1. №1. Иммундық жауап: жасушалық иммундық жауап кезінде жасушалардың кооперациясы


антигендер табылмайды, бiрақ өзiндiк iсiкерекшелiк антигендер кездеседi. Iсiкерекшелi



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата26.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#87039
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Иммунология рк2 ответы

антигендер табылмайды, бiрақ өзiндiк iсiкерекшелiк антигендер кездеседi. Iсiкерекшелi 
антигендер iсiк жасушаларының iшiнде де, бетiнде де орналасуы мүмкiн. Жасуша 
iшiндегi антигендердiң рөлi iсiкке қарсы тұру серпілістерде маңызды емес немесе рөлi 
өте аз болады, себебi иммунды жүйенiң оны тануына жетiстiгi жоқ. Iсiк жасушасының 
бетiнде орналасқан антигендердi тану өте оңай және ол арнайы иммунды жауапты 
тудыратын негiзгi бiр себеп болып табылады. Iсiкке қарсы иммунды жауаптың 
түзiлуiнде iсiкерекшелi трансплантациялық антигендер (ОСТА) маңызды рөл атқарады, 
олар адам iсiктерiнiң көптеген жасушаларында кездеседi және көбiнесе 
гистосәйкестiктiң әлсiз антигендер қатарына жатады. Олардың мөлшерi iсiк 
жасушаларының бетiнде қанша төмен болса, сонша ол iсiк қатерлi болады 
№25. Ісікке қарсы иммунитеттегі В-жүйесінің рөлі: 
ЖАУАБЫ: Гуморальды иммундық жүйе болып табылады. IgM түзіледі. IgM ісік 
жасушасымен байланысады, комплементті классикалық жолмен белсенеді. Литикалық 
комплекс ісік жасушасының мембранасын бұзады. Қантамырдан тыс ісік жасушалары IgM-
нің пентамерлі молекуласы тамыр қабырғасынан өтпейді. IgM-нің түзілуі IgG-е тез 
айналады. ICA әртүрлі, сол үшін IgG лизис тудыра алмайды. Ісікке қарсы иммунды жүйе 
әсері төмендеп, ісік өсуінің «иммунологиялық күшеюі» феномені байқалады. Оған қоса, 
цитотоксикалық Т-лимфоциттердің ісік жасушасын тануына кедергі жасайды. 
№26. Ісікке қарсы иммунитеттің жасушалық механизмдері 
ЖАУАБЫ:Қалыпты жетілген жасушалардың дамуы сатысында сәйкес беткері антигендері 
пайда болады (оның ішінде МНС антигендері), ал ісікке айналған жасушаның бетінде 
қалыпты антигендерден басқа өзгенген ісік ерекшелі антигендер пайда болаып жатады. 
Қалыпты жасушаның геномындағы онкогендер енімен немесе протоонкоген белсенумен 
себептелген өзгерістер нәтижесінде, жасуша ісікке айнала бастайды.Ісік 
трансформациясында ісік жасушаларында екі үрдіс бірдей жүреді: антигендік 
қарапайымдалу және антигендік күрделену. Ісік жасуша бетіндегі детерминанты бірінші 
класс МНС антигендермен бірге таныған СД8-лимфоциттер клондары, жетілген ЦТЛ ге 
айналып, оған цитотоксикалық әсерін көрсетеді.NK- жасушалары да цитотоксикалық 
арнайсыз әсер көрсетуші жасушаларға жатады. 
№27. Ісік пен иммундық жүйенің өзара әрекеттесуінің иммунологиялық ерекшеліктері 
Жауабы: Қатерлі ісіктің көбісі антигенді болады және оған қарсы арнайы иммунды жауап 
туғызады. Көптеген тәжірибелер арқасында ісік антигендеріне қарсы антиденелер, ал ісік 
тіндерінде цитотоксикалық лимфоциттер мен макрофагтары бар екенін дәлелденді. 
Қатерлі ісіктің көп жағдайда ісікке қарсы иммунды жауаптың тепе теңсіздігі қарама 
қайшылығы ерекше орын алады. Бұл ісік антигеніне төзімдіоік пайда болғанда және 
ауруларда кедергі факторлар табылғанда байқалады. 
№28. Вакциналар: Тұжырымдаманың анықтамасы, вакциналарға қойылатын талаптар 
Жауабы: Вакцинацияның негізгі мақсаты, жасанды имунитетті қалыптастыру. Вакцинадан 
кейін дамитын иммунитетте үш кезең ажыратылады. Бұл кезеңдер антидене түзілумен, 
сондай ақ жасушалық иммунитеттің де қалыптасуымен сипатталады. Бірінші жасырын 


кезең ол антиген енгеннен кейін антиденелердің, цитотоксикалық жасушалардың және 
баяу жоғары сезісталдылықтың эффекторлы пайда болғанға дейінгі уақыт. Бұл кезең 
бірнеше тәулікке созылады. Вакциналар: Тұжырымдаманың анықтамасы, вакциналарға 
қойылатын талаптар. Жалпы айтқанда, вакцина 
- бұл тамырға енгізілетін сұйық дәрілік зат, яғни тікелей қанға енгізу. Қан айналымы жүйесі 
арқылы өтетін кезде, вакцинаның компоненттері өз функцияларын дамыта бастайды, бұл 
жағдайда бізді қорғауға арналған ауруға төзімді ету үшін иммундық реакцияларды 
тудырады. Вакцинацияның негізгі мақсаты - жасанды иммунитетті қалыптастыру.
Вакциналарға қойылатын талаптар 
Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – санитариялық қағидалар) 
профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптарды белгілейді. 
2. Осы санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) вакцинаның «ашылған сауыты» – тығыны алып тастамай, вакцинаны шприцпен тесіп 
алып, инъекциялық тәсілмен енгізілетін вакцинаның құтысы; 
2) өлі вакциналар – өлі немесе белсенділігі жойылған микрорганизмдерден, сондай-ақ 
микробтық клетканың жекелеген компонеттерінен және олардың тіршілік әрекетінің 
өнімдерінен дайындалған вакциналар; 
3) тірі вакциналар – тірі микроорганизмдерден дайындалған вакциналар. 
3. Халыққа эпидемиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егулерді жүргізу және 
вакцинадан кейінгі асқынулардың тіркелуіне байланысты профилактикалық егулерді 
жүргізуді тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 
қаулысы бойынша жүзеге асырылады. 
4. Халыққа профилактикалық егулерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасында тіркелген 
және рұқсат берілген медициналық иммундық-биологиялық препараттар (вакциналар, 
анатоксиндер, иммуноглобулиндер) (бұдан әрі – ИБП) пайдаланылады. 
№29. Тірі аттенуацияланған, өлтірілген белсенді емес, синтетикалық вакцина түрлері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет