1.1 DELPHI визуалды ортасы
DELPHI-ді жүктегенде экранда 1.1. суретте көрсетілген интерфейс панелі шығады. DELPHI ортасы монитор экранында біруақытта ашылатын бірнеше терезелер түрінде визуалды іске асырылады. Терезелердің саны, орналасуы, өлшемі және түрі программистпен өзгертілуі мүмкін.
Негізгі терезе экранда әрқашанда бар болады және қосымшаны құру үрдісін басқару үшін арналған.
Негізгі меню үрдісті басқару үшін барлық қажетті құралдардан тұрады.
Негізгі меню пиктограммалары көбінесе жиі қолданылатын командалармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
Компоненттер Палитрасы Форма терезесіне программистпен орналастырылған кейбір элементті (компонентті) сипаттайтын, DELPHI ортасының кітапханалық программалар жиынтығына рұхсатты қамтамасыз етеді. Әрбір компонент анықталған қасиеттер жиынтығынан тұрады, оларды программист өзінің көзқарасы бойынша таңдап алады және өзгерте алады. Мысалы, терезе аты, батырмадағы жазу, шрифтің өлшемі, түсі, түрі және т.б. Компоненттер қасиеттері HELP-та келтірілген .
Объекттілер Инспекторы терезесі таңдап алынған компоненттердің қасиеттерін өзгерту үшін арналған және екі беттен тұрады. Properties (Қасиеттер) беті компоненттердің қажетті қасиеттерін өзгерту үшін арналған. Events (Оқиғалар) беті– қандай да бір оқиғаға компоненттің реакциясын анықтау үшін арналған (мысалы, “тышқанның” батырмасын басу).
Форма терезесі жобаланатын Windows-қосымшасының интерфейсін ұсынады. Осы терезеге қосымшаны жобалау кезінде қажетті компоненттер орналастырылады, компоненттерді өңдеуші Компоненттер Палитрасынан алады. Жобаның әрбір Формасына модуль (Unit) сәйкес келеді, оның Object Pascal тіліндегі мәтіні Код редакторы терезесіне орналастырылады.
Код Редакторы терезесі жоба модулінің мәтінін көру, құру және редакторлау үшін арналған. Бастапқы жүктемелеуде Код Редакторы терезесінде Windows-қосымшасы ретінде бос Форманың қалыптасуы үшін операторлардың минималды жиынтығынан тұратын модуль мәтіні болады. Форма терезесінде кейбір компонентті орналастыру кезінде, модуль мәтіні автоматты түрде қажетті операторлармен толықтырылады.
Форманы құру, клавиатура пернесін немесе тышқан батырмасын басу, т.б. сияқты жүйеде орындалатын барлық оқиғалар туралы Windows ядросы терезелерді қажетті хабарламаларды жіберу арқылы ақпараттайды. DELPHI ортасы оқиғаларды өңдеушілер көмегі арқылы хабарламаларды қабылдайды және өңдейді (мысалы, “тышқан” батырмасын басу– OnClick оқиғасы, Форманы құру – OnCreate). Көбінесе жиі қолданылатын оқиғалар 1.1. кестеде ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |