1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет19/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

Сүйек ұлпаларын бояу әдістері.
Кесіндіні бояу үшін араластырылған гематоксилин керек. Делафильда гематоксилині сүйек денешіктерін өте анық бояйды. Бехердің енгізген бояуымен хлорлы алюминий жасауға болады. Дайындау үшін 0,1 г галленнаны 100 см қайнатылған 5 % хлорлы алюминийге және 15 минут қайнатып құяды. Суығаннан кейін 100 см-ге дейін толтырады да, сүзіп (1:5) араластырады, сөйтіп 12-24 сағат бойы боялады.
Нәтижелер: судың сұйықтығында галенн сүйекті 24 сағатта бояйды, метахроматты қара қызғылт түске, ал басқаларын қоңыр-күлгін түске.
Жаңа жасалған сұйықтық 2 % бура. Жіктеліп алынған, декальцинация және недекальцинация сүйек ұлпасын бояу әдістері.
Бұл әдістерге екі топ жатады. Біреуінде толық декальцинация болады, ал екіншісінде кальцилі тұздар ыдырамайды, немесе кейбір бөлігі ғана ыдырайды. Бұған Бокк бойынша гемалаун - эозин бояуын қолданады. Мюллер сұйықтығында кесіндіні формалинге ұстау керек. Эбнер бойынша декальцинация 5% азот қышқылында немесе 5 % калий ашудасында өтеді. Ағын суда шаю 24-4-28 сағат. Құрғату үшін 2 % целлоидинге 10-14 күнге немесе оның 4 % ерітіндісіне салады, 4-6 күнге ұстайды, содан соң төгеді, қалыңдығы 5-10 мкм кесінділер 12-18 г сұйық гематоксилинде боялады. Сұйықтықты әр кезде қайта дайындайды. Сұйықтық 0,1 г гематоксилинде, 10 см абсолютті спирттен, 6:20 г калийлік ашудас сұйықтығы, 200 мл дистилденген су қосады. Сұйықтық: 1 г калий перманганатын 16 мл дистилденген сумен араластырады. Материалды кесу әксіздендірудің әдістеріне байланысты емес. Эрес бойынша парафиннен 1 % қышқыл фуксинмен ажыратады. Содан кейін сумен тез арада шаяды, сүзілген сумен кептіреді, сусыздандырады, және тұзды қышқыл спиртте саралайды. Тұзды қышқыл спиртті дайындау үшін 97 см–абсолютті спирт 3 см тұзды қышқыл алады. Саралаудың ұзақтығы 1-2 сағат, сосын абсолютті спиртте шайып, ксилол арқылы ағартып, бальзаммен жабу керек.
Нәтижесі: кальциден тұратын ұлпалар - аса қызыл, ядросы - қызыл, дәнекер және бұлшық ет ұлпалары -ашық-қызыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет