№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



Pdf көрінісі
бет27/38
Дата17.01.2017
өлшемі14,19 Mb.
#2082
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38

Пайдаланған әдебиеттер 
1.  Педагогическая энциклопедия. 2-том. Москва, 1965, с.812. 
2.  Кукушин В.С. Дидактика. – Москва – Ростов-на-Дону, 2003, с.128-129 
3.  Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. -М., 1981. -165 б. 
4.  Сабиров Т.С. Оқыту теориясының негіздері – Алматы, 1993. 3-15 б 
5.  Философский словарь. –М., 1963, с. 272 
 
Резюме 
В статье даются понятия «метод», «методика», «технология» на основе работ отечественных 
и  зарубежных  авторов.  Статья  представляет  интерес  для  учителей,  студентов,  магистрантов  и  всех 
интересующихся данной проблемой. 
 

 
163
Summаry 
The notions of «methods» and «technology» are given in the article on the basis of the analysis of 
local  and  foreign  authors.  The  article  is  interesting  for  teachers,  students,  master  students  and  everbody 
interested in this problem. 
  
 
СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЕРЛЕУ ҒҰРЫПТАРЫ 
 
Г. Есжанова, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистранты 
 
Дүние  жүзіндегі  әрбір  халықтың  өзіне  тән  әдет-ғұрыптары  мен  салт–дәстүрлері  болатыны 
тарихтан  баршамызға  мәлім.  Cол  тәрізді  қазақ  халқының  да  ежелден  қалыптасқан  өзіндік  салт-
дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары  бар.  Қазақы  әдет-ғұрыпты  ұрпақтан-ұрпаққа  бұлжытпай ұстанып  келе 
жатқан  аймақтардың  бірі  ретінде  Сырдария  облысының  халқын  атауымызға  болады.  Сыр  елі 
қазақтарының  көнеден  сақталып  келген  дәстүлерінің  бірі  –  «қайтыс  болған  адамды  жерлеу  дәстүрі» 
болып табылады. Қайтыс болған кісіні о дүниеге салт–жоралғысымен аттандыру - әр адамның парызы. 
Адам өлісімен жанында отырған ақсақалдар, оған иман тілеп, бетін жауып, үйдің оң жағына құрылған 
шымылдық  ішіне  кіргізіп,  басын  құбылаға  қаратып,  шалқасынан  жатқызады  да,  үстіндегі  киімдерін 
шешіп үстіне ақ шүберек жабады. 
Мәйіт  шығатын  үй  иесі  мен  ауыл  ақсақалдары  кеңесіп,  жаназаға  қай  ауылдардан  кімдерді 
шақыру  керек  екенін  шешеді  де,  дереу  мықты  аттармен  жан-жаққа  пысық  жігіттерін  аттандырады. 
Жігіттер  барған  ауылдарында  жерінде  үйге  кірмей  ат  үстінде  жүріп  әр  ауылды  жаназаға  шақырады. 
Жаназаға  шақырылған  халық  жиналып  болғанша  өлікті  жөнелтуге  байланысты  шаралар  жасалынып 
аяқталады.  Шығарылатын  мал,  киім,  жыртыс,  ақша,  берілетін  ас  бәрі  ескеріледі.  Ауыл  адамдары 
бірінен соң бірі түгел келіп, өлген адамға иман тілеп, үйіне, туған туыстарына көңіл айтып жұбатқан 
болады. Ауыл әйелдері өлген кісінің әйеліне, қыздарына көрісіп жылайды.  Дүние 
салған 
адамды 
мадақтап  оның  әйелі,  қыздары,  апа,  қарындас  және  келіндері  шаштарын  жайып  салып,  бүйірлерін 
қара салып, жоқтау айтып үнемі жылаумен болады. 
  
Н.Катоновтың  айтуы  бойынша,  қайтыс  болған  адамның  жұбайының,  сондай-ақ  туған 
қыздарының шаштарын жетісі өткенше ауыл әйелдері тарқатып жайып, жетісі өткен соң ауыл әйелдері 
қайтадан  өріп  беретін  болған.  Ал  келіндері  болса,  олар  шаштарын  жетісіне  дейін  өздері  тарқатып, 
керек кездерінде өздері өріп алатын болған екен [1.90б]. 
Жаназаға  келген  халық  қайтыс  болған 
адамның үй-ішімен көрісіп болған соң, марқұмды әрулеу жөнінде өзара ақылдасады. 
  
Алдымен  киіз  үйге  марқұмды  жуындырып,  кебінге  орап,  табытқа  төрт  адам  әрулеп  салады. 
Одан  кейін  ауыл  имамдары  марқұмның  жаназасын  оқиды.  Жаназасын  шығарушы  имам  ақсақал 
марқұмға  жиналған  халықтан  «бұл  кісі  осы  өмірде  адами  тұлғасы  зор  адам  болған  ба?»,  сондай-ақ 
«марқұмнан  ешкімнің  алашағы,  берешегі  жоқ  па?»  деп  сұрайды.  Бұл  сауалдарға  жиналған  қауым 
бірауыздан өзіндік жауаптарын қайырады. Осыдан кейін марқұмды бейітке жерлеуге әкетеді.  
  
Дүние  салған  адамға  арналып  қазылған  көрдің  тереңдегі  өлген  адамның  белінен  келетіндей 
етіп  қазылады.  Содан  кейін  марқұмды  Қағба  жаққа  бүйірлетіп,  биіктігін  тірі  адам  отырғанда  басы 
төбесіне  тимейтіндей  етіп,  ұзындығын  өлген  адамның  бойымен  бірдей  етіп  қазатын  болған.  Мәйітті 
жерлеуге қатысушы дүйім жұрт жерден бір уыс топырақ алып, дұға оқып, сол топырақты марқұмның 
жатқан жеріне сеуіп шашатын болған. «Лақат» деп аталатын қабірдің бүйір жағының тесігі қаланып, 
одан кейін қабір топырақпен көмілген. 
 
 
 
 
 
  
Мәйітті жерлегеннен кейін барлығы марқұмның үйіне оралған. Ауылға жақындағанда барлығы 
тағы  да  дауыс  салып  жоқтап,  аттың  басын  еркіне  жіберіп,  қатты  шабады.  Қатты  шапқандары 
соншалықты,  тіпті  кейбіреулері  аттан  құлап,  өздерінің  бастарын  жарып  та  алғандары  болған.  Содан 
соң  жылап  аттан  түсіп,  бір  –  бірімен  амандасып,  тынышталған.  Осыдан  кейін  бәрі  отырып,  Құран 
оқыған  [2.140б].  Бейіт  жүргіншінің  құран  оқып  өтуіне  ыңғайлы,  жолға  жақын,  бейіт  үстіне  кесек, 
қыштан мола тұрғызу үшін суға, өзен, көл, құдыққа жақын болуы керек. Кедейлер бейіт үстін кесектен 
тұрғызған. Егер  өлген  адам  бай  болса,  оның  басына  үлкен  күмбезі  бар  ескерткіш  қойылған.  Қыстың 
күні қар қалың болған кезде бейіт үсті уақытша қамыспен жабылған. Бейіт басына өлген адам ересек 
болса, құлпы тас, бесіктегі бала болса, бесік қойылған [3.40–41б]. Мәйіт жерленіп, қонақасы берілген 
соң біртіндеп марқұмның жетісі, қырқы, жүзі өткізіледі. Бұл ырымдарды әркім шамасына қарай – мал 
сойып,  құран  оқып,  марқұмға  тие  берсінін  айтып,  еске  түсіреді.  Үлкен  дайындықты  керек  ететін 
марқұмның жылын өткізу, яғни ас беру ғұрпы болып табылады. Үлкен асты өткізу үшін шамамен 30-40 
мың  сом  қаражат  жұмсалды.  Асқа  кісілер  1-2  ай  бұрын  шақырылады.  Қадірлі  қонақтар  үшін  арнайы 
киіз  үйлер  тігілді.  10-15  мың  халық  жиналатын  астар  да  кездеседі.  Өлген  адамның  бәйбішесі  жасы 
үлкен  әйелдермен  бір  киіз  үйде,  тоқалы  жас  әйелдермен  келесі  киіз  үйде  жиналып,  жоқтау  айтып 

 
164
отырды.  Есейген  қызы  болса  ол  да  жоқтау  айтады.  Қазан-қазан  ет  асылып,  кісілерге  қонақасы 
беріледі. Үлкен астарда 20-30 жылқы, 1000 қойға дейін сойылып, ас беру 5-7 күнге созылды. Бірінші 
күні кісілердің жиналуы; екінші күні жамбы ату; үшінші күні құнан жарыс; төртінші күні сайыс; бесінші 
күн  ат  жарыс;  алтыншы  күн  бәйге;  Жетінші  күн  бәйгеге  тігілген  сыйлықтарды  үлестіру,  кісілерді 
аттандыру болды [4].   
 
 
  
Сырдария облысының Қазалы, Перовск уездерінде Кіші жүз руларының арасында берілген бес 
асқа  бірдей  қатысқан  зерттеуші  И.В.Аничков,  шөмекей  руында  өткізілген  «Кәрібай  асы»  туралы 
жазған.  Бұл  ас  шілде  айының  төрт  күні  бойына  Қуаңдарияның  жағасында  өткізілген.  Бұл  асқа 
Сырдария  облысының  Қазалы,  Ырғыз,  Перовск  уездері  мен  Амудария  бөлімінен  арнайы  шақыру 
бойынша 5 мыңға жуық адам жиналған. Қонақтар үшін тігілген ақ үйлердің саны 200–ге дейін жеткен, 
ал  молдалар  мен  ишандарға  «Бұхар  шатыры»  тігілген.  Бұлардан  бөлек  жерошақ  басында  бірнеше 
үйлерді  екі–екіден  тіркестіре  тіккен.  Әдетте  әрбір  үйге  бір–бір  молда  бекітіледі.  Бұл  асқа  Кіші  жүз 
құрамына  кіретін  «Байұлы»,  «Әлімұлы»,  «Жетіру»  тайпаларынан  көптеген  рулардың  өкілдері 
жиналған. Асқа 200 қой, 40 жылқы сойылып, 200 пұт күріш даярланған да, саба – саба қымыздардың 
көптігі сонша әр үйге бір сабадан ғана қойғанда оның саны 200–ден артатындығын айтқан.  
 
Ас  кезінде  әрбір  үйде  тамақ  ішкен  сайын  құран  оқытылады.  Қаралы  үйге  әр  рудың  топтары 
құран  оқытуға  келген  сайын  жоқтау  айтылады.  Ас  басталғаннан  аяқталғанша  кешке  қарай 
ақындардың  айтысын,  жыраулардың  жырын,  күйшілердің  күйін,  әншілердің  әндерін  тыңдап 
тамашалайды.  Асқа  жиналған  адамдарға  мүшелі  табақтар  тартылып  болған  кеште  арнайы  құран 
оқытылып, тұл атты сояды [1.114б].  Тұлданған  атты  қайтыс  болған  адамның,  яғни  егесінің  асына 
соярда  белгілі  дәстүрлі  ғұрыптарды  орындап  отырған.  Сояр  алдында  қазақтардың  сәндеуі  жөнінде 
зерттеуші Н.Рычков былай жазады: «марқұмның ең жақсы көретін аты әдемі ат әбзелдермен ерттеліп, 
үстіне  қара  қыжым  жабылып  әкелінеді  десе,  белгілі  археолог-этнограф  ғалым  Ә.Т.Төлеубаев  өз 
еңбегінде  бұны  толықтыра  түседі:  «Тұлданған  атты  ат–әбзелдермен  ерттеп,  марқұмның  киімдерін 
үстіне салып, қара жауып әкеледі. Содан соң марқұмның ең жақындары онымен көрісіп, жылап, «Бізді 
кімге  тастап  барасың!  Иеңе  сәлем  айт!»  деп  қоштасады  [5.172].  Тұл  атты  соярдағы  онымен  көрісу, 
қоштасу, сәлем жолдау оның о дүниемен байланыстырушы қызмет атқарғандай сыйпаттағы рөлін ескі 
дүниетанымдық анимистік қағиданың негізінде жасалғандығы анық [6.141].  
 
 
Қорыта келе, Сырдария облысы қазақтарында өзіне тән жерлеу дәстүрінің қалыптасқандығын 
аңғарамыз.  Жерлеу  ғұрыптарын  зерттей  отырып,  Сыр  қазақтарының  мәйітті  жерлеуге  байланысты 
өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады. Жоғарыда аталып өткен мәйітті жерлеуге байланысты құнды 
мәліметтер күні бүгінге дейін өз күшін жоймай, күнделікті тұрмыста қолданылып келеді. Бұл ұрпақтар 
арасындағы үзілмес сабақтастықты білдіреді.  
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Арғынбаев.Х. Қазақ отбасы.- Алматы,1996 
2.Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары (отбасылық әдет-ғұрыптар ертеректегі авторлардың 
еңбектері бойынша).–Алматы,2006  
3.Әлімбай.Н.Қазақтың 
өлікті 
жөнелтуге 
байланысты 
жосын–жоралғыларының 
этномәдени 
проекциясы//ҚРҰҒА–ның хабарлары.Алматы,-1994 
4.Загряжский.Аш и тризна по умершим //Туркестанские ведомости.1913.№ 1. 
5.Толеубаев  А.  Т.  Реликты  доисламских  верований  в  семейной  обрядности  казахов  (XI  –  нач  XX).  – 
Алматы,1991. 
6.А.Тоқтабай, Ж. Сейітқұлова. Төрт түліктің қасиеті.–Алматы,2005   
 
Резюме  
Эта  статья посвящена погребальной  традиции  казахов  Сырдаринской области.  Кроме  этого в 
статье показаны особенности погребальных обрядов свойственные Сырдаринской области. 
 
Summary  
 
This article is devoted to sepulchral traditions of Kazakhs in Syrdarya area. Besides the peculiarities 
of sepulchral rites characterities for Syrdarya area are shown in the article. 
 
 

 
165
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚОНЫСТАНУ ТАРИХЫ 
  
 Ж.Құрбанәлі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистранты 
 
Әлемде  қазақ  деген  ұлт  біреу-ақ,  Қазақ  ұлтының  тарихи  этникалық  кеңістігі  ата  қонысы. 
Отаршылдық  жүйе  кезінде  тұтас  бір  ұлттың  қоныстанған  энтотерриториясының  бірнеше  бөліктерге 
бөлінуіне,  тұтас  бір  ұлттың  бірнеше  мемлекеттің  құрамына  тәуелді  болуына  алып  келген  болатын. 
Сондықтан Қазақстаннан тысқары басқа мемлекеттерде өмір сүріп отырған қазақтардың тарихы қазақ 
халқының  жалпы  тарихының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Қазақстаннан  басқа  мемлекеттерде 
өмір  сүріп  отырған  қазақ  қауымының  тарихын  зерттеу  өткен  тарихымыздан  сабақ  алып,  еліміздің 
тұтастығын қорғауда, жалпы қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін толықтыруда өте маңызды. 
Қытайдағы  қазақтар  ШҰАР-дың  Іле  қазақ  автономиялы  облысында  (Іле,  Алтай,  Тарбағатай 
қатарлы үш аймақты өз ішіне алады), Мори қазақ автономиялы ауданында, Баркөл қазақ автономиялы 
ауданында тұрады.  Бір  бөлімі  Үрімжі, Шыхызы, Қарамайлы  қалаларында және  Санжы  хуйзу  (дүнген) 
автономиялы  облысына  қарасты  Шонжы,  Жемсары,  Фукаң,  Мишуан,  Санжы,  Құтыби,  Манас 
аудандарында  тұрады.  Бұдан  басқа,  Шынжаңмен  шекаралас  Чиңхай  өлкесінің  Хайши  моңғол-тибет 
қазақ  автономиялы  облысында  (көбі  Шынжаңға  қайтып  келді),  Гансу  өлкесінің  Ақсай  қазақ 
автономиялы ауданында тұрады [2, 13 б.]. 
Олай  болса  «Қытайда  қазақ  қауымы  қашан,  қалай  қалыптасты?»,  -  деген  мәселеге  қысқаша 
тоқталайық. 
Қытайда қазақ қауымының пайда болуы және олардың қоғамдық-саяси орнының қалыптасуы – 
тарихи құбылыс. «Қытайдағы қазақтар» немесе «Қытай қазақтары» деген ұғым ердтеден келе жатқан 
ұғым  емес.  Ол  –  таяу  заманның  (жаңа  тарихи  дәуірдің)  туындысы,  яғни  ол  –  ХІХ  ғасырдың  орта 
шешіндегі  тарихи  себептердің  салдарынан  Қытайда  қазақ  қауымының  пайда  болуымен  қалыптасқан 
атау [1, 7 б.].  
Қазақ  халқының  тағдырын  екі  алып  империяның  бір  күнде  шешуі  бұл  ұзақ  уқытқа  созылған 
жаулап алу үрдісінің нәтижесі деуге болады. Қытайдың Цин (Qing – Чин, Ежен хан) патшалығы XVIII 
ғасырдың  орта  шенінде  Жоңғар  хандығын  жойып,  үйғырлар  көтерілісін  жаныштап,  Тянь-Шань  тауы 
өлкесіне  өз  билігін  орнатуы  барысында  қазақтармен  де  дипломатиялық қарым-қатынас  орнатты.  Бұл 
кездегі қазақ ханы Абылай қазақ елін біртұтастандырып, қазақ хандығының этникалық территориясын 
қалыптастыруды  өзінің  басты  мақсаты  еткенімен,  бірақ  ол  кездегі  жағдай  оны  Цин  патшалығымен 
тікелей  байланыс  жасауға  мәжбүр  етті.  Сөйтіп  Абылай  хан  Цин  патшалығының  Іледегі  әскери 
қолбасшыларымен бірқатар барыс-келістер жасау арқылы олардың тамырларын басып, ниетін байқап 
бағып бақты. Ақыры 1957 Чиң патшалығымен ресми қарым-қатынас орнатты [2]. 
Ұлы  жүз  ханы  Әбілмәмбет  те  1758  жылы  Цин  патшалығымен  дипломатиялық  қарым-қатынас 
орнатады.  Осыдан  кейін  қазақ-қытай  арасындағы  байланыс  дамып,  экономикалық-сауда  істері  өсе 
бастайды.Цин  патшалығы  1758  жылы  Үрімжіде,  1760  жылы  Іледе,  1763  жылы  Тарбағатайда 
қазақтармен  сауда  жасайтын  арнаулы  базарлар ашып, малға  мата  айырбастайтын  халқаралық  сауда 
кең  көлемде  дамыды.  Екі  жақты  экономикалық  айырбас  сауданың  кең  көлемде  дамуы  қазақ-қытай 
арасындағы саяси-дипломатиялық қатынастың да өрістеуіне себеп болды. Қазақ хандары шамамен әр 
екі  жыл  сайын  өз  елшілерін  Цин  патшалығының  императорына  тарту-таралғысымен  бірге  елшілікке 
жіберіп отырған. Ал император болса өзіне келген елшілерге сый-құрмет көрсетіп, қазақ хандарының 
өтініші  бойынша  олардың  хандық  лауазымдарын  өзінің  жарлық  хаттарымен  (грамотасымен)  растап 
отырған.  Бірақ  Цин  патшалығы  қазақ  елінің  ішкі-сыртқы  істеріне  араласып,  билік  жүргізуге  бара 
қоймады.  Керісінше,  олар  қазақтар  хандық  жүйесінің  мығым  болуын  қолдады  және  сол  арқылы 
қазақтарды өз шекарасының сыртындағы қамал-қорғаны етуді көздеді [1, 8 б.]. 
Ол  кезде  қазақ ханы  Абылай  Алтай, Тарбағатай және  Іле  аймақтары  қазақтардың  атамекені, 
«жоңғарлар  жойылды,  енді  қазақтар  сондағы  көне  жұртына  қайтып  баруы  керек»  деген  танымда 
болды.  Абылай  хан  өзінің  Цин  патшалығы  ордасына  алғаш  жіберген  елшілігіні  арқылы  император 
Цяньлунның  (Qian  long  –  Чянлұң)  қазақтардың  атамекені  –  Тарбағатайды  қазақтарға  «жарылқап» 
беруін  талап  етті.  Осыған  орай  Цин  патшасы  қайтарған  жауабында:  «Абылай,  сендер  –  шалғайда 
жатқан  жат  елсіңдер...  Сенің  елшің  бізге  «Тарбағатай  тегінде  біздің  байырғы  жеріміз  еді.  Сол  жерді 
патша  бізге  жарылқап  бере  салса»  деген  талабыңды  жеткізді.  Бұл  өңір  –  жаңа  ғана 
тыныштандырылған, әлі иен жатқан өлке. Патша, әсілі ол жерді сендерге қиып бере салар еді, бірақ 
сендер  бізге  еңбек  сіңірмей-ақ  елдесіп  алдыңдар.  Сондықтан  ол  жерді  сендерге  сыйға  бере  салу 
мемлекеттік  тәртіпке  қиғаш  келеді...  Егер  сендер  «Әмірсананы  тұтқындап  әкеп  бер»  деген  біздің 
талабымызды  орындайтын  болсаңдар,  онда  ол  жерді  сендерге  жарылқап  бере  салуға  болады»  [1,  9 
б.], - деп жазған. Бұдан біз Абылай ханның қазақтың этнотерриториясы жөніндегі танымын және оны 
қалпына келтіруге тырысқан дипломатиялық талпынысын көруге болады. 

 
166
Абылай  хан  қазақтың  шығыстағы  ежелгі  ата  мекенін  Цин  патшалығынан  сұрап  ала  алмаған 
соң, сол жерлерге шаруаларды біртіндеп қоныстандыру арқылы иелену әдісін қолданды. Абылай хан 
мақсатты  түрде  Орта  жүз  бен  Ұлы  жүзің  бірқатар  руларының  шығысқа  жылжып  көшу  қозғалысын 
бастады.  Сонымен  шығыстағы  көне  жұртқа  өрлей  көшкен  қазақ  шаруалары  Цин  патшалығының 
Ертістен  Ілеге  дейін  көлденеңдетіп  шекара  обаларын  ішкерлей  қоныстап,  мал  бақты.  Кейбір  рулар 
шекаара  обаларының  арғы  бетіне  өтіп  барп,  қыстап  жүрді.  Бірақ  Цин  патшалығы  қазақтарды 
шекараның  арғы  бетіне  өткізбеу  саястын  қолданды.  Шекаралық  қоғаныс  әскерлері  күн  жылына 
бастағанда қарауылдары шығып көзіне көрінген арғы беттегі қазақ малшыларын қуып, кері қайтарып 
тұрды.Бірақ  қазақ  малшылары  қыс  мезгілінде  қайтадан  шекараның  арғы  бетіндегі  жайлы  жерлерге 
көшіп  барып  қыстайды,  кейбір  рулар  жаз  айларында  да  сол  жақта  қала  берді.  Цин  патшалығы 
олардың барлығын түгелдей қуғындап, кері қайтарып отыруға шамасы келмеді. Олар енді Абылай хан 
арқылы қазақтарды кері қайтармақ болды. Цин патшалығы ордасы шекара қорғаныс шонжары Гүйге 
түсірген  жарлығында:  «Дереу  әскер  жіберіп,  Тарбағатайдан  кірген  қазақ  малшыларын  қуғындап, 
шекарадан  шығарып  жібер.  Абылайға  адамдарын  кері  қайтарып  әкетуді  айт!»  [1,  10  б.]  –  деп 
бұйырады. Абылай хан керісінше, Цин патшалығы ордасынан Іллені қазақтарға қайтарып беруді талап 
етеді. Соған орай Цин патшалығы ордасы 1760 жылы 8 маусым күні Абылай ханға жолдаған хатында: 
«сенің елшің айтуынша, ойрат жері қазір иен жатыр екен. Қазір Әбілпейіздің қол астындағы Таңатар 
руы Барлық тауында, тарбаторсық көлінде тұрады, Қарқаралы руының ішіндегі Есенгелді, Жолымбет 
рулары  Алтынемел,  Қаратал,  Көксуда  тұрады.  Сонымен  қоймай,  патша  жарлықағанның  үстіне 
жарылқай  түсіп,  «қазақтардың  Ілеге  барып  мал  бағуына  рұқсат  берсе»  деген  екенсің.  Тарбағатай 
қатарлы жерлер – ежелден жоңғарлардың жері, патша ол жерлерді қалың қолмен тыныштандырған. 
...  Қазақтар,  сендердің  жәйілім  жерлерің  ұлан-ғайыр  кең  дала  болғандықтан,  біздің  шекара 
қарауылымыздан асып келуді ойлайтын жөндерің жоқ, бұрынғы орындарыңда тұра берулерің керек-ті. 
Тарбағатай сияқты жерлерді сұрағаныңда, Абылай, саған патша бермеген еді ғой. Қазір сен қалайша 
өз  білгеніңше  (шығысқа  қарай)  өріс  жайып  келесің?!  Жоңғарлар  кезінде  ол  жерлердікүшпен  тартып 
алғанда,  сендер  олардың  маңайына  келе  алмаған  едіңдер.  Патша  Ілені  тыныштандырғаннан  кейін 
ғана сендер бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алдыңдар. Осыны неге қанағат тұтпайсыңдар?» [1, 10 б.] жеп 
жазған.  Бұл  мәліметтерден  сол  кездегі  қазақтар  мен  Цин  патшалығы  арасындағы  жерге  таластың 
бейбіт түрде қатаң жүріп жатқандығын аңғартады. 
Цин  патшалығының  алғашқы  кезде  өздері  орнатқан  шекара  қарауылдары  тұрақсыз  болды. 
Жзда сыртқа қарай жылжытып апарса, қыста ішке қарай ондаған шақырым жерге жылжытып отырды. 
Ал шекара қарауыл облысының төңірегінде қазақ малшылары шығысқа қарай жылжып көшіп отырды. 
Олардың  барлығын  қайтарып  отыруға  Цин  патшалығының  шекара  қорғаныс  әскерлерінің  шамасы 
келмеді.  Ақырында  Цин  патшалығы  шекара  өңірінде  қалыптасқан  жағдайды  мойындауға  мәжбүр 
болды.  Шекара  маңындағы  жерлерге  келіп  мал  баққан  қазақтардан  тиісті  жер  төлемін  (салығын) 
алып,  олардың  мал  бағып  тұра  беруіне  рұқсат  етті.  Ақырында  Цин  патшалығы  ордасы  қазақтарға: 
«Малдарың  жұтап, жайлы  қыстау  іздеп,  біздің қарауылдан өтіп  келіп,  мал бақпақ  болсаңдар,  сендер 
әуелі біздің жергілікті әмбілерге (уәзірлерге) хабарлап, оларға жер салығын төлеулерің керек» [1, 11 
б.] деген. Қазақтар олармен келссөздер жүргізу арқылы әрбір жүз бас малға бір бас малды (жылқыны) 
беріп  отырыуға  келіскен.  Цин  патшалығының  қазақтарға  жолдаған  жарлығында  «Сендер  бірнеше 
ондаға жылдардан бері ептеп ішкерілеп жылжып, еніп келесіңдер. Біздің генерал әмбілеріміздің өтініші 
бойынша, әсілі сендерді жазаға тарту керек еді.Бірақ патша сендерге кең пейілділік істеді. Сендердің 
шекара  қарауылымыздың  бер  жағындағы  иен  жатқанжерлерге  келіп  мал  бағуларыңа  рұқсат  берген 
«Жарлығын»  жариялады.  Мұның  бәрі  –  сендердің  бізбен  елдескендіктерің  үшінпатшаның  жасаған 
шапағаты.  Өздерің  өсіп-өркендеумен  қатаркөршілес  елдеріңмен  де  тату  тұрып,  патшаның  мейір-
шапағатына мәңгі бөлене беріңдер» [16 11 ,7] делінген. Бұл деректен қазақтардың шығысқа жылжып 
көшіп, атамекенге оралуын іс жүзінде Цин патшалығының мойындағандығын көруге болады. 
ХІХ  ғасырдың  орта  шенінде  Патшалық  Ресейдің  Қазақсанды  отарлау  әрекеті  күшейген  тұста 
қазақ  шаруалары  шығысқа  үдіре  көшті.  Олар  Қытайдың  қорғаныс  әскерлерінің  тосқауылына 
қарамастан,  шекара  қарауыл  обаларынан  асып,  оларды  кері  қайтармақ  болған  Цин  патшалығы 
әскерлеріне  қарумен  қарсылық  көрсетті.  Тіпті  қан  төгіс  болса  да,  барған  жеріненқайтпады.  XVIII 
ғасырдың орта шенінде Тянь-Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекеніне қарай жылжып көшкен 
қазақтар ХІХ ғасырдың орта шенінде Цин патшалығңының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай 
аймақтарының бірқатар аудандарына барып қоныстанды. 
ХІХ  ғасырдың  60  жылдары  Қазақстанды  толық  жаулап  алған  Ресей  Патшалығы  отарлаған 
территориясының  шығыс  жақ  іргесін  Цин  патшалығының  қарамағындағы  жерлерге  апарып  тіреді. 
Сонымен,  Патшалық  Ресей  мен  Қытай  Цин  патшалығы  арасында  шекара  мәселесі  туындап,  екі 
империяның  қазақ  даласына  таласуы  басталды.  Қытай  Цин  патшалығы  үкіметі  мен  патшалық  Ресей 
үкіметінің  өкілдері  1861  жылы  Қытайдың  батыс-солтүстік  шекарасын  белгілеу  мәселесі  бойынша 
келссөздер  бастады.  Олар  қазақ  жеріндегі  мемлекеттік  шекара  шегін  белгілеуге  көп  таласты,  Қытай 

 
167
Цин  патшалығы  үкіметі  «ол  жерлер  –  жоңғарлардың  жері,  ал  жоңғарлар  –  қытайдың  пақыры, 
сондықтан  олардың  аяқ  басқан  жерлері  Қытайға  тән  болуы  керек»  десе,  патшалық  Ресей  үкіметінің 
өкілдері  «ол  жерлер  қазақтардың  ежелгі  атамекені  екендігін»  дәлелдеп  дауласты.  «Біз  ақыры  бұл 
өңірдің  қырғыз  (қазақ)  даласы  екендігін  тұрақтандырдық,  ол  өңірлер  қырғыздарға  тән  болуы  керек, 
әсте Цин патшалығына тән жер емес деген тұжырым жасадық» [1, 12 б.] дейді ресейлік куәгер. Ресей 
жақ осы негізде және өздерінің әскери күшіне сүйене отырып, Цин патшалығы үкіметінің өкілдерін бір 
мәмілеге  келтіргендігі  шындық.  Сонымен  екі  жақ  1864  жылы  7  қазан  күні  Қытайдың  Шәуешек 
қаласында «Қытай-Ресей батыс-солтүстік шекараны белгілеу келісімне» қол қойды.  
Аталмыш  келісім  жалпы  он  тараудан  тұрады.  Соның  бесінші  тарауында  «Қазір  шекараны 
ақылдасып  бекіттік.  Екі  ел  мәңгі  тату  болады.  Осыдан  кейін  екі  мемлекет  осы  белгілеген  шекара 
маңындағы өңірде отырған малшыларға таласпау үшін осы келісімшарт бір-біріне тапсырылған күннен 
(күшіне  енген  күннен)  бастап  ол  адамдар  бұрыннан  бері  қай  жерде  мал  бағып  отырған  болса,  сол 
орындарында мал бағып отыра берулері керек. Олар сол бұрыннан бері отырып келген қоныстарында 
орныға  отырып,  бұрынғы  шаруашылықтарымен  шұғылдана  берулері  керек.  Жер  қайсы  мемлекетке 
бөлінсе, онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады», - [1, 13 б.] 
деп белгіленген. Осы келісім бойынша Қытай мен Ресейдің мемлекеттік шекарасының қазақ жеріндегі 
негізгі  шеп  шеңбері  (линиясы)  белгіленді.  Сонымен  қатар  қазақ  жеріндегі  Қытайға  тиген  бөлігіндегі 
қазақтар – отырған жерімен бірге Қытайдың, ал Ресейге тән болған өңірдегі қазақтар тұрған жерімен 
бірге  Ресейдің  басқаруында  қалды.  Демек,  1864  жылғы  Қытай-Ресей  Шәуешек  келісімі  іс  жүзінде 
біртұтас қазақ халқының және оның жеріндегі екі мемлекет – Қытай мен Ресейге тәуелді болғандығын 
құжат жүзінде  заңдастырды.  Сөйтіп  шығыстағы  атамекеніне  оралған  қазақтар отырған жерімен бірге 
Қытайға  тәуелді  болды.  Содан  кейін  ғана  Цин  патшалығы  өзінің  қарамағындағы  қазақтарды  шын 
мәнінде «Қытай азаматы» санады.  
Қорыта  келгенде  жоғарыда  атап  айтқанымыздай  Қытайда  қазақ  қауымының  пайда  болуы 
тарихи  құбылыс.  Өзінің  байырғы  шығыстағы  ата  мекеніне  оралған  қазақтардың  Қытайға  тәуелді 
болуына алып келді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет