырықша. Топырақта барлық кеңістік қатты бөлшектермен толтырылмаған, олардың арасында су, ауа, микроагзалар болатын кеуектер бар.
Топырақтардың физикалық қасиеттері және онда жүретін физи­калық үрдістер топырақтың түзілу үрдісіне, топырақтың құнарлылығына, өсімдіктердің өcyiнe және дамуына зор әсер етеді Физика­лық қасиеттер барлық уақытта физикалық, химиялық, физикалық-химиялық және биологиялық үрдістердің әсер етуінен, сонымен бipre адамдар жүргізетін агротехникалық шаралар әсерінен өзгеріп отырады.
Топырақ физикасының негізін қалаушылар П.И. Костычев, А.А. Измайльский, Г.Н. Высоцкий, В.Р. Вильямс және басқалар. Топырақ физикасын дамытуда үлкен ролді Н.А. Качинский, В.В. Квасников, А.Ф. Лебедев, А.А. Роде және т.б. атқарды.
Топырақтардың физикалық қасиеттері негізгі және функционалдық болып бөлінеді. Негізгі өз кезегінде - жалпы физикалық және физикалық-механикалыққа; ал функциональдық - сулық, жылулық, ауалық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет