№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата14.02.2017
өлшемі6,89 Mb.
#4086
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

ҚорытындыЖүсіпбек Аймауытов ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ерекше 
құбылыс  –  психологиялық  роман  жанрының  негізін  қалаған  шебер  суреткер. 
«Қартқожа»  романы  дәуірдің  аумалы-төкпелі  тарихының  көркем  көрінісі,  әдемі 
жанры,  тылсым  сыры  секілді.  Басты  кейіпкер  Қартқожаның  өмір  жолы  қарапайым 
қазақ баласының басынан кешкен хал-ахуал, жаңа заман адамының қалыптасу жолы. 
Жазушы өз кейіпкерін үлгі ете отырып, оны қоршаған ортаның да сыр-сипатын 
барынша  нанымды түрде танытады. Әр заманның өз геройы бар. Халықтың қамын 
ойлайтын,  жоғын  жоқтайтындар  кімдер?  «Ел  үшін  күйген,  еңбекті  сүйген» 
Қартқожа, Дәрмен сияқты жаны таза, арманшыл, иманды, батыр, батыл жастар қалай 
қалыптасады? Азаттықты асыл деп бағалайтын, әншілікті тәңір  сыйы деп, серілікті 
серік еткен сахараның еркін ұлдары қандай еді? Көшпелі өмір өркениетінде алаңсыз 
күн  кешкен  қазақтың  жаны  –  ән,  өнер.  Сол  рухани  өзектің  жарқын  сәулесі  де  осы 
«Қартқожа» романында жарқырап тұрғандай. 
Екі дәуір тоғысында есейіп, толысып, өз өміріне өзі басшы болып қалыптасқан 
жаңа заман адамы ретінде Қартқожа – үлгі-өнеге боларлық бейне. 
Өткен  ғасырдың  20-30-шы  жылдарындағы  қазақ  интеллигенциясының  өз 
халқына  көрсеткен  өлшеусіз  еңбегі  бар.  Жүсіпбек  Аймауытовтың  басты  табысы  – 
қазақ  жұртының  тарихи  кезеңдегі  рухани  тыныс-тіршілігін  қаз-қалпында  ешбір 
боямасыз мәндерінде көркем етіп суреттеуінде. 
«Әдебиет  – өмірді  танытатын қуатты құрал»,  - деп бағалаған А.  Байтұрсынов 
сөзі осыған айқын дәлел болып табылады. 
 
Әдебиеттер 
1 Қирабаев С. Әдебиеттің ақтаңдақ беттері. – Алматы, 1995. 
2 Ж. Аймауытов // Оқушы анықтамасы.  
3 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – 280 б. 
4 www.Google.kz. 
5  Исмакова  А.С.  Казахское  художественное  произведение.  Политика,  жанр, 
стиль. Начало ХХ века и современность. – Алматы: Ғылым, 1998. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
153 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ 
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ГЕЛАСИМОВА Александра, 
Березняковка орта мектебінің 10 сынып оқушысы, 
Зеренді ауданы, Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: БЕЛЬГИБАЕВА Нургуль Тезекбаевна, 
Березняковка орта мектебі «Тарих» пәнінің мұғалімі
Зеренді ауданы, Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҚТАРЫНДАҒЫ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қазақ жері дархан дала шалқар көл
Қазақ елі дария көңіл, думанды ел. 
Қазақ халқы кең пейілді асыл жан, 
Қонақтарын құдайындай сыйлаған. 
Айналамын асыл текті бабамнан, 
Мақтанамын батырлар мен хандардан. 
Елі үшін қасық қанын аямай, 
Осынау жерді мұра етіп қалдырған. 
 
Аңдатпа.  Біздің  зерттеу  жұмысымызды  біз  Қасым  ханның  хандық  құрған 
кезіндегі  мәселелерді  қарастыра  келіп,  сол  кездің  заманына  байланысты  жазылған 
«Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағына үңіліп, оның ерекшеліктері мен сол 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
154 
кездегі  шешілген  мәселелерді  және  бұл  заңға  халықтың  бағыну  мақсатын  түсінуге 
тырыстық. Келесі «Есім ханның ескі жолы» және «Жеті жарғы» заңдар жинағының 
шығуы  мен  оның  ерекшеліктерін  әр  заңның  маңызы  мен  сол  заманға,  кезеңге 
байланысты  кіргізілген  өзгерістерді  тауып,  оны  толық  ашуға,  түсінуге  тырыстық. 
Бұдан біз әр кездің заманына байланысты заңдарға кейбір түзетулер мен өзгерістер 
енгізіліп тұрудың өз ерекшеліктері бар екенін және ол заман талабы екенін түсіндік. 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  қасық  қандары  қалғанша  өз  жері  үшін  оны 
өзінің  ұрпақтарына  мұра  етіп  қалдыру  мақсатында  жауларымен  күресе  отырып, 
тарихта  аттары  алтын  әріппен  жазылған  хандардың  заңдар  жинағын  зерделеп, 
зерттеу.  Қазақ  хандықтарындағы  заңдардың  ерекшеліктерін  біліп,  оның 
айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіну. 
Біздің  міндеттеріміз.  Елінің  ертеңін  ойлаған  хандары  туралы  тереңірек 
түсініп, қазақтың нағыз ер тұлғаларына еліктей отырып, ұлттық ұрпақ тәрбиесіндегі 
маңызына баса назар  аударып, тереңнен тану, талдау  – біздің басты міндетіміз. Әр 
заманның  қиын-қыстау  кездерінде  елін  қиындықтан  сүріндірмей  алып  шыққан 
тұлғаларымыз бар екенін біліп, оларды құрмет тұту – біздің парызымыз. 
Кіріспе.  Қазақ  хандығының  құрылуы  Қазақстан  аумағында  XIV-XV 
ғасырларда  болып  өткен  әлеуметтік-экономикалық  және  этникалық-саяси 
үдерістердің  заңды  қорытындысы  болды.  Тарихи  әдебиетте  В.В.  Вельяминов-
Зерновтан  бастап,  Шығыс-Дешті  Қыпшақтың  көшпелі  тайпаларының  бір  бөлігін 
Жошы  ұрпағы  Керей  мен  Жәнібектің  басшылығымен  Шу  мен  Талас  өзендерінің 
жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар. 
Қазақ  хандығының  құрылуы  қазақ  халқының  тарихындағы  төтенше  маңызды 
оқиға  болды.  Ол  ұлан-байтақ  өңірді  мекендеген  қазақ  тайпаларының  басын  қосып 
шоғырландыруда,  қазақтың  этникалық  аумағын  біріктуде,  қазақтың  байырғы 
заманнан  басталған  өз  алдына  жеке  ел  болып  қалыптасуын  біржолата  аяқтауда  аса 
маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. 
Қазақ  хандығының  нығаюы.  Тарихи  деректемелер  алғашқы  қазақ 
хандарының хандықтың  аумағын  кеңейтуге,  Сырдария  өңіріндегі  қалармен  Шығыс 
Дешті  қыпшақтың  қырдағы  аудандарындағы  өз  билігін  нығайтуға  бағытталған 
белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның 
құлдырауын  пайдалана  отырып,  Керей  мен  Жәнібек  XV  ғасырдың  60-жылдардың 
соңында  қазақтар  мекендеген  бүкіл  аумағын  біріктіру  жолында  ойдағыдай  күрес 
бастады. 
Сонымен  қазақ  жеріндегі  хандардың  елді  басқару  жолдары  оңай  болмағаны 
белгілі.  Әрбір  билік  басына  келген  хандар  өз  аумағын  жауларынан  қорғауда  үлкен 
еңбек  сіңіргені  анық.  Сол  хандардың  бірі  және  бірегейі  Қасым  хан  десек,  шындық 
болар. 
«Қасым  ханның  қасқа  жолы»  заңдар  жинағына  тоқталайық.  Құқық 
(право).  Қасым  хан  өзі  билік  жүргізген  жылдары  қазақ  қоғамындағы  құқықтық 
нормаларды  реттеу  мақсатымен  алғашқы  қазақ  заңы  –  «Қасқа  жолды»  жарыққа 
шығарды.  Бұл  заң  қазақ  арасында  бұрыннан  қалыптасқан  әдеп-ғұрып  ережелері 
негізінде жасалды. 
Бұл  заң  сол  кезде  мұсылман  елдерінде  жаппай  қолданылып  жүрген  ислам 
дінінің  (шариғат)  заңынан  өзгеше,  көшпелі  қазақ  өміріне  үйлесімді  байырғы  заң 
болды.  Билердің  кеңесінде  көппен  ақылдасып,  «Жарғы  ережелеріне  («ақсақалдар 
ережесі»,  «ата-баба  жолы»,  «жөн-жосықтар»)  мәнді  өзгерістер  енгізеді.  Халық 
бұқарасы  Қасым  ханның  ежелден  қалыптасқан  билер  заңы  –  жарғыны  жаңадан 
көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
155 
«Қасым  ханның  қасқа  жолында»  негізінен  қай  заңға  мән  берілген? 
Өкінішке  қарай,  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»  атты  заңдар  жайында  тек  ауыз 
әдебиеттерінде  ғана  айтылады.  Сондықтан  олар  туралы  қазақтың  кейінгі  Ата 
заңдары негізінде жормал ғана жасай аламыз. 
Ә.  Марғұлан  «Қасым  ханның  қасқа  жолының»  негізі  сонау  орта  ғасырларда 
қыпшақ,  шағатай  ұлыстары  қолданған  «яргу»  заңынан  алынған  деп  көрсетеді. 
Көрнекті  қазақ  заңгері,  академик  С.  Зимановтың  пікірі  бойынша,  «Қасым  ханның 
реформалары ғасырлар бойы тұтастай қалыптасқан көшпелілер өмір салтына нұқсан 
келтірместен  белгілі  бір  жаңалықтар  енгізді,  әрі  олар  көлемді  болды».  Сонымен 
қатар, олар: «Жаңалығымен бірге, көшпелі қауымдарда күші бар немесе бір кездері 
күші  болған  ел керегіне жарайтын, құқықтық нормаларды жаңа тілектерге сай етіп 
қолдану  тәртібіне  арналған  ережелер  болды»,  -  дейді  құқықтанушы  ғалым.  Олар 
жалпылама емес, заңдылық пен тәртіпті, қазақ мемлекеттігі мен Елбасының беделін 
нығайтуға  бағытталған,  қоғамдық  саяси  қатынастардағы  демократиялық  және 
азаматтық  қағидаларды  нығайту  мақсатында  жасалды.  Мәселен,  ол  жаза  шарасы 
ретінде өлім жазасын шектеді. 
Ертеректе  ол  Шыңғысханның  «Яссасы»  бойынша  да,  көрші  ордалар  мен 
мемлекеттердің  бірқатарының  заңдары  бойынша  да  жазалаудың  кең  тараған  түрі 
болып  есептелген.  ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген  атақты  билердің  айтуына  қарағанда, 
қалдырған өлім жазасы ол «керуен соғу» деп аталатын өлім жазасы. 
Қасым  хан  сонымен қатар  Шыңғыс хан  ұрпақтары  мен  рубасыларының  өзара 
қарым-қатынастарын  реттейтін  бірқатар  нормаларды  енгізген.  Қасым  ханның 
заңдары бес бөлімнен тұрған деп жазады Ғ.Сапарғали мен Қ. Жүкеш. Оның бірінші 
бөлімі мал, мүлік және жерге байланысты баптарға, екінші бөлімі қылмыс пен жаза, 
үшінші бөлімі әсери қызмет тәртібі мен оны бұзғандарды жазалау тәртібі, төртінші 
бөлім халықаралық қатынастар тәртібі, бесінші бөлімі түрлі дәстүрлерге арналған, С. 
Зиманов  пен  Н.  Өсеров  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»  атты  заңдарға  шариғат  әсер 
еткенін жазған. 
Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мыналар: 
1. Мүлік заңы (мал-мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері); 
2.  Қылмыс  заңы  (кісі  өлімі,  ел  шабу,  мал  ұрлау,  ұрлық  т.б.  қолданылатын 
жазалар); 
3.  Әскери  заң  (қосын  құру,  аламан  міндеті,  қара  қазан,  тұлпар  ат,  ердің  құны 
т.б.); 
4.  Елшілік  жоралары  (шешендік,  әдептілік,  халықаралық  қатынастардағы 
сыпайлық, сөйлеу мәнері); 
5.  Жұртшылық  заңы  (шүлен  тарту,  ас-той,  мерекелер  мен  жиындардағы 
ережелер, жылу, асар т.б.). 
Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын 
дүниеге әкелді. 
Қасым  хан  туралы  алғаш  зерттеген  кімдер  еді,  бүгінде  кімдер  зерттеп 
жүр? Ортағасырлық тарихи деректерде ең көп аталатын қазақ билеушісі Қасым хан, 
онсыз  Қазақ  хандығы  тарихын  жазу  да  мүмкін  емес.  Сондықтан  Қазақ  хандығы 
тарихы  зерттеле  бастағаннан  бері  ғалымдар  Қасым  хан  туралы  жазып  келеді.  Ол 
жайында  В.В.  Вильяминов-Зернов,  А.И.  Левшин  (Арслан  хан  деп  жазды),  Н.И. 
Красовский, В.В. Бартольд, А.П. Чулошников, М. Тынышпаев, С. Асфендияров және 
көптеген өзге де ғалымдардың жұмыстарында жазылды. 
Қазіргі  кезде  Қасым  хан  туралы  жазып  жүрген  ғалымдардан  Т.И.  Сұлтанов, 
К.А. Пищулина және А.И. Исинді ерекше атауға болады. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
156 
Қасым хан салған қасқа жолдан кейінгі заңдар жинағы «Есім хан салған 
ескі  жол» деп аталған.  Тарихымызда  «Қасым ханның қасқа жолы»,  «Есім ханның 
ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысы»  атты қазақтың әдет-ғұрып заңдарынын 
жинағы болғаны әмбеге аян. Алайда, осы күнге дейін бұл заңдардың түбі, мазмұны 
мен қамтитын мәселелері ғылымда мүлдем белгісіз болып келген. Ешкім, ешуақытта 
бұл  мәселені  арнайы  зерттемеген.  Сонымен  бірге  қазақ  қоғамының  құқықтық 
мәдениетінің деңгейін сипаттауда маңызы зор. 
Көптен  бері  ізденіс,  зерттеулер  жүргізу  нәтижесінде  қазақ  халқының  әдет-
ғұрып  ереже-заң  нормалары  жайында  біркелкі  тұжырымдарға  жарарлық 
мағлұматтар  жиналды.  Солардың  бірі  –  XX  ғасырдың  басында  өмір  сүрген,  бүкіл 
Орта  жүзге  аты  әйгілі  Саққұлақ  бидің  колжазба  жинағы.  Тағы  басқа  да  жиналған 
деректерге  сүйене  отырып,  оны  баласы  Ералы  өз  түсініктерімен  кезінде  бізге 
тапсырған. 
Есім хан қазақтарға 1598-1628 жылдары хан болған. Ол өзінен бұрынғы Орыс 
хан,  Қасым  хан  жасаған  әдет-ғұрып  заң  нормаларын  қайта  қарап,  өз  дәуіріне 
ылайықты  етіп  түзеген.  Өзінің  мазмұнына  қарай  құн  дауы,  жер  дауы,  жесір  дауы, 
мал  дауы  секілді  күрделі  тараулардан  құралады.  С.  Зимановтың  «Қазақтың  ата 
заңдары»  кітабының  ІV  томында  жазылғандай,  «Есім  ханның  ескі  жолы»  бір  тұтас 
құжат  емес,  «Есім  ханның  ескі  жолы»  Есім  хан  билігі  тұсында  (1598-1628)  түрлі 
кезеңде  қабылданған,  Шыңғыс  ханның  «Яссасы»  немесе  Тәуке  ханның  «Жеті 
жарғысы» секілді заңдар жинағы топтамасы емес. 
Есім  ханның  қол  астына  қарайтындар  және  оның  кейінгі  ұрпақтары  Есім 
ханның  жаңалығына  «Есім  ханның  ескі  жолы»  немесе  «Есім  хан  салған  ескі  жол» 
деген ерекше атау берген. Бұл Есім ханның саяси қызметі мен оның негізгі құқықтық 
ережелерінің  мағыналы  атауы.  «Есім  ханның  ескі  жолы»  дәстүрлі  қазақ 
қоғамындағы  әдет-ғұрып  заңдарының  жиынтығы.  Оның  негізі  Қасым  хан  (1511-
1521) тұсында сұрыпталған («Қасым ханның қасқа жолы»). 
Бастапқы  кезде  әскери-жарғылық  сипатта  жасалған  бұл  жобаларды  Есім  хан 
жаңғыртып,  халық  арасында  жаппай  қолдануға  тырысқан.  Есім  хан  билігі  тұсында 
күнделікті көшпелі тұрмыстағы даулы мәселелерді шешуде, азаматтық, қылмыстық 
істерді қарауда, әскери отбасылық қарым-қатынастарда ата-баба жолы басшылыққа 
алынды. Есім хан ғасырлар бойы сұрыпталып, орныққан осынау жол-жоралғы, әдет-
ғұрып  жосындарын  өз  заманының  әскери-саяси  және  әлеуметтік  қажеттіліктеріне 
орай  жетілдіріп  жүйеледі.  Оны  халық  «Есім  ханның  ескі  жолы»  деп  атаған.  Дау 
шешіп, төрелік айту құзыретін иеленген би-қазылардың оны білуі міндетті саналған. 
Ежелден-ақ қазақ қоғамындағы күрделі  даулардың бірі  – кісі өлімі.  Кісі өлімі 
үшін құн алынған. Есім хан шығарған арнайы заң бойынша өлген кісіге өлтіруші жақ 
құн төлеуге міндетті. Ер адамның құнына жүз жылқы, алты жақсы (6 түйе) кесілген. 
Ол  барлық  еркек  үшін  бай,  кедей,  жас,  кәрі  демей  бәріне  бірдей  сол  дәуірде  бұл 
алынған негізгі құн өлшеуінен артық құнның мынадай түрі болған: 
1. Өнер  құны.  Оған  жүлде  алған  атақты  адамның  құны  жатады.  Жүлде  алған 
деп,  жұртқа  белгілі  ақындар  мен  топқа  түсіп,  бәйге  алған  балуандар  есептеледі, 
олардың құны үшін екі кісінің құны (200 жылкы, 12 түйе) кесілуі керек. 
2. Сүйек құны. Оған өлген кісінің сүйегі үшін төленетін құн жатады. Мысалы, 
өлген адамның сүйегі туған-туысқанының қолына түспей, жоқ болып кетсе, ол үшін 
екі адамның құнын төлеулері керек. 
Бұл  екі  түрлі  құнды  үстеме  құн  деп  атаған.  Кісі  өліміне  құн  төлеу  жайында 
жоғарыда айтқан ойымызды бізге келіп жеткен «Есім ханның көкаласы бір-ақ бесті» 
деген қағида толық дәлел бола алады. Ұры ұрлап кеткен Есім ханның көкала дейтін 
аты қанша жақсы, жүйрік жылқы болғанымен ас пен тойға қосылып, бәйге алған мал 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
157 
емес  екен.  Сондықтан  да  ұрыдан  төлеу  алғанда  төлеуге  бір-ақ  бесті  кесіпті.  Біз 
мұнан жұрт көзіне түсіп, белгілі болу, болмауына байланыстылығын көреміз. 
Әйел адамның құны «Есім ханның ескі заңы» бойынша қалың малдың шамасы 
бойынша өлшенген. Өлген әйелдің тұқымының қызына алатын қалың малы қандай 
болса,  сондай  мал  төлеуге  тиісті,  болмаса  қыз  орнына  өлтіруші  жақ  қалыңсыз  қыз 
беруі  керек.  Бұдан  бізге  белгілі  болғаны,  еркек  адамның  құнынан  айырма  әйел 
адамнын  құнының  әртүрлі  екендігі.  Бұл  қыз  әкесінің  әл-ауқатына  қарай,  қалың 
малдың мөлшеріне байланысты. 
Даудың  тексерілуі  кісі  өлтірушінің  аулында  өтеді.  Қылмыс  істеген  адамды  – 
қанды  қол,  құн  сұрауға  келген  адамдарды  даугер  деп  атайды.  Дауға  келген 
талапкерлерді ел болып күтіп алып, оларға шыққан шығынға руластары түгел ортақ 
болуы керек. Дауда сөйлеуге екі жақтың да белгіленген кісілері (шешендері) болады. 
Олар  тәртіп  бойынша  кезекпен  дауларын  айтып,  қағысады.  Ақырында  екі  жақтан 
бітімші (би) кісілер белгіленіп, олар келісімге келіп, шешімдерін айтады. 
Қазақ  қоғамындағы  екінші  бір  үлкен  дау  –  жесір  дауы.  Жесір  деген  сөз  әйел 
жынысының  ерсіз  бос  отырған  жігіне  тән  атау.  Демек,  қалың  беріп  атастырып 
қойған, бірақ ұзатылмаған қыз атастырылған ері өлсе, онда қалың мал төлеген елдің 
жесірі  болып  есептеледі,  сондай-ақ  ері  өлген  әйел  де  барған  елінің  жесірі  болады. 
«Ерден кетсе де, елден кетпейді» деген қағиданы берік тұтынуы, әйел тек ерінің ғана 
емес, бүкіл руының қарамағында болғанын айғақтайды. Дегенмен, Есім ханның заңы 
бойынша жесірге сол рудан адам таңдауына рұқсат етіледі. Егер таңдаған адамы бас 
тартса, онда әйелдің басы босап, қалың малы қайтарылады. 
Қазақ қоғамында мал-мүлік дауы да ерекше орын алған. Қазақ үшін байлық  – 
мал. Малдың еті, сүті – тамақта, жүні, терісі – киім, мал қазаққа көшсе – көлігі, мінсе 
–  жүйрігі,  яғни  малсыз  тірлік  жоқ.  Сондықтан  да  ескі  патриархалдық-феодалдық 
қазақ  қоғамында  қай  көшпендінің  болмасын  арманының  асқарларының  бірі  –  мал. 
Әрі қазақтар осындай байлықтарын (мал-мүлік) қатаң күзет қоймастан немесе құлып 
салмастан  ашық  қалдырулары  себепті  ұрлық  істеушілер  сонау  Шыңғыс  ханның 
«Ясса»  заңынан  бастап-ақ  қатаң  жазаланып  отырған.  Есім  хан  да  ұрыларға 
аяушылықпен қарамағаны хақ. 
Есім  ханның  заңында:  «Мал-дүние  ұрлаған  ұрылардың  ұрлық  үстінде  қолға 
түскендеріне: киімін тонап, көлігін аударып алған, қорлықпен байлап, сабап берген 
ақірет-азалары  жоқталмайды.  Егер  де  ұрының  денесінің  бір  жеріне  кемістік 
келтірілсе,  көзі  шықса,  қолы  сынса,  құлағы  кесілсе,  сақалы  жұлынса,  т.б.  ол  кезде 
зәбір беруші жағы ұрыға тиісті айыбын тартатын болады», - делінген. 
Есім ханның шығарған заңында жер-су, жайлау-қыстау, көшу-қону қоныстары 
туралы болып тұратын күрделі  дау-жанжалдарды шешуге белгіленген заңның жол-
жобалары  бар.  Есім  хан  занында  мұрагерлік,  мирасқорлық  мал  мөлшері  анық 
айтылған.  Мирасқорлыққа  бөлінетін  мал-мүліктердің  бөліну  мөлшері:  туған 
ұлдарына  –  екі  еседен,  туған  қыздарына,  баласыз  әйелдеріне  –  бір  еседен,  өгей 
балаларына  –  жарты  еседен,  есігінде  еншілес  болып  жүрген  құлы  яки  күңі  болса  – 
ширек еседен сыбаға тиісті. 
«Есім ханның ескі жолындағы» қызға төленетін қалың малдың кесімді мөлшері 
бес түрлі болған. Олар: 
1.  «Жүз  қырықтың  қалыңы»  –  жүз  қой,  қырық  қара  деген  кесім  байлар  мен 
билердің қызының қалыңы; 
2. «Жүз жиырманың қалыңы» – жүз қой, жиырма қара деген кесім одан кейінгі 
орташа қызының қалыңы; 
3.  «Қырық  жетінің  қалыңы»  –  жеті  қара,  кырық  қой  деген  кесім  (байлардың, 
билердің «қатын үстіне» алатын кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы); 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
158 
4.  «Он  екі  қара»  –  «дөңгелек  қалың»  (қатыны  өлгендердің  кедейдің  қызын 
айттырғанда төлейтін қалыңы); 
5. «Сегіз қара» (жарлы-кедейлердің бір-бірімен құда болып қызын айттырғанда 
төлейтін қалыңы). Әйел құны да осы кесімге орай шешіліп отырған. 
Есім  хан  билік  еткен  тұста  қазақ  хандығының  әскери  қуаты  күшейді.  Ел 
билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар туралы ережелер жинағы – «Есім ханның 
ескі  жолы»  қазақ  елінде  ХІХ  ғасыр  ортасына  дейін  сақталып,  қызмет  етті.  Есім 
ханның  тұсында  қазақ  халқы  арасындағы  жеті  атаға  дейін  некеге  тұрмау  тәртібі 
заңдастырылғаны  туралы  айтылады.  Есім  хан  қазақ  халқының  ата  салтының 
сақталуына  шешуші  мән  берді.  Қазақ  хандығының  бірлігін  нығайтып,  шекарасын 
кеңейтуге үлкен үлес қосты. 
Келесі  заңдар  жинағы,  бұл  –  Тәуке  ханның  «Жеті  жарғысы».  Тәуке  билік 
құрған уақытқа қатысты, бүгінгі бізге белгілі ел аузындағы аңыздардың барлығында 
ХVІІІ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  қазақ  қоғамындағы  әлеуметтік  қатынастарды 
іс жүзінде ретке келтірген дала заңдарының рөлі күшейгені айтылады. Солай болса 
да,  қазіргі  уақытта  тарихшыларға  орта  ғасырдағы  даланың  бір  ғана  заңдық 
ескерткіші  –  «Жеті  жарғы»  немесе  «Жеті  анықтау  жинағы»  белгілі.  Ол  ғылыми 
әдебиетте «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. 
Қазақтың  заңгер  ғалымдары  Тәуке  ханның  заңдарына  қатысты  «жарғы» 
ұғымының 10 түрлі мән-мағынасын ашып көрсетеді. Соның бірінде: «Жарғы» қазақ 
арасында  кең  тараған,  ғасырлар  елегінен  өткен  «Жол»  («Жаза»,  «Жарғы»,  «Қасым 
ханның  қасқа  жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»)  негізін  қуаттайды  және 
жетекшілікке алады», - деген анықтама бар. 
«Жеті жарғыда» көрініс тапқан сол кезеңдегі тұрмыс жағдайлары мен көшпелі 
қоғам  қайшылықтарының,  олар  пайдаланған  құқықтық  әдеттер  мен  нормалардың 
жиынтығы  ел  аузындағы  аңыздарда  Тәуке  хан  мен  оның  жақын  адамдарының 
заңдық бастамасы ретінде баяндалады. 
Қазақ  заңдарының  жинағы  ұрпақтан-ұрпаққа  тек  ауыз  екі  түрде  ғана  беріліп, 
жазбаша  нұсқасы  жетпеген.  «Жеті  жарғыны»  құрастыруға  барлық  үш  жүздің 
өкілдері  қатысқан,  онда  көрсетілген  құқықтық  нормалар  жиынтығы  бүкіл  дала 
бойынша бүкіл Қазақстан көлемінде қолданыс тапты деуге негіз бар. 
Бұл  заңдық  жаңалықтарды  қазақ  жүздерінің  ішінде  әлеуметтік  жүзеге 
асырушылар – билер болды. Бірқатар аңыздарда Тәуке хан өзінің саяси қызметінде 
бірнеше ықпалды билерге сүйенген деген сөз кездеседі. 
Қазақ  хандығындағы  көшпелі  қоғамда  саяси  көсем  анағұрлым  жоғары 
қызметте болып, басқа хандарға, сұлтандар мен билерге қарағанда басты қамқоршы 
рөлін атқарған Тәуке хан болғаны сөссіз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет