1- тапсырма Баланың өсу қарқынның кезеңдерін және олардың сипаттамасы Өсу және даму



бет3/4
Дата21.10.2023
өлшемі20,56 Kb.
#120051
1   2   3   4
Байланысты:
1 тапсырма

Кемелденген кезең. Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, белгілі бір мақсатқа жетуге талпынады. Бұл кезеңнің соңында жыныстық бездер қызметі әрекетіне байланысты соңғы рет гормондық қайта құрылу басталады. Жүрек-қантамырлар ауруларының қауіптілігі арта түседі.

  • Мосқалдық кезең (пожилой). Бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды. Зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық көрсетеді. Кейбір ішкі секреция бездерінің гормон бөлуі азаяды. Сүйектің құрамында бейағзалық заттардың мөлшері арта бастайды. Жүйке жүйесінің реттеу қызметі де баяулайды.

  • Қарттық кезең. Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді.

    2. Өтпелі кезен деп нені айтады, оның ерекшеліктері.


    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметіне сәйкес өтпелі кезең 10 жастан басталып, 19 жасқа дейін жалғасады. Бұл уақытта баланың жыныстық жетілуі, дене пішінің өзгеріс мен психологиялық дамуы жүреді.
    Балалық шақтан ересек өмірге өту үш кезеңге жіктеледі: бастапқы, ортаңғы, соңғы.
    Бастапқы кезең: 10–14 жас
    Бұл уақытта жыныстық жетіліп, физикалық дамиды. Қыздарда гормонды өзгерістер ер балаларға қараған 1–2 жыл ерте басталып, 3 жылға созылады. Ер балаларда 4 жыл уақытта алады.
    Бастапқы кезеңде жасөспірім тек бүгінгі күнмен өмір сүреді. Оларды әрекетінің болашаққа қалай әсер ететіні қызықтырмайды. Көңіл-күйлері құбылмалы болатындықтан, күйзеліске ұшырау жиі кездеседі. Олардың ортасы кеңейе бастайды: отбасы мен жақын достарынан бөлек, жаңа адамдармен тілдесуге құштарлығы артады.
    Ортаңғы кезең: 15–17 жас
    Бұл уақытта жыныстық жетілу тоқтайды. Қыздардың бойының өсуі баяулап, керісінше, ер балалар да жылдамдай түседі. Психологиялық тұрғыдан қиын мәселелерді шешіп қана қоймай, болашаққа жоспар құра алады. Олар отбасыдан алшақтап, еркіндікті қалайды. Соған қарамастан, ата-ананың беретін қамқорлығы мен қолдауы жасөспірімдердің өмірінде маңызды бола түседі. Жасөспірім өзінің құрдастарының ойына тәуелді бола түседі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет