ұстанғандарға) жағымсыз болуы ықтимал. Әр түрлі бағалаудың жиынтығы түптеп
келгенде саяси сананың бүкіл кӛлемін толтыратын болады.
Саяси сананың әлеуметтік құрылымы саяси сананың барлық элементтерін, олардың
алатын орны, сонымен қатар практикада рухани құбылыстарды жүзеге асыру процесіндегі
олардың ойнайтын рӛліне деген кӛзқарас тұрғысынан сипаттайды. Бір жағынан алғанда,
осы құрылым шеңберінде индивидуальдық, топтық немесе бұқаралық сананың әр түрлі
формалары сипатталса, ал екінші жағынан – практика саласына адам ойының
мазмұнының ауысу процесінің компоненттері, дәлірек айтқанда: идеалдар, принциптер,
нормалар, нұсқаулар, мотивтер және т.б. түсіндіріледі. Саяси сананың жалпы қорытынды
компоненттері ретінде саяси идеология және саяси психология қарастырылады. Олардың
әрқайсысы саяси ӛмірде маңызды, аса күрделі ерекшелікті рӛл атқарады.
Саяси сана қоғамдық тәжірибеден озып кетіп, оқиғаның ӛрістеуін болжай алады,
сол арқылы саяси қызметті ынталандырушы фактор ретінде алға шығады. Егерде ол
әлеуметтік шындықты бұрмаланған түрде бейнелесе, онда саясатта волюнтаризмге әкеп
соқтырады. Саяси субъект қоғамдық ӛмірдің объективті заңдарымен есептеспейді, еркін
шешімдер қабылдап, субъективті ықыластарын басшылыққа алады.
Саяси сана қоғамда саяси мәдениеттің жаңа элементтерін және дәстүрлерін
дайындап, бекітетін механизм болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: