1- тапсырма Баланың өсу қарқынның кезеңдерін және олардың сипаттамасы Өсу және даму



бет4/4
Дата21.10.2023
өлшемі20,56 Kb.
#120051
1   2   3   4
Байланысты:
1 тапсырма

Соңғы кезең: 18 жастан кейін
Бұл кезең 21, кейде тіпті 24 жасқа дейін созылады. Соңғы кезеңде жастар саналы шешім қабылдайды, эмоциялық тұрақтылыққа ие болады. Олардың өз бетімен өмір сүруге қабілеті артады.
Өтпелі кезең ерекшеліктері:
Бұл уақытта жасөсіпірім екі жақтан түсетін күшті қатар алып жүруге мәжбүр. Бірінші гормондар ойнаса, екінші жағынан олар психологиялық жетілу кезеңінен өтеді. Өтпелі кезеңде орын алатын өзгерістер мынадай:
• Олар өзге біреудің ықпалымен бұрыс шешім қабылдауға қабілетті.
• Олардың есте сақтау қабілеті нашарлайды. Сондықтан, оқу үлгерімі де нашарлауы әбден мүмкін.
• Жазалау әдісі оларға кері әсірен тигізеді.
• Олар "нағыз" өздерін іздеумен болады. Сондықтан, шашын бояу, тату жасату, ашық киіну секілді нашар қылықтар шығаруы мүмкін.
Жасөспіріммен қалай тілдесу керек?
Өтпелі кезеңнен қашып құтылу мүмкін емес. Егер бала есейген сайын ата-анадан алшақтай бастаса уайымдаудың қажет жоқ. Бұл – қалыпты құбылыс. Сондықтан балаға еркіндік сыйлап, өз бетімен өмір сүруге дайынған дұрыс.
Баланың хоббиіне қызығушылық таныту
Егер жасөсіпірм ата-анасымен қызығушылықтары туралы сөйлессе, қуанған жөн. Демек, гормонды өзгерістерге қарамастан олардың арасында байланыс сақталып қалған. Бұл уақытта ата-ана барынша баланың хоббиі мен таңдауына сыйластық білдіргені дұрыс.
Сынға алмау
Күн сайын өзгеретін баланың "жаңа" денесіне сын айтудан аулақ болу керек. "Иығың үлкен", "аяғың жалпақ", "толып кетіпсің" деген сөздер баланың бүгіні мен болашақ өміріне қатты әсер етеді. Олар өзін қабылдай алмайды. Өзгелермен салыстыру арқылы ата-ана баланың сенімін жоғалтып алады.
Сұрақтар және кеңестермен мезі етпеу
Шектен тыс өбектеу, орынсыз кеңестер мен бітпейтін сұрақтар жасөспірімнің шамына тиеді. Егер сұраққа қалай болса, солай жауап берсе, тілдесу әдісін өзгерту керек.
Балаға өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік беру арқылы онымен дұрыс қарым-қатынасты сақтап қалуға балады. Жасөспірім шақта онымен ересек адамдарша ақылдасу, сөйлесу болашақта өз жемісін береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет