3-тапсырма: Мәтінде айтылған қауіпті қалдықтар қандай қалдықтар болуы мүмкін?
3-тапсырма: Мәтінде айтылған қауіпті қалдықтар қандай қалдықтар болуы мүмкін?
Экология мәселелерінің қоғам өміріндегі маңызы мен мәні қаншалықты зор екені айтпаса да түсінікті. 120 миллион гектардан астамы құмды, тұзды жер болып табылатын, жалпы аумағының 70 пайызында биоәртүрлілік сарқылып, экожүйесі бұзылған Қазақстан үшін маңызы жоғары екені белгілі.
2010 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 43 миллиард тоннадан астам өндірістік қалдық, оның ішінде 587,8 миллион тонна уытты қалдық жинақталған. Олардың сақталу жағдайы сын қөтермейді. 775 техногендік-минералдық түзілімдер объектісі тіркелген . Олардың көлемі жыл сайын өсу үстінде. Бұдан бөлек, республикадағы 6325 елді мекеннің 25 пайызына ғана қалдық жинау және әкету кәсіпорындары қызмет көрсетеді. 4525 қалдық полигонының 6,8 пайызы ғана заңдастырылған. Елде жинақталған қауіпті қалдықтар көлемі шамамен 6 миллиард тоннаны құрайды. Оның басым бөлігі, яғни 86,7 пайызы Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының тау-кен және байыту кешендерінің еншісінде екен.
4- тапсырма. Түсіндірме сөздіктің көмегімен мәтіндегі термин сөздердің мағынасын ашыңыздар.
Термин сөздер
Түсіндірмесі
Экожүйе
Бізді қоршаған орта
Cөздердің байланысу түрлері
Cөздердің байланысу түрлері
Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысуының бес түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу
қиысу
матасу
меңгеру
қабысу
жанасу
Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы арқылы белгілі бір жақта және жекеше, көпше түрде байланысуын қиысу дейміз.
Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысуын матасу дейміз.
Сөздердің септік жалғауларының (іліктен басқа) бірінде тұрып не шылау арқылы байланысу түрі.
Сөздердің жалғаусыз, қатар тұруы арқылы байланысу түрі. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді.
Сөздердің орны таңдамай, бірде жақын, бірде алшақ тұрып байланысуы.
Мен (1 жақ бастауыш) өтермін, кетермін (баяндауыш), Жоқтарсың мені бір кезде (Ш. Құдайбердіұлы)
Құптадың оның сөзінөзің тағы, Надандықтың белгісі ол баяғы (Ш. Құдайбердіұлы)
Күндіз-түнібелдеу мен арқаннан ешкімнің де аты кетпейді (М. Әуезов).
Күншілдік найза түйрелген, Қызыл тілім, кел бері! Мұндағы қызыл тілім деген берік орын тәртібі арқылы байланысқан.
Жаз бойы жалғыз тіршілік етті (М.Әуезов). Сөйлемдегі жаз бойы тіркесі тіршілік еттісөзімен арасына сөз салып та жалғыз тіршілік етті болып қатар тұрып та байланысады.
5- тапсырма: Сөздердің байланысу түрлерімен танысып, өз мысалдарыңды келтір.
5- тапсырма: Сөздердің байланысу түрлерімен танысып, өз мысалдарыңды келтір.
6- тапсырма: Қалдықтарды өндіру жайлы шетелдердің тәжірибесі жайлы ақпарат тауып, өз сөзіңмен жаз.