1 этап (текст сказки только у учителя: учитель-рассказчик)
a)
ознакомить детей с главными героями сказки, используя картинки,
предположения, если есть животные, то можно изобразить их звуки.
b) рассказать, используя картинки о главных событиях , используя картинки и
основные предложения
c) рассказать историю более детально, используя картинки
d)
Рассказать историю, используя материал, который дети повторяли с
учителем
e) рассказать историю, используя больше материала из написанного текста
f) ознакомить детей со словами первой страницы, используя flash cards
2 этап (детям дается копия текста)
а) дети читают текст и раскрашивают картинку
в) ознакомить детей со словами второй страницы, используя flash cards
c) ознакомиться со второй страницей текста, прочитать и раскрасить картинку;
повторить первую страницу текста
d) ознакомить детей со словами третьей страницы
e) сыграть в flash cards game
3 этап (дети слушают кассету и смотрят в текст. В это время большинство из
них уже знают историю наизусть)
Широко используются ролевые игры, разыгрывание сказки с куклами или с помощью мимики,
рисунки, современные версии традиционной сказки.
Интересно отметить, что дети в возрасте от 8 до 12 лет предпочитают драматизацию
сказки. Д.Ривэл рекомендует разыгрывать (act out the story) историю во время чтения с
использованием бутафории (ложки, тарелки, игрушки и т.п.), но если это трудно, то после
158
прочтения (здесь она использует другое английское слово "play") или во время второго чтения.
Для более взрослых она рекомендует другой вид активности - придумать свой конец.
Зарубежные методисты полагают, что при использовании сказок для развития навыков
говорения и аудирования, будет лучше, если дети не будут иметь текст сказки. Это необходимо, т.к.
большинство заданий по работе со сказкой основаны на предсказаний дальнейших событий или на
памяти. В работе со сказками важен эффект неожиданности и элемент удивления, в противном
случае активность детей может упасть. Наиболее понравившиеся сказки можно прочитать. Это
поможет детям ознакомиться с письменной речью и развить навыки чтения.Весьма интересен метод с
использованием "Nasruddin stories". Конечно, здесь могут быть использованы не только сказки о Ходже
Насреддине, но и сказки об Алдар-косе и другие бытовые сказки. Подобные сказки используются
по мнению А.Мали "as a way of "open up " the mind and spirit" .Специалисты убеждены, что работа с
историями и сказками дает больше возможностей детям говорить во время урока. Но это не
является пределом. Исследователи полагаю, что, возможно достичь более высоких результатов. Я
думаю, что сказки помогают развить навыки диалогической и разговорной речи на уроках
иностранных языков. Со временим, я хочу глубоко окунутся в тему сказки как способ развития
творческих навыков учащихся.
Түйіндеме
Осы мақалада ертегі тек ой-өрісін дамытып қана қоймай , ауызша сөйлеуге, және
грамматикаға, фонетикаға, сөйлеу монеріне көмегі туралы айтылады. Ертегі ағылшын сабағында
сөйлеу дағдыларын, ой-өрісін дамытуға көмектеседі.
Summary
In this article it said that fairy tales help to developed oral speech, grammar, phonetics and dialogues
speech. I think that fairy tales in help to developed skills during English language speech.
Список используемой литературы:
1.Gonzfles D A whole language project. English teaching FORUM.36 1998 p 14-19
2. Эмоциональное развитие дошкольника. Под редакцией Кошеловой А.Д. 1995 г стр 94-97
3. Кузьмичев И Литературные перекрестки. 1983 г стр 187
4.Ellis G and Brewster J. The strolling handbook for primary teachers. London 1991 p 1-3
5.Хрусталева Л.В. Богородицкая В.Н. Английский язык 1995 г Санкт-Петирбург
6. Теоретические основы обучения иностранного языка в средней школе подюред. Климетенко
А.Д. 1981 г
ӘОК 37.035.6. (574)
АРДАҚТЫ ҰСТАЗ – СЕМБАЙ БЕРДІМҰРАТОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
ТУҒАН ЖЕР ТОЛҒАНЫСЫ
С.Қ. Балтұрғанова, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ізденушісі
Қазақ халқы поэзиясының шыңдары мен құздарына ой салсаң өлең сөзге алқызыл үлбіреген
өң берген, сарқылмайтын ата – баба өсиетіндей арқауына сыр берген өлең болып өрілген XX ғасырда
ұлы тұлғалар үлкен шығармаларды дүниеге әкелді. Ұлы ақындарымыз Мағжан Жұмабаевтың «Батыр
Баян» поэмасы, Ілияс Жансүгіровтың, «Күй», «Күйші» поэмалары, Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау»
поэмасы әр ақынның өзіне тән азаматтық үні мен ақиқатшыл жыры деп түсінуіміз керек. Бұл
поэмаларда қазақты қазақ қып көрсететін сипаттар – ақындық, жыраулық, бір сөзге тоқтайтын
шешендік, далалық мәдениетке тән ел қорғаған батырлық, ойдың тобықтай түйініне тоқтайтын
даналық, қазақ елінің қоғамдық өмір шындығын бейнелейтін туындылар.
Ақынды заман өсіреді, ал заман өз парағына ақын өлеңін көшіреді. Бұл екеуі ежелден егіз, бір
– біріне адал жұптай қатар өмір сүріп келе жатқан ұғым екені өлең сөздің қадірін бағалайтын
оқырманға мәлім. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін «жаңа ойлы» ақындардың шоғыр жұлдызы
қалыптасуда, өйткені ақындардың өздеріне тән азаматтық үндерінен қоғамның өзінің шындығы
болатыны сияқты айтар ақиқатына үн қосатыны сөзсіз.
Қазақстан ақындарының аға – іні ақындар сабақтастығын саты – сатысымен зерттеу өте
орынды болар еді. Себебі ақын Сәкен Имандосов айтқандай: «Қазақ поэзиясында «Менделеев кестесі»
бар болса, әрбір ақын соның бар ұясын бекем мекендеген химияның валенттілігі сияқты» ақынның
159
өлең Әлеміндегі өзіндік қолтаңбасы айқындалып, поэзияға қадам басқан жас ақындарға сара жол
ашып, көркем сөз эстетикасына назар аудартар еді.
Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастап Қазақстан ақындар шоқжұлдыздары қатарына
18 жасында қалам тартқан Атыраудың аға ақыны Сембай Бердімұратовтың шығармашылығында
еліміздің өткен өмірі мен қоғамдық кезеңдерін өзіндік реңінде жырланған, ғасырлар жалғасы анық
байқалады.
Сембайдың ақындық өнері 1937-40 жылдары Гурьев педучелищесінде оқып жүргенде таныла
бастаған, 1939 жылы мамыр айының 29 - күні Гурьев облысының ақындарының бірінші ақын –
жазушылар слетінде өлеңдері оқылып, слетке қатынасқан Сабыр Шәріпов, Жәрдем Тілеков, атақты
Сәттіғұл ақын, Сәрсенғали Шобақов, Хамит Ерғалиев, Далабай Жазықбаев көркем әдебиет
қайраткерлерінің назарына ілініп, болашақ ақындық шығармашылығына жол ашқан. Ал 1941-1945
жылдарда Ұлы Отан соғысы кезінде шығармашылығына тежеу болғанмен соғыстан кейін ақындық
шығармашылығы кең көлемде жалғаса түскен.
Ақын өз шығармашылығын лирика ерекшеліктерін ескере отырып, мына тарауларға
топтастырғаны анықталып байқалады.
«Саялы өлкем- сазды өлкем» тарауы бала күнінен қолына қалам алып туған жер, өмір
ортасының мекені, тамаша тіршіліктің дәмін татқан қазақтың кең байтақ сақыра даласы, өзені мен
көлдері, сол табиғат ортасындағы жандардың дарқандылығы мен адалдыққа толы адамгершілігі
жырланады. Ал «Табиғаттың түсінгенге тілі бар» тарауы таза табиғат лирикасы. «Табиғаттың тілі
бар», «Көктемнің шуақ күндері», «Ақ қайыңға», «Қыс көрінісі» т.б тақырыптары адам
психологиясымен астасып жатады.
Біз ақынның шығармашылығын тақырыптарына қарай өзіне тән тарауларға бөліп қарағанмен
позияның лирикалық жанрларына қарай бейімдеген өте орынды болар еді. Ақынның көзқарасы
бойынша адамның эстетикалық талғамы, табиғаттың сұлулығын көру қабілеті, терең ойлау мен
күрделі таным процесі, адамның өмірге деген қызығушылығын, ізгіліктің, жақсылықтың қажеттілігін
сезіне білетіндігін баса айтады. Сондықтан ақын поэзиясын лирикалық ерекшелігі жағынан талдау
өлең сюжетіне эстетикалық өң береді.
Сембай Бердімұратов шығармашылық кезеңдеріне саралап қарайтын болсақ, қиыншылық пен
қытымыр өмір өткелдерінен оңай өтпегенін алғашқы туындыларынан бірден байқаймыз. «Өлең туралы
өлеңінде»:
Өлеңге жаным еліккен, Бесті асаудай тулаған,
Білмедім ерте неліктен? Көненр ме өлең ырқыма,
Бұл өмірге, шырақ-ау Мезгіл –ай, шіркін, зулаған,
Өлеңге бола келіп пе ем? Айналып алдың сырыма.
-деп бастауы ұлан кезінен бастап поэзияға қалам қадамын бастауын, жанының өлеңге
құштарлық сезімінің ерте оянуын бұл нағыз ұмтылар шағым, қиқулап жырға қосылуын керек деп
алдына мақсат қояды.
Сәкең өте қарапайым, азаматтық пейілі өте кең, бөгде сөзді білмейтін, ініге таптырмас аға,
елге беделді, әсіресе қазақтың кең даласындай жомарт зиялылар тұлғасының образы бір өзінде деуге
болады.
Сондықтан болар Сәкеңнің шығармаларының сырларына үңілген сайын қазақтың кең байтақ
даласымен табиғат ортасына деген балалық мейірім тіршілік әлдиіне бөлеген боз даласына, құба
белдегі толқындалған сағымына, жасыл жібек түрге бөленген жайлауына деген сүйіспеншілігі өлеңнің
өнбойындағы баламалар мен суреттеулер оқушысын баурап алады.
Ақын дала көркін суреттеуді жалаң алып қоймай мына сабақтастықты «Ару өлкем», «Дала
дарқандығы», «Дала сыры», «Жайлау таңы», «Жайлау көркі мал болар», «Ақ Жайық толғаныстары»,
«Ақ ерке Жайық» тағы-тағы, т.б өлеңдерімен дала сақырасының панорамасын жасаған. «Дала сыры»,
«Дала дарқандығы өлеңінде:
Жадырап әсемдікке жаның тойып,
Тұрғанда жырламасаң дарынға айып,
Дегендей, дарқан дала тастайды екен
Алдына ақын келсе барын жайып.- деп бастап,
Өмір озар, күндер өтер, жыл өтер
Нем бар менің өзіңе мұра етер?!
Көкірегімде көзі ашылған бұлақтай,
Махаббат бар сені ғана жыр етер.
Ақын жырындағы дала тағылымы қазақ даласының көрінісі, қазақ халқының өмір сырымен
тығыз байланысы, даланың да қазақ халқының жарқын жомарттығы, кең пейілі, зор байлығын мақтан
етіп, сол өлкенің жайлау төрінде, төрт-түлікті малымен ата-баба қорыған қадірлі кең даласы. Өзінің
туған жерінің тынысын жырламаған ақын болуы мүмкін емес дегендей Сәкең Атырау, Нарын,
160
Тайсойған, Қызылқоға және кең Жылой, Ақ жайықтың келбеті мен осы даладай табиғат көрінісін
суреттейді.
Туған жерін қадірлемес жан бар ма,
Кең жазық па ол, қия тас па заңғар ма?
Атамекен ыстық болып қалар-ау,
Жүрегінде жылуы бар жандарға-деуі кең даланың құдіретін түсіне білсе, бар игілікті, байлықты
түсіну, даланың керілген кең пейілі, келбетінен байқалуы, сол даланың перзенттеріне тән көрініске
айналса деп армандайды.
Ақын шығармашылығында туған жері Атыраудың табиғат көрінісі, ару Ақ Жайықтың ғасырлар
бойы өміріндегі тарихын, кәрі Каспий қойнауының өндіріске толы қара алтынды байлығын, көк теңіздің
кең жазығындағы інжу-маржандай ырыздығын мақтан етеді. «Атырау» атты өлеңінде:
Жаным сүйген жасымнан бұл өңірім,
Күй өңірім, сарқылмас жыр өмірім,
Сенен ғана тыңдаймын бар тынысын
Соғып тұрған тіршілік жүрегінің.
Туған жерге деген сүйіспеншілігі сарқылмас күй, өмірі жырға толы жүрек тебіренісімен жатпай-
тұрмай, толғаныст жыр құсын түлету ақындық парызы деп түсінеді.
Тайсойған, Нарын, Жайық, Атыраудың,
Қойнауын қоныс етіп отыр ауылым.
Арман-ай талай жандар бастан кешкен,
Таусылмас тарихында жатыр-ау мұң!- деп бастап, туған елінің өмір жолдарын баяндай келіп,
қазіргі келбетімен салыстырып, ел көркедік бейнесін қазіргі қазақ халқының егемендік өмір келбетімен
салыстыра келіп:
Жүрегі жұмыр жердің дір-дір етіп,
Жатады терең бойлап бұрғы кетіп
Бір де газ , бір де мұнай фонтан атып,
Көрген жоқ қуанышсыз бір күн өтіп.
Өлкемде ән асқақтап, күй тасыды,
Жаңа ырғақ, сырлы әуен ұйқы ашады
Туған жер, табиғаттың өмірменен
Айнымас жыр жолындай ұйқасады.-деп бейнелейді. Каспий теңізі мен Ақ Жайықтың тынысына
бауыр басқан балықшылардың, тентек теңіздің бұйра толқынмен алысқан, дауылдан жасқанбай асау
сары сазаны мен бұлқынған бекіресіне ел байлығы деп қазақ халқының кең пейілімен салыстырады.
Сәкең шығармаларының лирикалық ерекшеліктерін талдауда көлемді поэзиялық туындыларын
мазмұнына қарай нақты тақырыптарға топтау орынды болар еді. Мысалы: «Саялы өлкем, сазды
өлкем» тарауы ақынның өз еліне деген балалық, жастық сүйіспеншілігінен басталып күрделене түседі.
Ал «Табиғаттың тілі бар» тарауында таза табиғат лирикасы, адам психологиясы, философиясымен
астасып жатыр.
«Өзіңсің өмір үйреткен» тарауына Отан туралы, қазақ халқына деген перзенттік парызы, және
қоғамдық өмірдегі елге деген азаматтық жасампаз еңбекті мазмұндаған.
Ақынның «Жүректер әлі сыздайды» тарауында 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы шығармалары сол сұрапыл майданда қан кешіп жүріп өмір үшін арпалысқан ер жүрек
жауынгерлерді бейнелейді. Соғыс көріністерін көз алдыңа елестетіп, құрбан болған ерлерді мәңгі есте
сақтауды насихаттайды. «Неге жүрек сыздайды?»-десек, Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтар,
жесір қалған аналар, жетім қалған балалар, ұл-қыздарынан айырылған ата-ан жан жарасының
сыздауы деп жауап береді. Сәкеңнің бұл тараудағы өлеңдері , поэмасы мен балладаларының сюжеті
мен композициясы патриоттық тәрбиенің арқауы деуге тұрарлық.
Жалпы ақынның шығармашылығын жан-жақты зердрлргенде поэзияның лирика салаларының
барлық көрінісі туындыларын көркемдей түскен.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Туған жер тынысы» өлеңдер жинағы. С. Бердімұратов.
«Өлке» баспасы. Алматы 1996 жыл.
2. «Жайқоңыр» өлеңдер жинағы . С.Бердімұратов.
3. «Сембай» 15 кітап. «Арыс» баспасы , Алматы 2002 жыл.
Резюме
В данной статье всесторонне раскрыта взаимосвязь произведения С.Бердимуратова с
наставничеством и воспитанием учащихся.
161
Summary
The article thoroughly exposed intercommunication of Berdumuratov’s compositions with taborship
and education of learners.
ӘОК: 371.3
ОҚЫТУ ӘДІСІ КӨПҚЫРЛЫ ҚҰБЫЛЫС
Б.Д.Қалимұқашева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
профессоры, п.ғ.к.
О.А. Абилова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты
«Қалай оқыту керек?» деген дәстүрлі дидактикалық мәселеге жауап іздесек біз оқыту
әдістеріне келіп тірелеміз. Ә д і с с і з қойылған міндетке жету, көздеген мазмұнды жүзеге асыру,
оқытуды танымдық іс-әрекетпен толықтыру тіптен мүмкін емес. Әдіс – жобаланған мақсат пен ақырғы
нәтиженің арасын байланыстыратын оқу үрдісінің жүрегі. Оқытудың «мақсат–мазмұн-әдістер-
формалар-құралдар» жүйесінде ә д і с анықтаушы рөл атқарады.
Оқыту әдістері өте күрделі ұғым. Әйтседе, бірқатар ғалым-педагогтардың осы ұғымға берген
түрлі анықтамаларына қарамастан, олардың көзқарастарын жуықтастыратын ортақ пікірдің
туындайтынын байқауға болады. Көптеген авторлар оқыту әдісін оқушылардың оқу-танымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру тәсілі деп есептейді. Осы пікірлерді ескере отырып, оқыту әдісі ұғымының
ғылыми түсініктемесін қарастырайық.
«Әдіс» сөзі грек тілінен аударғанда «зерттеу, амал, мақсатқа жету жолы» дегенді білдіреді.
Осы сөздің этимологиясы оның ғылыми категория ретіндегі түсініктемесінен де көрініс табады.
Педагогикалық энциклопедия «Оқыту әдістері» - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері,
солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы
қалыптасады, қабілеттер дамиды, - деп жазылған[1]. Ал философиялық сөздікте «Әдіс дәл жалпы
мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілі» - деп анықтама берілген [2]. Оқыту
үрдісінде әдіс нақты оқу-тәрбиелік мақсатқа жетуде мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс-
әрекетін реттейтін тәсіл ретінде ұсынылады.
Дидактикада «оқыту тәсілі» ұғымы да кең таралған. Оқыту тәсілі - бұл оқыту әдісінің
құрамды бөлігі не жеке тұсы. Оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларын
қалыптастыратын жаттығу әдістерінде келесі тәсілдер ажыратылып көрсетіледі: меңгерілген
материалды практикада қалай қолдану қажеттігін мұғалімнің көрсетуі, мұғалімнің көрсеткен
әрекеттерін оқушының қайта жаңғыртуы және меңгерілген ептіліктері мен дағдыларын жетілдіруга
машықтану. Әрі қарай басқа да әдістер де бірқатар тәсілдерден құралатынына көз жеткізуге болады.
Дидактикада оқыту әдістерімен қатар оқытуды ұйымдастыру формалары кеңінен
қолданылады. Негізгі ұйымдастырушылық форма сабақ болып табылады. Әдістің ұйымдастырушылық
формадан айырмашылығы неде? Егер оқыту әдісі оқыту үрдісінің орталық жолын, бағытын көрсетсе,
ұйымдастыруышылық форма оқыту үрдісінің реттелгендігін көрсетеді. Ол нақты шамада, жағдайда
бұрылыс жасайды. Мысалы, сабақтың уақыт аралығы шектеулі, оқушылар құрамы тұрақты. Сабақ
қандай да тұтастықты, аяқтаушы кезеңді көздейді.
Кей жағдайда дидактикада атаулары бірдей, әрі нақты оқыту әдістерін, әрі ұйымдастырушылық
формаларды білдіретін аралас ұғымдар да кездеседі. Ең бір дәлелді мысал келтірейін: лекция оқыту
әдісі ретінде және ұйымдастырушылық форма ретінде де қолданыс тауып келеді. «Лекция» ұғымын
оқыту формасы ретінде қолданатын болсақ, біз нақты сабақ түрін қарастырамыз: жоғары мектепте
семинарлық, практикалық сабақтармен қатар лекция да бар, бұл форма орта мектептің жоғарғы
сыныптарында
да
қолданылады.
Лекция
әдетте
екі
сағаттық
ұзақтығымен,
жұмыстың
фронтальдығымен, яғни оқушылардың үлкен тобына бағытталғандығымен сипатталады.
Оқыту әдісі ретінде лекцияда мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетінің өзіне тән ерекшелігі
көрініс табады.: мұғалім теориялық сипаттағы материалдың тұтас фрагментін баяндайды, оқушы оны
қабылдайды, саналы түсінуге тырысады, ендігі жинақталған білім жүйесін құрады. Экскурсия да
осыған ұқсас әрі оқыту әдісі ретінде, әрі ұйымдастырушылық форма ретінде қарастырылады
Қазіргі уақытта дидактикада «технология» термині кең етек алды. Білім беру технологиясы
әдіс ретінде, мақсатқа жетелейтін нақты бірізді әрекеттің тұтас жиынтығы түрінде түсіндіріледі. Осыған
орай мынандай сұрақ туындайды: дидактикада «әдістеме» ұғымы бар болғандықтан «технология»
ұғымы қажет пе, олар ұқсас емес пе?.
«Әдістеме» ұғымын ғалымдар екі жақты түсіндіруге тырысады: бір жағынан бұл қандай да бір
пәнді оқыту әдістемесі, мысалы математиканы оқыту әдістемесі, яғни нақты оқу пәнінің материалын
162
баяндау тәсілдері; екінші жағынан, бұл нені болмасын, мысалы ұғымдарды, дағдыларды және т.б.
қалыптастыру әдістемесі. Кейде жағдайда әдістемені технологияның синонимі деп те қарастырады.
Технология көздеген нәтижеге жетелейтін әрекетті ретке келтіру жиынтығы және де оның өзіндік
ерекшеліктері бар. Сондықтан да әдістеме технологияның синонимі бола алмайды.
Білім беру технологиясының ерекше белгілері:
-
оқыту үрдісін басқарушылығы;
-
қойылған мақсаттардың диагностикалығы, яғни мақсатқа жеткендігін анықтауға мүмкіндік
беретін диагностикалық құралдардың болуы;
-
мақсатқа жетуге жетелейтін тәсілдер жиынтығын, мұғалім мен оқушының әрекет бірізділігін
анықтау нақтылығы;
-
қайта қалыпқа келуі.
А.Кушнир: «Технология әдістемеден өзінің нәтижелерінің тұрақтылығымен, тез қайта қалыпқа
келетінімен, көптеген «егерлердің» жоқтығымен ерекшеленеді» [3].
Аталған білім беру технологиясының ерекшеліктеріне қатысты қорытынды түйін жасауға болады:
әдістемемен салыстырғанда технология оқыту үрдісінің мақсаттарымен қатаң байланыста болады, ал
мақсаттың өзі диагностикалық тұрғыдан тұжырымдалады.
Оқыту әдісі - күрделі, көпқырлы білім беру құбылысы. Оқыту әдісінде оқытудың обьективті
заңдылықтары, мақсаттары, мазмұны, принциптері, формалары көрініс табады.
Оқыту әдісінің құрылымы алдымен обьективті және субьективті бөлімдерге ажыратылады.
Әдістің обьективті бөлімі кез келген әдісте міндетті түрде болатын тұрақты ережелермен сипатталады.
Онда барлық әдістерге ортақ дидактикалық ережелер, заңдар мен заңдылықтар, принциптер мен
ережелер талаптары, сондай-ақ оқу әрекетінің мақсаты, мазмұны, формалары да көрініс табады.
Әдістің субьективті бөлімі педагогтың тұлғасымен, оқушылардың ерекшеліктерімен, нақты
жағдайлармен сипатталады. Әдістегі обьективті және субьективті қатынас туралы мәселе өте күрделі
және әлі де толық шешімін тапқан жоқ. Осы мәселе турасында пікірлер ауқымы өте кең: әдісті таза
обьективті білім беру деп мойындаудан бастап обьективті бастауларын толық жоққа шығаруға дейінгі
және әдісті жеке, демек педагогтың қайталанбас туындысы деп тану. Ақиқат қашанда шегіне
жеткенде табылады. Барлық әдістерде тұрақты, ортақ обьективті бөлімнің бар болуы дидакт-
педагогтарға әдіс теориясын құруға, көп жағдайда ең таңдаулы болып табылатын практикалық
жолдарын ұсынуға, сондай-ақ әдістерді логикалық таңдау, оңтайландыру мәселесін ойдағыдай шешуге
мүкіндік береді. Әдістер аясында педагогтардың өзіндік шығармашылығы, дербес шеберлігі көрініс
табады, сондықтан да оқыту әдістері қашанда жоғары педагогикалық өнер саласы болып қала береді
[4].
Осылайша дидактикада оқыту әдістері көбінесе оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін
шешуге бағытталған мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетінің тәсілдері ретінде, болмаса қойылған
мақсаттарға жетуге жетелейтін мұғалім мен оқушы әрекетінің мақсатты жүйесі ретінде
қарастырылады. Екі көзқараста бір-біріне қарама-қайшы келмейді, әйтседе біз о қ ы т у ә д і с і н і ң -
мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетінің тәсілдері арқылы деген бірінші анықтамасын ұстанамыз,
өйткені онда әдістің тұтастығы, ондағы ұғымдардың жалпылығы көрініс табады. Оқыту әдісінің
қ ұ р ы л ы м ы н а мақсат, мұғалім мен оқушы әрекетінің жиынтығы, нәтиже кіреді. Мақсат оқытудың
нақты әдісіне қатаң байланыспайды, дегенмен мақсаттылығы – оқыту әрекетінің, оқыту әдістерінің
ерекше белгісі болып табылады. О қ ы т у т ә с і л д е р і – іс-әрекеттің операциялық тұсын
бейнелейтін әдістің құрамды бөлігі. Дидактикада «әдістеме» ұғымымен қатар «технология» ұғымы да
қолданылады. Т е х н о л о г и я – бұл мақсатқа жетуге кепілдікпен жетелейтін әрекеттердің реттелген
жиынтығы. Оқыту технологиясы танымал оқыту әдістерін өзіне ендіреді, бірақ нақты, дәл берілген
олардың сұрыпталған нұсқауын көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |