1.2 Қосымшаны құру мысалы
Тапсырма: Келесі шаманы есептеу үшін Windows-қосымшасын құру .
Берілген x, y және z сандық мәндерін интерфейс панелінің сәйкес өрістеріне пернетақтадан енгізу. Құрастырып жатырған қосымшаның интерфейс панелінің мүмкін варианттарының бірі 1..2. суретте көрсетілген.
1.2.1 Жобаны сақтау
Қосымшаны жобалау үрдісі кезінде DELPHI бірнеше файлдарды құрады - жоба. Әрбір жобаны алдын ала құрылған жеке папкаға сақтаған дұрыс. Windows сәйкес келетін қосымша көмегімен папка құрып, оны LAB1 деп атайық.
Жобаны сақтау үшін негізгі менюдан File пунктін ашыңыз және “тышқанды” Save Project As…(Сохранить проект как…) опциясында шертіңіз. DELPHI бірінші жоба модулін сақтау үшін Save Unit1 As (Сохранить модуль как) диалог панелін ашады. Осы панелден құрылған LAB1 папкамызды табамыз және соның ішіне модульге, мысалы UnLinAlg ат беріп сақтаймыз. Көңіл қойыңыз , DELPHI бұл файылға үнсіздік бойынша *.pas кеңеюі бар Delphi unit типін меншіктейді. Сонан соң Save Project1 As диалог панелі ашылады . Жобамызға, мысалы, PrLinAlg ат беріп осы папканың ішіне сақтайық. Бұнда DELPHI файлға Delphi project типін және *.dpr кеңейтілуін береді. Назар аударыңыздар, енді DELPHI негізгі терезесі PrLinAlg, жобаның негізгі файл терезесі- PrLinAlg.dpr, ал жоба модулі терезесі- UnLinAlg.pas деп аталады.
DELPHI ұсынатын бірқалыпты Unit1 және Project1 орнына, файлдарға мағынасы бар ат беруге тырысыңыздар.
Авариялық, мысалы тоқ көзінің сөніп қалуы немесе жүйенің істен шығып кетуімен және т.с.с. байланысты жағдайларда жоба файлының жоғалуын болдырмау үшін, негізгі менюдің пиктограммасын немесе File менюынан . Save All опциясын пайдаланып периодты түрде жобаны сақтау ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |