Зерттеу пәні: Ғ. Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік
қызметін өзі өмір сүрген және қызмет еткен қоғамның дамуымен байланыстыра
зерттеу, саяси көзқарасына талдау жасау.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі қайраткердің дүниеге келуінен бастап
қуғын-сүргін құрбаны ретінде мерт болған уақытына дейінгі, яғни 1902-1925 жылдар
аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының деректік негізіне алынған мұрағаттық құжаттар,
баспасөз материалдары, жарық көрген деректер, естеліктер кеңінен пайдаланылып,
ғылыми айналымға тартылды.
Ғ. Мұратбаевтың өмірі мен қызметіне қатысты деректерді мынадай топтарға
бөліп көрсетуге болады. Деректердің алғашқы тобын мерзімді басылым
материалдары құрайды. Ғ. Мұратбаевтың қайраткерлігін, қоғамдық-саяси,
мемлекеттік қызметін ашып көрсетуде, ол өзі өмір сүрген кезіндегі қазақ, орыс
тіліндегі баспасөз материалдарын зерттеу жұмыстарымызда кеңінен пайдаландық.
Әсіресе, Ташкентте жарық көрген «Жас қайрат», «Жас алаш», қазақ зиялыларының
үнжариясы болған «Ақ жол» басылымдарының орны бөлек.
Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты бұрынғы кезде тарихи зерттеу
нысанына айналмаған тың құжаттық деректерді ғылыми айналымға ұсынған
тарихшылар С. Тілеуқұлов, Ш. Оразымбетовтің дайындаған құжаттар жинақтары да
дереккөз ретінде кеңінен пайдаланылды. Міне, бұл тарихнамалық шолулар өткен
ғасырдың 20-шы жылдарындағы Түркістан өлкесіндегі Ғ. Мұратбаев бастаған қазақ
зиялыларының қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметтерін зерттеудің
қажеттілігі мен ғылыми маңыздылығын аңғартса керек.
Ал оған талдау жүргізуде Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік
Мұрағаты (ӨР ОММ) қорларындағы №372 қор – «Түркістан АКСР-нің Халық
Комиссарлар Кеңесі», №34 қор – «Түркістан АКСР-нің Халық Ағарту
комиссариаты» атты қорларда сақтаулы жоғарғы және жергілікті орындарына тән
дерек көздері ерекше. Мұндағы құжаттық деректерден біз қарастырып отырған
кезеңдегі қазақ және мәдени деңгейін көтерудегі орны мен маңызы туралы біршама
мәліметтер аламыз. Мәселен, №34 қордағы құжаттарда өлкедегі мектептердің
салынуы мен оның халыққа білім беруі, халық ағарту орындарының ауылдар,
қышлақтар, аудандар, қалаларда жұмыс атқаруы, халық ағарту комиссариаты мен
оның бөлімдері, облыстық білім беру бөлімдері, басқармалар, коллегиялар,
жекелеген қызметкерлердің есептері, мектеп, педагогикалық және техникумдар мен
училищелер меңгерушілерінің, жекелеген мұғалімдердің мәлімдемелері мен хаттары
табылды. Сонымен қатар бұл қордан республиканың Халық Ағарту комиссариаты
коллегиясы, Кеңестік Халық комиссариаты, Орталық Атқару комитеті және
партиялық орындары басшыларының халық ағарту мәселесі бойынша шығарған
шешімдері мен бұйрықтары және нұсқаулары бар. Сонымен қатар қор бойынша
республикалық, облыстық, уездік, қалалық және аудандық партия, комсомол,
кәсіподақтың пленумдары мен әр түрлі деңгейдегі жиналыстарында жасаған халық
ағарту мекемелері, орта және жоғары оқу орындары қызметкерлерінің
баяндамалары, іс-шараларының жоспарлары, есептері, стенограммалары, сондай-ақ
қабылдаған қаулылары мен тезистері және тағы басқа да құжаттарға талдау
жүргізуге болады.
Деректердің тағы бір тобын Ғ. Мұратбаев туралы естеліктер құрайды. Зерттеу
жұмысымызда Ғ. Мұратбаев туралы Мардан Байділдаев, Асқар Тоқмағанбетов,
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
167
Нұртөре Жүсіп т.б. жазған естеліктері айналымға түсті. Сонымен, Ғ. Мұратбаевтың
өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы деректер қатарының аз емес екендігі
байқалды. Алайда, олардың көпшілігі деректанулық тұрғыда талданып, ғылыми
айналымға ендірілмеген.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысын
жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан
түбегейлі өзгерістерді негізге алдық. Танымдық мүмкіндіктердің көбеюі зерттеу
негізіне саяси, тарихи-мәдени, өркениеттілік тәсілді қолдануға жол ашты. Әрбір
өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін тану, оның бір тұтастығы, өзіне тән мәнге ие
тұрақты жүйе, өмірлік философиясы, құндылықтар жүйесі және тарихи-мәдени
дәстүрлерді, соған сәйкестендірілген халықтардың, жеке тұлғаның өмірі, әлеуметтік
және саяси институттары, ұлттық басымдылыққа ие ұсыныстар мен құндылықтарын
неғұрлым терең танып білуіне деген ұмтылыстарға әкелді.
Міне, осындай тәсілдерді пайдаланудың нәтижесінде жарық көрген ұлт
зиялыларының өмірі мен қызметін зерттеу мәселелері бойынша қалыптасқан жаңа
ғылыми тұжырымдамалар мен ұлттық ғылыми мүдде ұстанымдар негіз болып
табылады. Зерттеу әдістемелік негізіне ғылыми танымның жүйелілік, салыстырмалы
талдау және тарихи шынайылық ұстанымдары қолданылды.
Зерттеу барысында әдістемелік негізі мен тұғырнамалық ұстанымдарын
қалыптастыруда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына (18 ақпан, 2005
жылы) Жолдауындағы: «Ғылым халыққа қызмет ету керек», - деген сөзі басшылыққа
алынды. Сонымен қатар Орталық Азия мен Қазақстан өркениетіне қатысты
теориялық дүниетаным, қазақ халқының менталитетіндегі басты ұстанымдар, ұлттық
тәуелсіздіктің даму стратегиясы, кеңестік кезеңдегі таптық-партиялық әдіс-
тәсілдерден бас тарту – зерттеу жұмысының негізіне алынып, ұлт зиялысының
шынайы бейнесін сомдау арқылы, тарихи салыстырмалы, бүгінгі заман талабына сай
баға берудің шынайылығына қол жеткізуге мүмкіндік берерлік тәсілге жүгіндік.
Міне, сондықтан зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлерді,
тұжырымдарды, тың тарихи көзқарастар тұрғысынан жазылған зерттеулер басты
бағытымыз болды. Зерттеу барысында әдістемелік және теориялық негізіне
диалектикалық тарихи даму заңдылықтары мен жүйелілік, шынайылық
ұстанымдары мен қазіргі кезде қалыптасып келе жатқан тың бағыттағы ой-
пікірлерді, тұжырымдарды басшылыққа алдық. Сонымен қатар тарихилық,
өркениеттілік пен тарихи ұстанымдар мен концептуалдық ережелер, танымдық
теориялық негіздері алынып, жасалған тұжырымдар мен айтылған пікірлердің өзара
үйлесімділікте болуына басты назар аударылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеудің ғылыми жаңалығы алға
қойған міндеттің өзектілігінен, тарихнамалық зерттеулерден, яғни Отандық тарихта
Ғ. Мұратпаевтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметінің тарихы осы уақытқа
дейін арнайы тақырып ретінде шынайы тұрғыдан зерттелмеуінен туындайды.
Зерттеу жұмысының басты ғылыми жаңалығы – мәселенің кешенді түрде
зерттелуі. Зерттеу жұмысының негізіне – Ғ. Мұратбаевтың қоғамдық-саяси
қызментінің алуан түрі: үгіт-насихат жұмысы, қоғамның саяси-экономикалық
жағдайы туралы орталық үкіметке жолдаған талаптары тарихи ғылыми негізде жан-
жақты талдануында. Көптеген деректердің алғаш рет зерттеліп және олар ғылыми
айналымға алғаш енгізіліп отыруында. Сондай-ақ осы деректердің негізінде Ғ.
Мұратбаевтың өмірбаянына қатысты жаңа мәліметтер де анықталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы тың деректерді ғылыми айналымға тарта
отырып, Ғ. Мұратбаевтың қоғамдық-саяси ағартушылық, мемлекеттік қызметтерін
ұштастыра отырып қарастыруға әрекет жасалды.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
168
Ғылыми зерттеудің негізгі нәтежелері. Зерттей келе, ғылыми жұмыстың
мазмұнынан туындайтын ойлар жүйеленіп, тұжырымдары нақтыланды. Біріншіден,
Ғ. Мұратбаев еркіндік пен теңдікті жоғары бағалады. Оның қоғамдық
көзқарастарының қалыптасуына ол өзі өмір сүрген уақыттағы қоғамдағы ахуал
ықпалы болғандығы сөзсіз. Екіншіден, Ғ. Мұратбаевтың азамат болып қалыптасқан
кезеңі революция тұсындағы саяси-экономикалық реформалардың халыққа ауыр
тиген уақытымен тұспа-тұс келді. Қазақ даласында орын алған аштық – халықтың
сауатын ашу, басқа халықтармен теңесе алуға деген құштарлық оны тез есейтіп,
оның қоғамдық-саяси ортаға ертерек араласуына түрткі болған. Үшіншіден, оқу-
білімді, ең алдымен азаттыққа, бостандыққа қол жеткізудің негізі деп түсінген Ғ.
Мұратбаев – халықты, оқу, өнер үйрену арқылы оянуға үндеген, әлемге ойлы көзбен
қарауды ұсынған, саяси сананы қалыптастыруда «Жас алаш» газетін шығарған өз
заманының көреген көшбасшысы. Төртіншіден, ол қоғамдық күрес жолына түскен
жас қазақ зиялылары өкілдерімен бірге қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық
және саяси мәселелерін шешуге белсене араласты. Ұлттық мәні бар саяси-әлеуметтік
және мәдени мәселелерді көтеріп, шешуде мерзімді баспасөздің атқарар қызметінің
маңыздылығын Ғани Мұратбаев жақсы түсінді. Сондықтан да ол «Жас алаш» газетін
шығару ісіне көп күш жұмсап, баспасөз бетінде жалпыұлттық мәселелерді көтеруге
ұмтылды. Бесіншіден, Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеу
барысында көз жеткізетін бір шындық оның өз заманында – «Болашақ – жастардікі»,
- деп жастардың білім алып, әлеуметтік өркениет жолына түсуіне, саяси сананаң
өсіп-жетілуіне өз үлесін қосып, халқының өркениеттік жолға түсу үшін міндетті
түрде ғылым мен білім ең өзекті проблема екендігін алға тартады. Әйел теңдігі,
отырықшылық сияқты сан-салалы әлеуметтік келелі мәселелер төңірегінде айтылған
құнды пікірлерінің болуы және бұл идеялардың бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін де
мәнділігін жоймауы оның өміршеңдігін көрсетеді.
Жапы қоғамдық-саяси өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға белсене
араласқан Ғани Мұратбаев ХХ ғасырдың басындағы ұлттық ояну мен жаңғыру
идеяларына бой ұрған, ұлт мүддесін ойлап, өзінің халқына қалтқысыз қызметі
арқылы халқын ағартушылыққа шақырған қайраткер ретінде таныла білді. Ғани
Мұратбаевтың ар-ождан, моральдық қасиеттерді санаға сіңіріп, жеке адамдар
қалыптастыру арқылы мемлекетті нығайту, өркениетті деңгейге көтеру идеяларының
мазмұны мен мағынасы бүгінгі күні де өзінің мәнін жоймайды.
Әдебиеттер
1 Ғани Мұратбаев: зерттеулер мен құжаттар жинағы. – Алматы: Арыс, 2002. –
300 б.
2 Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты.
3 Тилеукулов С., Оразымбетов Ш. Первый Казахский институт в Ташкенте
(сборник документов и материалов). – Ташкент: ТГПУ им. Низами, 2005. - 160 с.
4 Жизнь и деятельность представителей казахской национальной интелегенции
в Туркестане / Сборник документов и материалов. – Шымкент: Южно-
Казахстанский госуниверситет им. М. Ауезова, 2004. – Ч. 2. – 276 с.
5 Айдосов А.Х. Ғажайып ғұмыр // Жас алаш. – 1992. – 3 маусым.
6 Енсепов Б.Б. Ғани Мұратбаев – тарих пен тағлым // Ғани Мұратбаевтың 110
жылдығына арналған аймақтық конференция материалдарының жинағы. – Қазалы,
2012.
7 Мұртаза М. Жалының барда жарқылда // Егемен Қазақстан. – 22.03. 2001.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
169
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ
НАУЧНОГО ЖУРНАЛА «ЕЛОРДА ҒЫЛЫМИ ХАБАРШЫСЫ
– НАУЧНЫЙ ВЕСТНИК СТОЛИЦЫ – SCIENTIFIC MESSENGER
OF THE CAPITAL» ПО СЕРИЯМ «ОБРАЗОВАНИЕ», «ЖУРНАЛИСТИКА»,
«СВЯЗЬ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ» И «ПОЛИТОЛОГИЯ»
Жолдасбекова Сауле Абдразаковна – доктор педагогических наук,
профессор кафедры «Теория и методика профессионального обучения» Естественно-
педагогического факультета Южно-Казахстанского государственного университета
имени М.О. Ауезова (Шымкент, Республика Казахстан)
Манов Борис Филипов – доктор философии, доцент кафедры Философские и
политические науки Философского факультета Юго-западного университета имени
Н. Рильского (Благоевград, Республика Болгария)
Нуртазина Роза Ауталиповна – доктор политических наук, профессор
кафедры политологии факультета журналистики и политологии Евразийского
национального университета имени Л.Н. Гумилева (Астана, Республика Казахстан)
Сандыбаев Жалгас Садуахасович – кандидат философских наук, доцент
кафедры «Социальная политика» Национальной школы государственной политики
Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан,
эксперт Департамента по делам религий города Астаны (Астана, Республика
Казахстан)
Федоров Александр Викторович – доктор педагогических наук, профессор,
зам. директора по научной работе Таганрогского института им. А.П. Чехова,
главный редактор журнала «Медиаобразование», эксперт Аналитического центра
при Правительстве РФ по проектам Комиссии при Президенте Российской
Федерации по модернизации и технологическому развитию экономики России,
эксперт Министерства образования и науки РФ, эксперт Европейского проекта по
медиаобразованию и медиаграмотности EMEDUS Европейского союза, член Союза
кинематографистов
России,
академик
Национальной
академии
кинематографических искусств и наук России (Таганрог, Российская Федерация)
THE EDITORIAL BOARD OF THE SCIENTIFIC JOURNAL
«ELORDA ĠYLYMI HABARŠYSY – NAUČNYJ VESTNIK STOLICY –
SCIENTIFIC MESSENGER OF THE CAPITAL» ON THE SERIES
«EDUCATION», «JOURNALISM», «PUBLIC RELATIONS»
AND «POLITICAL SCIENCE»
Zholdasbekov Saule Abdrazakovna – Doctor of Pedagogical Sciences, Professor
(Shymkent, Kazakhstan)
Manoff Boris Filipov – Ph.D., Associate Professor (Blagoevgrad, Bulgaria)
Nurtazina Rosa Autalipovna – Doctor of Political Sciences, Professor (Astana,
Kazakhstan)
Sandybaev Zhalgas Saduahasovich – Ph.D., Associate Professor (Astana,
Kazakhstan)
Fedorov Alexander Victorovich – Doctor of Pedagogical Sciences, Professor
(Taganrog, Russia)
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
170
МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ
1. «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы – Scientific messenger
of the capital» ғылыми журналының «Білім», «Журналистика», «Қоғамдық
байланыс»
және
«Саясаттану»
сериялары
бойынша
редакциялық
алқасы..............................................................................................................................4
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған
«Үздік педагог – зерттеуші» атты ғылыми, ғылыми-әдістемелік және
әдістемелік жұмыстар конкурсына түскен жұмыстар
2. Адамбаева А.С. Рационал сандарды қосу және азайту..........................................5
3. Айсариева П.А. Мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту тәсілі..............11
4. Жантаева Б.А. «Қазақ тілі» сабағында жаңа технологияларды тиімді
пайдалану......................................................................................................................13
5. Лепесбаева С.К. Активизация познавательной деятельности учащихся на
уроках химии................................................................................................................15
6. Нурпейсова С.К. Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі теңеулер................................21
7.
Шалғынбаева
Г.А.
Дарындылық
мәселесінің
ғылыми-әдістемелік
тұжырымдамалы негіздері...........................................................................................28
8. Шахиева Р.А. «Өлкетану» курсы бойынша сабақтар мен сабақтан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру..........................................................................................33
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған
«Колледж оқытушыларының үздік әдістемелік жұмысы» атты ғылыми,
ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар конкурсына түскен
жұмыстар
9. Нағашыбаева А.К. Ізденіс – алға жетелейді немесе «Қазақ тілі» пәні
бірлестігінің жұмыс тәжірибесінен............................................................................38
10. Шымырбекова А.М. Сұйытылған газ толтырушы станцияның технологиялық
сұлбасы, мақсаты және орналасуы.............................................................................50
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған
«Бастауыш сынып мұғалімдерінің үздік әдістемелік жұмысы» атты ғылыми,
ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар конкурсына түскен
жұмыстар
11. Мирманова А.А. «Ана тілі» пәні бойынша 4 сынып оқушыларымен өткізілген
ашық сабақ....................................................................................................................57
12. Нуртанева Ж.Ж. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдана
отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.....................................61
13. Орманова Г.Ғ., Қалжанова А.С. Шалқар ауданының экологиялық
жағдайы.........................................................................................................................63
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған
«Балалар бақшасы қызметкерінің үздік әдістемелік жұмысы» атты ғылыми,
ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар конкурсына түскен
жұмыстар
14. Ақынбекова Г.Б. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын атап өту аясында
мектепке дейінгі балаларды патриоттық сезімге баулу............................................67
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған
«Колледж студенттерінің үздік ғылыми жұмысы» атты ғылыми жобалар
конкурсына түскен жұмыстар
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
171
15. Орынбеков Д.Б., Бағыланбаева Н.Я. Вакуумдағы электр тоғын зерттеу
жұмысы..........................................................................................................................72
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған
«Үздік жас зерттеуші» атты ғылыми жобалар конкурсына түскен жұмыстар
Жаратылыстану ғылымдары
16. Балтабай А.Ә., Даулетбаева Г.Қ. Оқушылардың есте сақтау қабілетін
дамытатын тағам түрлері.............................................................................................79
17. Ескендір Н.Е., Амиржанова Ж.М., Бастар А., Қақарбаева Ж.Қ. Бөлме
өсімдіктері және олардың ерекшеліктері...................................................................87
18. Жарылқасын Ж.Ж., Шынтаева О.К. Астрофизикалық зерттеулер
обсерваториясы – жұлдыз әлемінің қайнар көзі........................................................91
19. Қуанышбек Ш.Қ., Ибраева С.Б. Кальцийдің пайдасы мол................................95
20. Пернеш Ш., Баймуратова К.Т. Ауа ластануы нәтижесінде пайда болатын
аурулар.........................................................................................................................100
21. Рузиева Н.А., Нұғманұлы Д., Алмас А.С., Дарменшеев Ж.М. Су – тіршіліктің
нәрі...............................................................................................................................104
22. Сәрсенбаева А.Н., Оңғарбаева С.Е. Мектеп формасына сәйкес бисерден
тоқылған алжапқыш...................................................................................................107
23. Сейдалы Ш., Қанатбек І., Жатқанбаева А.П., Ералиева С.М. Май, майдың
пайдасы мен шипасы..................................................................................................115
24. Турғанбек М.А., Сергази К.Д., Батыр Д.Е., Қалдыбекова С.М. Үй өсімдіктері
– адам өмірінде...........................................................................................................122
25. Шаутай Ә., Ахилбек А., Идияева Г., Таженова К.О. Құс жолы туралы не
білеміз?........................................................................................................................125
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
26. Абжан К.О., Ғалымжан Н.А., Мұхитқызы А., Пазыл И.Ж., Сейдахметова З.К.
Біздің астанамыз болған қалалар..............................................................................130
27. Әділет А.Ә., Алдауышева Ж.А. Қазақтың рухани көсемі................................136
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған
«Әдебиет әлемі – оқушы көзімен» атты ғылыми жобалар конкурсына түскен
жұмыстар
28. Мамедгасанова Э., Габибова М.Р. Голос Абая – голос народа........................141
29. Мұрзатай А.М., Қарабасова Р.С. Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа»
романының көркемдік ерекшеліктері.......................................................................145
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған
«Мәңгілік Ел тарихы» атты ғылыми жобалар конкурсына түскен жұмыстар
30. Геласимова А., Бельгибаева Н.Т. Қазақ хандықтарындағы заңдар жинағының
ерекшеліктері..............................................................................................................153
31. Жандосова Г.Ж., Жүсіпова М.Ж. Ғани Мұратбаев – тарихи тұлға.................162
32. Редакционная коллегия научного журнала «Елорда ғылыми хабаршысы –
Научный вестник столицы – Scientific messenger of the capital» по сериям
«Образование»,
«Журналистика»,
«Связь
с
общественностью»
и
«Политология»............................................................................................................169
33. The editorial board of the scientific journal «Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj
vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital» on the series «Education»,
«Journalism», «Public Relations» and «Political Science»..........................................169
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
172
Елорда ғылыми хабаршысы • ғылыми журнал
Научный вестник столицы • научный журнал
Scientific messenger of the capita
l • scientific journal
Жазылу индексі: 74643
Қолжазбалар әдеби өңделеді және қайтарылмайды.
Авторлардың көзқарасы, ұстанымы сақталады.
Жарияланымдағы деректердің нақтылығына авторлар жауапты.
Олардың байлам-тұжырымдары редакция көзқарасымен
сәйкеспеуі де мүмкін. Басылымда жарияланған материалдар
көшіріліп басылған немесе пайдаланылған жағдайда
«Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы
– Scientific messenger of the capital»
ғылыми журналына сілтеме жасалуы тиіс.
Біздің банктегі есепшоттарымыз:
KZT: «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы,
БИН 081240014093, ағымдағы банктік шот KZ47 9261 5011 5395 6000,
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, «Казкоммерцбанк» АҚ,
«Журналда ғылыми мақала жариялау».
Наши банковские реквизиты:
KZT: Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші»,
БИН 081240014093, текущий счет KZ47 9261 5011 5395 6000,
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, АО «Казкоммерцбанк»,
«Опубликование в научном журнале статьи».
Директор Жақып М.Қ.
Журнал «Зерттеуші» РҒБО қарасты
баспа орталығында беттеліп, басылды.
Басуға 09.12.2015ж. қол қойылды.
Пішімі 60х84/16. Қаріп түрі Times New Roman.
Ризографиялық басылыс. Көлемі 10,75 шартты баспа табақ.
Таралымы 300 дана. Тапсырыс №0912.
010000, ҚР, Астана қаласы, А. Янушкевич көшесі, №4 үй, №213 бөлме.
Достарыңызбен бөлісу: |