«Модернизация» сӛзінің этимологиялық ұғымы «modern»
француз тілінен
аударғада жаңа, қазіргі заманға сәйкес деген мағынаны білдіреді. Ал «modernize» жаңа
талаптарға сәйкес, жетілдіру, жаңарту, ӛзгерту деген сӛзден шыққан.
Модернизация теориясын талдауда әр түрлі кӛзқарастар Г.Алмонд және
Д.Пауэлланың «Даму тұжырымдамасы тұрғысынан. Салыстырмалы саясаттану» (1966),
Д.Аптердің «Жаңару саясаты» (1965), С.Липсеттің «Саяси адам» (1960), Л.Пайдың «
Саяси
дамудың астары. Аналитикалық зерттеу» (1966), Д.Растоудың «Ұлттар әлемі» (1967),
Ш.Эйзенштадтың «Саяси жаңару: қарсылық және ӛзгеріс» (1966), С.Хантингтонның
«Ӛзгермелі қоғамның саяси тәртібі» (1968) және басқа еңбектерде жан-жақты баяндалған.
Саяси жаңару теориясының орталық мәселесі - ӛтпелі кезеңдегі саяси жүйеге
талдау жасау.
Саяси модернизация – жеке пән ретінде саясаттану ғылымының күрделі ажырамас
бӛлігінің бірі б.т. Адамзат тарихында алғашқы модернизация Батыс Еуропа елдерінде
XVI-XVII ғ.ғ. басталды. Модернизация (француз тілінен аударғанда қазіргі кезең дегенді
білдіреді) – дәстүрлі қоғамдағы артта қалушылықтан арылу және қазіргі кезеңдегі қоғамға
ӛту процесі. Яғни, саяси модернизациялау теориясының маңызды мәселесі – дәстүрлі
қоғамнан рационалды қоғамға ӛтудегі ӛтпелі кезеңнің саяси жүйесін зерттеу. Саяси
модернизациялау – саяси жүйенің жаңа әлеуметтік мақсаттарға тез икемделуі және
институттардың жаңа түрлерін құру. Қай мемлекет болмасын ӛз дамуында
модернизациялауды басынан ӛткеретіндігі даусыз.
«Модерн», немесе қазіргі кезеңдегі қоғам белгілеріне мыналар жатады: экономика
саласында, - реттеуге келетін тауарлы-ақша қатынасы, білім
беру саласында қаржыны
ұлғайту, экономикалық қатынастарды тиімдендіруде ғылым ролінің артуы; әлеуметтік
салада тұрғындардың белсенділігі шексіз ашық әлеуметтік құрылымның қалыптасуы;
саяси салада – биліктің плюралистік негізде ұйымдастырылуы,
адамдар құқының
сақталуы, саяси институттардың ӛзара қарым – қатынастардың дамуы, әлеуметтік
партнерлік, негізгі саяси күштердің бірлігі негізінде саяси-басқарушылық шешімдердің
қабылдануы және оны жүзеге асыру.
Модернизацияның бірден-бір толық анықтамасын 60 жылдарда зерттеуші
Ш.Н.Эйзенштадт берді: «Тарихи тұрғыдан модернизация
дегеніміз XVII ғасырдан XIX
дейінгі Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада дамыған әлеуметтік, экономикалық және
саяси жүйелер түрлерінің ӛзгеру процесі, оның басқа еуропалық елдерге, ал XIX ғасыр
мен ХХ ғасырда Оңтүстік Америка, азия мен Африка құрылықтарына таралуы»
Ал модернизация ілімінің келесі ӛкілі С.Блэк (АҚШ) модернизацияны дәстүрлі
институттардың жаңа функцияларға икемделуі ретінде қарастыруды ұсынады. М.Леви
модернизацияны қоғамның ӛзін қозғамайтын жалпы әлеуметтік тӛңкеріс деп
қарастырады.
Модернизация ұғымын анықтаудағы С.Эйзенштадт кӛзқарасын тарихи ал, С.Блэк,
М.Леви кӛзқарасын релятивистік деп анықтауымызға болады.
Жалпы модернизация теориясы дәстүрлі қоғамнан адамның жеке меншік пен
саяси
биліктен жатсынуын арылтуға ұмтылатын қазіргі заманға ӛту үрдісін түсіндіруге
ұмтылатын қоғамдық даму тұжырымы. Дәстүрлі қоғам мен қазіргі заманды салыстырмалы
түрде зерттеген М.Вебер және Т.Парсонс.
Дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға ӛту бір күнде, бір жылда жүзеге асырылған жоқ.
Саяси модернизация, біріншіден территорияны кеңейту және әкімшілік- саяси
шекараны реттеу, ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң
шығарушы, атқарушы да) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бӛлінісі; екіншіден
мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат
жэәне әлеуметтік салалардағы құрылымдық ӛзгерістерге дайындығы; үшіншіден саяси
үрдіске тұрғындардың кеңінен қосылуы; тӛртіншіден; саяси демократияның орнауы
немесе билікті заңдастыру тәсілдерін ӛзгерту.
ХХ-ғ. 50-60 ж.ж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының
бір бағыты б.т. Бұл теорияның басты белгісі универсалдық, яғни қоғам дамуын барлық
елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтар мен кезеңдер бар жалпы (универсалды)
процесс ретінде қарастыру. Әрине, бұл теория ӛкілдері әртүрлі
халықтар дамуындағы
ерекшеліктерді мойындағанымен, бірақ оларды маңызды емес, қосымша деп есептейді.
Универсалдық әдістемелік негізі
технологиялық детерменизм, яғни адамзат
дамуын технология мен экономика прогресінен іздеу. Мінекей, осы прогресс әртүрлі
елдердің әлеуметтік-мәдени және саяси ерекшеліктерін жоққа шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: