Бөлімі: Мүсіндеу Тақырыбы: «Жолдағы кірпі» Мақсаты



Дата09.02.2023
өлшемі15,46 Kb.
#66363
Байланысты:
Жолдағы кірпі технологиялық карта


Ортаңғы «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялықкартасы


Күні : 05.10.2016 ж
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Жолдағы кірпі»
Мақсаты:
Білімділік: балаларға кірпі туралы мағлұмат беру; Дамытушылық:ермексаз бен шырша қылқандарын пайдаланып, кірпі пішінін жасауды меңгерту.ермексазды алақан арасына салып домалақтай алу
тәсілін үйретуді жалғастыру, тілдерін дамыту,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын
жетілдіру.
Тәрбиелік:жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: кірпінің суреттері, ермексаз, тақтайша,
шырша қылқандары, сулық, үлестірмелі материал, ойыншық қоян.
Алдын ала орындалатын жұмыс: кірпінің күзгі тіршілігі туралы әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: ғажайып.
Қостілділік компонент:жол – дорога, кірпі – ежик.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің-қызметі

Балалардың -қызметі



Мотивациялық-
қозғаушылық

Ғажайып сәт
Тәрбиеші балаларға орманнан ақылды ақ қоян келгендігін, ол өзінің досы туралы балаларға жұмбақ жасырғысы келіп тұрғанын айтады.
Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Доп – домалақ, арқасы мың тікенді.
Ашуланса аяғын көрсетпейді,
Көресің көз салсаң бір ғажайыпты.



Балалар қоянмен сәлемдеседі.


Балалар да өздерінің достары жайлы әңгімелейді.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.


Жауабы: кірпі.



Ұйымдастыру-
шылық-ізденістік

Сөздік жұмыс:ғажайып.
Қоян шынымен кірпімен дос екенін айтады.
Тәрбыиеші балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып, кірпі туралы мағлұмат береді.
Кірпі – жабайы, ол орманда өмір сүреді.
Қыс бойы жергетүскен қалың жапырақ астында ұйықтап жатады. Кірпінің денесі тікенекті болады, төрт аяғы, екі көзі мен құлағы бар. Жауын көрсе, аяқ –қолын жинап домалана қалады.
Кірпі денесінің сипатына талдау жасалынады.
-Балалар, кірпіні мүсіндесек қайтеді?
-Кірпіні мүсіндеу үшін ермексаздың қандай түсін аламыз?
Қостілділік компонент:жол – дорога, кірпі – ежик.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
-Алдымен ермексазды алып, оны домалақтаймыз. Домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз.
Созу арқылы тұмсығын шығарамыз. Кішкентай дөңгелектер жасап, тұмсығының үстіне, көзінің орнына жапсырамыз.
Тікенектерін шырша қылқанынан жасаймыз.Тікенектер ермексазға оңай қадалады.салмайды
-Шырша қалқандарымен жұмыс қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?
-Кірпі көбіне қай жерлерде болады?
Балалардың назарларын қолдарына үлестіріп берген сюжетті суретке аударады.
-Суретте не бейнеленген?
-Орманның ішіндегі жолды көрдіңдер ме?
Жасаған кірпілеріңді осы жолға орналастырыңдар.Балалар мен жеке жұмыс жүргізеді.



Қайталайды: ғажайып.

Балалар кірпі суреттерін тамашалап,ол туралы өздерінің білгендерін баяндап береді.


Тәрбиешіні тыңдайды, жауап береді.


-Кірпінің денесі сопақша болады.Денесінен кішкентай тұмсығы шығып тұрады.Аяқтары кішкентай. Қалың тікенінеңа аяқтары көрінбейді.

Мүсіндеуге ынта білдіреді.


-Сұр немесе қара түсеі ермексазды аламыз.


Балалар қайталайды.

Балалар педагогпен бірге іс – қимылды қайталайды


.

Үшкір затты өзінің, басқа да адамдардың көзіне жақындатуға


болмайды. Ауызға салмайды. Жерге
тастауға болмайды.
Үлестірмелі материалға қарап, жауап береді.

Орман көрінісі бейнеленген.


Балалар жасаған кірпілерін жолдың үстіне қояды.





Рефлексиялық – түзетушілік

Балалар, кірпі бұл жолмен қайда бара жатыр деп ойлайсыңдар?
Ормандағы кірпі туралы өздерің шығып әңгіме құрастырып көріңдер.
Қоян балаларға ризашылығын білдіреді.

Балалармен қоштасады.



Кірпі орманға бара жатыр.

Балалар өздері құрастырған әңгімелерін айтады.
Қуаныштарын білдіреді.

Қоянмен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:
Біледі: ермексазды алақан арасына салып домалақтайды, сопақша пішінге келтіреді, созып
тұмсығын шығару арқылы кірпіні мүсіндейді.
Игерді: қауіпсіз жұмыс істеуді, кірпінің тіршілігі туралы мәліметті.
Меңгерді: оқу іс –әрекеті барысында алынған дағдыларды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет