1 1-Лабораториялық жұмыс «Сызықты алгоритмдерді бағдарламалау»


Оқиғалар Оқиғалардың сипаттамасы



бет3/11
Дата06.01.2022
өлшемі332 Kb.
#11881
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Оқиғалар

Оқиғалардың сипаттамасы

OnActivate

Форманы активтеу кезінде қалыптасады

OnCreate


Форманы құру кезінде қалыптасады. Берілген оқиғаның өңдеушісінде Форманы құру кезінде орындалатын әрекеттерді беру керек, мысалы бастапқы мәндерді орнату.

OnClick

Компонент аймағында тышқанның батырмасын басу кезінде орындалады.

OnDblClick

Компонент аймағында тышқанның батырмасын екі рет басу кезінде орындалады.

OnKeyPress


Пернетақта пернелерін басу кезінде орындалады. Key параметрі Char түрінде болады және басылған перненің ASCII-кодынан тұрады (Enter пернесі нің коды #13, Esc пернесінікі - #27 және т.с.с.). Әдетте бұл оқиға пернелердің бірін басу кезінде реакция қажет болған жағдайда қолданылады.

OnKeyDown

Пернетақта пернелерін басу кезінде орындалады. Бұл оқиғаның өңдеушісі басылған перне және Shift, Alt, Ctrl пернелерінің күйі , сондай-ақ тышқанның батырмасының басылуы туралы ақпарат алады .

Оқиғаның өңдеушісін құру үшін программист Объектілер Инспекторы терезесінің жоғарғы жағында компоненттер тізімін ашуы және қажетті компонентті таңдауы керек. Содан кейін, Объектілер Инспекторының Events бетінде, тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы өңдеушінің атын таңдауы және оның оң жақ (ақ) бөлігін екі рет шертуі қажет. Оған жауап ретінде DELPHI Код Редакторы терезесін активтейді және таңдалған оқиғаның өңдеу процедурасының дайындамасын көрсетеді. Әрбір өңделетін оқиға үшін модуль мәтінінде процедура (procedure) қалыптасады, бұның begin және end кілт сөздері арасында программист Object Pascal тілінде оқиға өңдеушісінің талап етілетін алгоритмін жазады.

Форма терезесі және Код Редакторы терезесі арасында ауысу негізгі меню батырмасы пиктограммасы арқылы немесе F12 пернесі арқылы орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет