К І Р І С П Е
Объектті бағытталған программалаудың негізгі түсінігі және программаның элементі болып мәліметтердің жиынтығын, сондай-ақ оларға жасалатын әрекеттерді үйлестіретін объект болып табылады. Delphi тіліндегі қолданбалы бағдарламалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment) дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы бағдарламаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әр түрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отыры, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және бағдарламаны түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.
Delphi-дің IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады. Delphi оқиғалар бойынша басқарылатын объектті бағытталған, визуалды-программалау тілі болып саналады, және жалпы мөлшерде жобалаудың қазіргі құралдарына ұсынылатын жаңа талаптарға сәйкес келеді.
Бұл әдістемелік ңұсқауда жүйенің әр түрлі құралдарын пайдалану мысалдары келтірілген, әр түрлі мақсаттағы қолданбалы программалар өңделген, өзіндік жұмыстардың варианттары келтірілген.
1 1-Лабораториялық жұмыс «Сызықты алгоритмдерді бағдарламалау»
Лабораториялық жұмыстың мақсаты: визуалды ортаның негізгі элементтерін меңгеру, мәліметтерді енгізу/ шығару үшін DELPHI қарапайым құраушыларын пайдалануды меңгеру, және сызықты алгоритмді пайдаланатын қосымшаны құру.
Достарыңызбен бөлісу: |