№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата14.02.2017
өлшемі4,57 Mb.
#4114
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 
Әдебиеттер 
1  Шәймерденов  Е.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  рәміздері.  – 
Алматы, 2001. – 58 б. 
2 Акишев К.А. Курган Иссык. – М., 1978. – 258 б. 
3  Байпаков  К.М.,  Подушкин  А.Н.  Памятники  земледельческо-скотоводческой 
культуры Казахстана. – Алматы, 1989. – 288 б. 
4  Байпаков  К.М.  Средневековая  городская  культура  Южного  Казахстана  и 
Семиречья. – Алматы, 1986. – 245 б. 
5 Шәлекенов У.Х. V-ХІІІ ғғ. Баласағұн қаласы. – Алматы, 2006. – 153 б. 
6  Қожаев  М.  Әзірет  сұлтанның  үш  мөрі  //  Жібек  жолы.  –  1991.  –  №3(4).  – 
Наурыз. 
7 Отырар. Энциклопедия. – Алматы, 2003. 
8 Ерофеева И.В. Cимволы казахской государственности. – Алматы, 2001. 
9 Вяткин М.П. Сырым батыр. – Алматы, 1951. – 399 б. 
 
 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
144 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ – ОҚУШЫ КӨЗІМЕН» АТТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ДАЙРАБЕК Бибінұр, 
Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: САҒЫМБАЙ Айнұр Кемалбекқызы, 
Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебі «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 
филология магистрі, Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
                         
 
 
 
СЫРЛЫ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ НЕМЕСЕ ЖАРАСҚАН ӘБДІРАШЕВТЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА 
 
Кіріспе.  Өткен  ғасырдың  60-шы  жылдарының  аяғы  мен  70-ші  жылдарының 
басында  қазақ  әдебиетінің,  оның  ішіндегі  өлең  өлкесі  өзгеше  құлпырып,  ерекше 
реңге  ие  болды.  Сол  жылдардағы  ақындардың  қай-қайсысының  да  тұлғасы  бөлек, 
екпіні ерек. «Кең дүние, есігіңді аш, мен келемін, алынбаған ақым бар сенде менің», 
-  деп Мұқағали келсе,  Жалғыз өзі  жатқан бір жұмбақ әлем  – Жұмекен шықты өлең 
төріне. 
Көк күмбездің түндігін жұлып тастап, қырандай самғап Қадыр, Сағи, Тұманбай 
келді поэзия әлеміне. Осындай ғаламаттардан кейін қолға қалам алып, жыр додасына 
қосылудың  өзі  қиямет-қайым  болатын.  Әйтсе  де,  замана  үдерісі  небір  дүлей 
таланттарды дүниеге келтірмей тұра алмайды екен. 
Соғыстан  соң  өртеңге  өскен  балаусадай  жас  ақындар  қаулап  шыға  бастады. 
Солардың бірі киелі сөзді, жүйелі тіркесті дүниеге әкелген де, поэзия тілімен халық 
аузына қалыптастырған да Жарасқан Әбдірашев еді. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
145 
Ақын  1948  жылы  7  наурызда  Қызылорда  облысы,  Арал  ауданы,  Аманөткел 
ауылында дүниеге келген. 
1963-1965 жылдары Қазалы ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 
1969  жылы  С.М.  Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің 
филология  факультетін  бітірген.  «Лениншіл  жас»  газетінің  әдебиет  пен  өнер 
бөлімінде, «Жалын» альманахының поэзия және сын бөлімінде редактор, «Жұлдыз» 
журналының сын бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 21 жасында КСРО 
Жазушылар одағының мүшесі болды. 
«Тамаша» ойын-сауық  отауында редактор болған. Жарасқан Әбдірашев өзінің 
шығармашылық жолында қазақ тілінің нәрін жоғалтпастан, ұрпағына таза қалпында 
жеткізіп, өлеңдерін туған халқына, еліне, жеріне арнап жазды. 
Ақынның  алғашқы  жыр  жинағы  –  «Тұңғыш  кітап»  1969  жылы  жарық  көрсе, 
онан  беріде  қазақ  лирикасы,  балалар  поэзиясы,  әдеби-көркем  сын  және  пародия, 
аударма саласында Ж. Әбдірашев 20-дан астам кітап басып шығарды. Солардың бірі 
– «Найзағайлы жаз» (1971), орысшаға аударған – Римма Казакова. Ж. Әбдірашевтің 
сауатты  әрі  кәсіби  аудармасының  арқасында  А.С.  Пушкиннің,  Поль  Элюардың,  А. 
Блоктың,  палестин  ақыны  Муин  Беистің  шығармалары  қазақ  оқырмандарының 
жүрегіне  жол  тартты.  Ол  жас  оқырмандарына  да  бай  мұрасын  қалдырды  –  Агния 
Барто,  Корней  Чуваковский  және  басқа  да  жазушылардың  туындылары  қазақшаға 
аударылды.  Өлеңдері  оқулықтар  мен  әдістемелік  нұсқауларға,  хрестоматияларға 
енген. Шығармалары «КСРО ақындар антологиясына» енген. «Қаладан келген қыз» 
атты естелік поэмасының желісімен көркем фильм түсіріліп, ол туында халықаралық 
фестивальдарда бас жүлделерді жеңіп алған. 
Сонымен  қатар  Жарасқан  Әбдірашев  қоғамдық  және  саяси  ортада  асқан 
белсенділігімен  назарда  болды  –  қазақ  ақыны,  сыншы,  аудармашы,  Мағжан 
Жұмабаев  байқауының  лауреаты,  Қазақстан  жазушылар  одағы  поэзия  кеңесінің 
төрағасы, Аграрлық партия ұйымдастырушыларының бірі. Жас таланттарға арналған 
кейін өзінің есімімен аталып кеткен жүлденің құрылтайшысы. 
Жасын жырдың жарқылы. Соғыстан соң дүниеге келген ақындар дүрмегінің 
ішіндегі  жасы  кішісі  Жарасқан  еді.  Сөйте  тұра  ол  әдебиет  әлеміне  таң  алдындағы 
жұлдыздай бірден жарқырап шыға келді. 
Өткен  ғасырдың  60-шы  жылдарының  аяғында  осы  күнгі  «Жас  Алаш»  газеті 
жас ақынның жырларын жарқырата жариялай бастады. 
Ақ бұлақтар! 
Алқынған Ақ бұлақтар! 
Қазір – Көктем, 
Алдың – Жаз, 
Шапқылап қал..., - деп екпіндейді. 
Өлең бірден жаныңды баурап, еріксіз еліттіріп, иіріміне тарта түседі. 
1970 жылдары қазақ поэзиясына өзіндік үн, ерекшелігімен келген ақындардың 
қатарында  Жарасқан  Әбдірашев  есімі  ерекше  аталары  хақ.  Ақын  лирикасына  тән 
ерекшелік асқақ пафос, өр екпін, шешендік толғамдар. 
Жарасқан  Әбдірашев  шығармашылығы  туралы  әдебиет  зерттеушілері  мен 
сыншылары  тарапынан  пікірлер  айтылып  келеді.  Әдебиетші  ғалым,  профессор  Б. 
Майтанов:  «Қазақ  поэзиясына  ХХ  ғасырдың  70-ші  жылдарына  қарай  еркіндей 
басып, еркелей келген дарынды жас Жарасқан Әбдірашев болатын», - дей келе, ақын 
поэзиясының  көркемдігі  мен  тілі,  шеберлігі  туралы  ой  қозғайды.  Ақынның  соңғы 
мұрасы – «Құлпытас немесе екі дүние: фәниден бақиға дейін...» атты жыр кітабы. 
Ұлттық  поэзиямызға  үлкен  жаңалық  болып  қосылған  бұл  жинақтағы 
эпитафиялық  өлеңдер  Жарасқан  қаламына  тән  рух  асқақтығын  барынша  айқын 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
146 
танытты.  Қайсарлық  пен  табандылық,  тәкаппарлық  пен  ірілік,  асқақ  пафос, 
шешендік  толғаныс  –  осының  бәрі  бірігіп  келіп  ақынның  романтикасын  нақтылай 
түсті.  Романтикаға  тән  «ерекше  жағдайда  ерекше  характер  жасау»  принципі 
Жарасқан Әбдірашевтің «Құлпытас» жыр жинағынан барынша көзге түседі. 
Қақ төрінен орын алар тарихтың, 
Есімдерін ерендер мен алыптың. 
Жазбау керек қағазға да, басқаға, 
Жазбау керек тіпті қара тасқа да, 
Жазу керек жүрегіне халықтың! 
Мен келдім бүгін сендерге – 
Өлеңімді алып бұлқынған! 
Мен келдім бүгін сендерге – 
Әлемімді алып сыр тұнған! 
Мен келдім бүгін сендерге – 
Тағдырымды алып тербеткен! 
Мен келдім бүгін сендерге, 
Жаңбырымды  алып  селдеткен!  –  деген  жолдарды  оқығанда  тебіренбей  тұра 
алмайсың. 
Жарасқан  –  лирик  ақын.  Жарасқан  Әбдірашевтің  романтикасы  реализммен 
астасып жатады. 
Ақынның  әр  жылдары  жарыққа  шыққан  жыр  жинақтарына  назар  салғанда, 
үздіксіз  ізденісті,  көтеріңкі  пафоспен  өрілген  шешендік  үлгідегі  поэтикалық  сөз 
тіркестерін  молынан  ұшыратамыз.  Мағжанға  тән  терең  сыршылдық,  адамның  ішкі 
болмысына  үңіліп,  оны  бейнелеп,  айшықтап  көрсету  тәсілі  ақын  лирикасында 
жаңаша қырымен түрленеді. 
Жарасқан  Әбдірашев  –  халық  тіршілігімен  қатар  толғанған  өзекжарды 
туындыларында туған дала тынысы мен туған тілдің құдіретімен үрдіс алған азамат 
ақын дәрежесіне көтерілді. Мұндай өрелі биіктікті алуда ақынға «көмекке келген» – 
көркем  айшықты  сөз,  шұрайлы  да  шұғылалы  ана  тілі.  «Айтқысы  келген  сырын, 
танытқысы  келген  шындығын  жан  тебірентер  әсерлі  суретке  айналдырып,  қағаз 
бетіне  көңілдегі  қалпынан  айнытпай  түсіру  үшін  ең  қажетті  бірден-бір  сөз  табу  – 
шебер суреткердің қасиетті парызы», - деген З. Қабдолов. 
Жарасқан  –  тіл  құнарлығы  мен  ой  тереңдігін,  поэзия  рухын  қатар  меңгерген 
тума  талант  иесі.  Оның  өлеңдерінде  биік  азаматтық  сарын  бар,  халқымен  бірге 
қуану, халқымен бірге азаптану бар. Ана тілінің қарапайым әрі қастерлі сөздерімен 
жан дүниесін тереңнен ашып, небір асыл ойларды сыр сандығынан ақтара ұсынады. 
Ойлан! 
Ойлан! 
Ойланып жаса қадам!.. 
Аса кірсіз болмаса, 
аса надан – 
қатесінен, 
қыруар азабынан 
қартайғанда қашады, 
сасады адам... 
Халық тілінің бай  мұрасынан сусындаған Жарасқан ақынның қай өлеңін алсақ 
та  сұлу  сарын  мен  өмірдің  шынайы  шындығы  осылайша  жігі  білінбей,  жымдасып 
жатады. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
147 
«Адамда  екі  түрлі  қылықтың  жолы  бар,  бірі  –  тіршілік  қамы,  бірі  – 
адамшылық қамы», - деген М. Әуезов. Ал сол адамшылық – Жарасқанның азаматтық 
ұраны. 
Біреуде бар, 
біреуде жоқ – 
қасиет көп адамда... 
Сұрадың ба? 
Сұрау керек 
Ең бастысын одан да! 
Қасиетсіз болмас кісі, 
тартсаң бірақ тереңнен: 
адам үшін 
ең бастысы – 
Адамшылық дер ем мен! – дейді ақын. 
Заманымен  бірге  тұрып,  бірге  өрген  Жарасқан  Әбдірашев  –  егемен  елдің 
жастарына ата сөздің  асылын, ата салттың үрдісін салиқалы жыр жолдары, құдіретті 
көркем  сөз  арқылы  жеткізген,  жаңа  ұрпақты  рухани  биіктеу  жолына  бастаған 
мейірім-шапағаты мол ақын. 
Жүректегі 
жазуларды 
жазып 
кеткен 
Жарасқан 
(Ақынның 
эпиграммалары).  Жарасқан  Әбдірашев  поэзиясының  бір  саласын  құрайтыны  – 
ақынның эпиграммалары. 
Түп  тамыры  антикалық  әдебиеттен  басталатын  бұл  жанр,  ақынның  өзі 
сипаттағандай:  «Ежелден  мәдениетті  Еуропа  поэзиясына  жеңіл  қалжыңның 
желбегейін сыпырып тастап, сатираның жалаң қылышын жанына байлаған жалаңтөс 
батырлығын байқата келген. Оның бұл мінезін барынша дамытып, халық алдындағы 
абыройын аяққа бастырмай, керісінше, «есіктегі басын төрге шығарғандар» француз 
әдебиетінде  Ф.  Вольтер,  Ж.-Ж.  Руссо,  Э.  Лебрен,  орыс  әдебиетінде  В. 
Тредиаковский,  А.  Кантемир,  М.  Ломоносовтар».  Аталмыш  жанрда  шеберліктерін 
сынап көрген көптеген ұлылардың есімдерін, олардың ішінде А.С. Пушкинді атауға 
болады. 
Ұлттық  әдебиетіміздің  тарихына  назар  салсақ,  эпиграмманың  элементтері 
ілгеріде-ақ  бой  көрсеткенін  байқаймыз.  Бұл  салада  Абайдың  «Көжекбайға», 
«Шәріпке»,  «Жақсылыққа»,  «Қара  қатынға»,  «Дүтбайға»  сияқты  өлеңдерін  атауға 
болады. Бұл жанрға аздап болса да, қалам тартқандар С. Торайғыров, С. Дөнентаев, 
М.  Жұмабаевтар  болды.  М.  Жұмабаев  эпиграммалары  белгілі  дәрежеде  кәсіби 
тұрғыда  жазылған  туындылар.  Сондай-ақ  С.  Сейфуллин,  І.  Жансүгіров 
қаламдарынан да эпиграммалар туды. С. Ерубаев, Қ. Аманжолов эпиграммалары осы 
жанрдағы биік деңгейдегі туындылар болды. Қазақ әдебиетіндегі эпиграмма жанры 
туралы айтқанда Ж. Әбдірашев есімі алдымен аталады. Себеп – бұл жанрдың ұлттық 
әдебиетімізде жанр ретінде тамыр жаюына ақынның үлесі зор. 
Жарасқан  Әбдірашев  эпиграммалары  «Әзілің  жарасса...»  деген  атпен  1989 
жылы  басылып  шықты.  Кейіннен  2001  жылы  шыққан  «Құлпытас»  жинағына  енді. 
Ақын эпиграммаларында қаламдастар болмысы мен мінезі  кейде  уытты әзіл, кейде 
ащылау  сықақ  арқылы  өрнектеледі.  Мысалы,  Сырбай  Мәуленовке  жазылған 
эпиграммасы: 
Зауқы жоқ мүлде сусынға, 
Өзінің өзі уысында. 
Жырының бірақ қызуы, 
Баяғы градусында, – деген орынды әзіл түрінде келсе, Хамит Ерғалиев туралы: 
Жалған айтып ендеше, 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
148 
Жалпылдама делбеше. 
Естімеген ешкімнен, 
«Сөз» естігің келмесе, – дейді. 
Эпиграммаға керегі  – сөзді  ойната білу, тапқырлық, қысқа да болса нұсқалық 
болса, осы шарттар толығымен Жарасқанда сәтімен үйлескен. 
Жарасқан Әбдірашев – қазақ әдебиетіндегі әзіл-оспақ, эпиграмма жанрын тың 
өріске  шығарып,  жаңа  биіктерге  көтерген  ақын.  Оны  кәсіби  әдеби  орта  ғана  емес, 
көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. 
Жарасқан  Әбдірашев  туралы  пікір  айтқан  ғалымдар  мен  сыншылар,  ақындар 
мен  жазушылар  оның  қазақ  әдебиетінде  жаңа  бетбұрыс  әкелгендігін,  арғы-бергі 
қазақ поэзиясының ең озық үлгілерінен терең үйренгендігін, өзінің ақындық әлемін 
ашу арқылы әдеби құбылысқа айналғандығын ашық айтады. 
Кішкентайлардың  үлкен  ақыны  (Ақынның  балалар  поэзиясы  мен 
аудармаға  қосқан  үлесі).  Жарасқан  ақын  шығармашылығын  сан  қырынан  қарауға 
болады.  Жалғыз  эпиграмма  жанрында  ғана  жазған  жоқ.  Балалар  әдебиеті  мен 
аударма саласындағы еңбегін де ерекше атап өтуге болады. 
«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінде 
емес»,  -  деп  ақындар  хакімі  Абай  айтқандай,  Жарасқан  жыр  өлкесіне  өзінеше 
өлеңдетіп, көпшілікті өз үнімен елеңдетіп келді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдардың 
басында  ақынның  әдеби  әлеумет  назарын  аударған  алғашқы  жинақтары  балаларға 
арналған еді. Оның балалар поэзиясындағы ақындық төлқұжаты – «Алфавит сыры». 
«Алфавит сыры» – қазақ балалар поэзиясына қосылған үлкен олжа. Автордың 
ізденуі мен табуының, оқуы мен тоқуының арасында хас дарынға тән табиғилық бар. 
Бұл  кітаптың  бірінші  жақсылығы  –  композициялық  тұтастығында,  екіншісі  – 
өлеңдерінің бала санасына, олардың ұғым деңгейіне лайық жазылуында. Үшіншісі – 
ақынның  өзі  оқушы  болып  сөйлеп,  оқушының  ақын  боп  ойлануына  мүмкіндік 
беруінде. 
Талай  жылдардан  кішкентай  балаларға  арналған  «кішкентай  жанр»  саналып, 
назардан тыс қалған салаға жаңа бір көзқараспен жасалған бетбұрыс еді. Бұл туралы 
Қ.  Ергөбеков:  «Жарасқан  Әбдірашев  әліппенің  өзін  өнерлік  деңгейге  көтере 
салмақты, ойлы өлең жазады», - деп өте дәл айтқан. 
Аудармашылығы да ересен еді. Қай ұлттың ұлы ақындарын аударса да, оның 
өлеңі  қазақтың  төл  тумасындай  болып  шыға  келетін.  Аудармасы  түпнұсқамен 
қабысып кеткені сондай, басына тымақ, аяғына саптама етік кигізіп, қолына қамшы 
ұстатып қоятын. Р. Тагор, П. Элюар, Я. Купала, К. Чуковский, А. Бартодан аударған 
өлеңдері осыған толық дәлел бола алады. 
Орыстың  әйгілі  балалар  ақындары  Корней  Чуковскийдің  «Дәрігер  Айболит», 
Агния Бартоның «Ойыншықтар» сияқты өлеңдерін шебер аудара білген. 
Балалар  поэзиясындағы  отыз  жылдық  шығармашылығының  қорытындысы 
іспетті «Шежірелі шаңырақ» кітабы дүниеге келді. 
Бес  бөлімнен  тұратын  кітаптың  алғашқы  үш  бөлімінің  «Тұсаукесер», 
«Тілашар»,  «Тоқымқағар» аталуында да  «шаңырақтың иесі» бар. Баланың бақшаға, 
одан соң мектепке барғаны ата-ана үшін үлен қуаныш, той десек, бағзыдан осыған 
ұқсас барлық құтты қадамның аты – айдар болған. Бөлімдегі өлеңдерде салт-дәстүр, 
жол-жора айтылмағанмен, оқиға өтіп жатқан уақыт, орта, көңіл-күй бір-ақ сөз, бір-ақ 
ұғым арқылы әдемі де әсерлі берілген. 
«Тоқымқағардан»  оқырман  «Алтын  көпір»  арқылы,  яғни,  аудармалар  арқылы 
дүниенің  төрт  бұрышына  көз  тігеді.  «Достық  дәптеріне»  үңіледі.  Мұнда  кішкентай 
оқырмандардың  көркемдік  таным  көкжиегін  кеңітер  бауырлас  елдер  балалар 
ақындарының шоқтығы биік өлеңдерінің аудармалары шоғырланған. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
149 
«Ұрпақ тәрбиесі – ұлы парыз» екенін, ұрпақ тәрбиесінің ұлы құралы – әдебиет 
екенін есі бар ел ешқашан ұмытпаған. Олай болса, бұл бір томдықтың қазақ балалар 
әдебиеті әлемінен тиесілі орын алары сөзсіз. 
Жарасқан  ақын  шығармашылық  жолын  жан-жақты  дайындықпен  балалар 
ақыны болып бастады. Аз жазса да, саз жазатын балалар ақыны болды. Қаламгерлік, 
жауапкершілік  тізгінін  бір  сәт  те  босаңсытпаған  балалар  ақыны,  кішкентайлардың 
үлкен ақыны болып қала бермек! 
Қорытынды.  Ақынның  артында  оннан  астам  жеке  жинақтары,  үш  томдық 
таңдамалы кітаптары қалды. Соның барлығын небары 53 жасында жазып үлгеріпті. 
Жарасқан қазақ өлеңіне «Ақ бұлақтай» алқынып келіп, шығармасының шырқау 
шыңы  «Найзағайлы  жазға»  айналып,  осынау  жанған  дүниеден  жасындай  жарқ  етіп 
шықты. Жай кеткен жоқ, ол өзіне-өзі өлмейтін «Құлпытас» орнатып кетті. 
Жарасқан – ақындықтың ақ туын көтеріп, ақиқатын айтып өткен ақын. 
Жарасқан  найзағайлы  жырларымен  есте  қалды.  Оның  бостандықты,  егеменді, 
мәңгілік  бірлікті,  өмірдің  жақсылығын,  болашағын  армандаған  өлмес  өлеңдері 
арқылы  екінші  ғұмыры,  мәңгілік шығармашылық  ғұмыры  өзі  сүйген  халқының 
рухани азығы болып қала береді, өмір сүре береді. 
 
Әдебиеттер 
1 Жарасқан ақынның інісі Әуезхан ағаның мұрағатынан алынған материалдар. 
2 Мұзафар Әлімбай естелігі. 
3 Көпен Әмір-Бек естелігі. 
4 Серік Тұрғынбекұлы естелігі. 
5 Өмірбек Сансызбай. Жарасқан Әбдірашев поэзиясының көркемдік сипаты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
150 
НҰРСАБИТОВА Тоғжан, 
№15 орта мектебінің 11 «Ә» сынып оқушысы, Жаңаөзен қаласы, 
Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ҚОБЛАНОВА Айтгүл Назарбаевна, 
№15 орта мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 
Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы 
koblanova74@mail.ru 
 
 
 
АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ МЕН МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ 
 
Зерттеудің  мақсаты:  Ақтамберді  жыраудың  өмірі  мен  шығармашылығын, 
Махамбет  ақынның  өмірі  мен  өлеңдеріне  шолу  жасай  отырып,  екі  ақынның 
өлеңдерінің  ұқсастығы  мен  үндестігін  салыстыру.  Ғылыми  зерттеу  еңбектерді 
әртүрлі басылымдарды жинақтап, мектеп оқушыларына толығырақ мағлұмат алуына 
көмегімді тигізу – басты мақсатым. 
Болжамы  ретінде:  жас  ұрпақты  табандылыққа,  ерлікке,  қиыншылықты 
жеңетін  қайсарлыққа,  елді  қорғауға  шақырған  Ақтамберді  жырау  мен  Махамбет 
ақынның өлеңдері әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. 
Ақтамберді  –  Махамбеттен  шамамен  алғанда  жүз  жылдай  бұрын  өмір  сүрген 
адам.  Соған  қарамастан,  екі  ақынның  ішкі  мазмұн  ұқсастығы  байқалады. 
Өлеңдерінің  көркемдік  ерекшелігі  мен  ұқсастығын  аша  отырып,  ақын-жыраулар 
шығармаларындағы  ерекше  сөз  айшықтарын,  өлең  үлгісін  нақты  дәлелдер  арқылы 
талдай білу аса маңызды. Оларда бүгінгі жастар тағылым алар дүниелер молшылық. 
Зерттеу  әдістері  ретінде  Ақтамберді  мен  Махамбет  өміріне  шолу  жасау, 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
151 
кестелер  бойынша  өлеңдерін  салыстыру,  теориялық  әдістерді  талдау,  алынған 
мәліметтерді қорытындылау жүргізілді. 
Ақын-жыраулар  мұрасы.  Ақтамберді  жырау  туралы  мектеп  бағдармасында 
мағлұмат  аз  берілген.  Сондықтан  жыраудың  өмірі  мен  шығармашылығын  іздене 
отырып,  оның  өлеңдері  Махамбетпен  ұқсас  келетіндігін  байқадым.  Аруақты 
Ақтамберді мен Махамбет жайында құнды деректер келтіріп, оқушыларға көмегімді 
тигізгім келеді. Осы мақсатта зерттеу жұмысымды бастадым. 
Қазақ  халқының  біршама  мол  сақталған  әдеби  мұрасы  –  ақын-жыраулар 
шығармашылығы. Сан ғасыр сынынан өтіп, халық көкірегінде жатталып, жыраудан 
жыршыға  ұласып,  біздің  дәуірімізге  жеткен  сұңғыла  сөз  зергерлері  ХV-ХVІІІ 
ғасырларда  өмір  сүрген  Асан,  Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Жиембет,  Марғасқа, 
Ақтамберді,  Тәтіқара,  Үмбетей,  Бұқар,  Көтеш,  Шал  сияқты  ақын,  жыраулар. 
Олардың жыр, толғаулары 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін  де, кеңес кезеңінде 
де  жинақтар  мен  мерзімді  баспасөз  беттерінде  сан  рет  жарық  көрді.  Алайда,  1960 
жылға  дейінгі  басылымдар  қалың  оқырман  қолына  тие  бермеді.  Себебі  олар  сирек 
кездесетін  кітаптар  еді.  Соңғы  кезде  жарияланған  жинақтар  ғана  осы  ХV-ХҮІІІ 
ғасырларда  өмір  сүрген  ақын,  жыраулар  мұрасын  жұртшылыққа  кеңірек 
таныстыруда елеулі рөл атқарды. 
ХV-ХVІІІ  ғасырдағы  жыраулар  мен  ақындар  туындыларында  жан-жақты 
сомдалған  адам  образы  болмағанымен,  шебер  бейнеленген  портреттер  мен 
мінездеулер, батырдың жан күйін суреттеу эпизодтары, батырлар мінген сәйгүліктер 
сипаттары біршама кездеседі. Ал мінез-құлық өлшемдерін, жақсы, жаман әдеттерді 
қарама-қарсы  қойып  шендестіре  суреттеу  адам  образын  бейнелеуге  барар  жолдағы 
нышандар еді. 
Ақын,  жыраулар  өз  дәуірінің  белгілі  батырлары  мен  хан,  билерінің  ішкі-
сыртқы сипаттарын бейнелеген. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет