1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде «Саясаттану»



Pdf көрінісі
бет1/31
Дата06.02.2023
өлшемі374,55 Kb.
#65555
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Саясаттану дәріс тезистері



1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде
«Саясаттану» ұғымының анықтамасы. Саясаттану сӛзі гректің «саясат» және «ілім» деген 
сӛздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясаттану сонымен 
қатар, басқа ғылымдардан ӛзінің әдістерімен, амалдарымен, талдауларымен 
ерекшеленетін, тұтас ғылым. Саясаттану ғылымының құрылымы саяси білім туралы 
қалыптасқан жүйе. Оның құрамына мына тӛмендегі мәселелер кіреді: саяси ілімдер 
тарихы, саяси философия, саяси әлеуметтену, саяси антропология және т.б.
Саясаттану объектісі – саясат, қоғамның саяси ӛмірі.
Саясаттану пәні – саяси биліктің ӛзгеруі мен қызмет етуінің, қалыптасуының 
заңдылықтары.
Саясаттанудың әдіс –тәсілдері ( саясат туралы білім алу әдістері):
әлеуметтанулық  – саясаттың қоғамға тәуелділігін анықтауды қарастырады.
• мәдениеттанулық – саяси процестердің саяси мәдениетке байланысын анықтауға 
бағыт береді 
 • нормативті құндылық – саяси құрылыстың идеалын жасауға және оның 
практикалық жүзеге асыру жолдарын дайындауға бағыттайды 
функционалды  – саяси құбылыстардың арасындағы байланыстарды анықтайды.
 • бихевиористік (мінез –құлық) – саясатты жеке тұлғалар мен топтардың алуан түрлі 
мінез құлқын нақты зерттеу арқылы қарастырады 
 • жүйелеу – саясатты тұтас, күрделі ұйымдастырылған, ӛзін– ӛзі реттейтін механизм 
ретінде қарастырады
 • институтционалды – саяси қызметтерді жүзеге асыратын институттардың кӛмегімен 
саясатты қарастырады (мемлекет, партия, саяси қозғалыстар және т.б.)
антропологиялық – саясатты әлеуметтік факторлармен емес, адам табиғаты 
биологиялық организм ретінде қарастырылады
• салыстырмалы – жалпы сипаты мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында ұқсас саяси 
құбылыстарды салыстыра отырып қарастырады 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет