2.2. Білім берудегі инновациялық процестер Білім берудегі инновациялық процестер. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы.Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау.
Педагогикалық қызметтің инновациялық багыттылыгы. Білім берудегі инновациялар.
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәрінс де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Хүтвс педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болған-дықтан мүғалімнен арнайы психологиялық - педагогика-лық дайыңцық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мүғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Оқушыларға сапалы білім берудегі озық педагогикалық технологиялардың тиімділігі.
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:
• Жобалау технологиясы;
• Саралап даралап оқыту;
• Дамыта оқыту технологиясы;
• Модульдік оқыту технологиясы;
• Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
• Сатылай комплексті талдау;
• VTS бағдарламасы;
• Деңгейлеп оқыту технологиясы;
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Абай.
21-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.
Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.
Қазіргі инновациялық-озық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Ғалым–педагог, психологтар пайымдауына жүгінсек, В.Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологий» деген еңбегінде оны «Оқу-тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы»,- деп қарастырады.
Инновациялық (озық) білім беру деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарсты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.
Оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп, төмендегідей топтастыруға болады.
Бағыттары Түрлері Авторлары
1 Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі технология Педагогикалық қарым-қатынас Ы.Алтынсарин
Ізгілікті-тұлғалық технологиясы Ш.Аманошвили
Әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту Е.Ильина
2 Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі технология Тірек белгілері негізінде оқыту В.Шаталов
Ойын арқылы оқыту технологиясы В.Коваленко
Проблемалық оқыту технологиясы М.Махмутов, А.Матюшкин, В.Оконь
Коммуникативтік қарым-қатынас Е.Пассов
3 Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару Деңгейлеп-саралап оқыту Ж.Қараев,
Г.Селевко
Топтық және ұжымдық оқыту В.Дьяченко, И.Ривин
Компьютерлік оқыту Қ.Ағанина, М.Жүсіпбалиева
Бағдарлап оқыту В.Беспалько
4 Оқу материалын әдістемелік жетілдіру, дидактикалық қайта құру Мәдениеттер диалогы В.Библер
С.Курганов
Экология және диалектика Л.Тарасов
Дидактикалық білімдерді ірілендіру П.Эрдинов
5 Жеке пәндік технология Сауаттылыққа ерте тәрбиелеу А.Кушнир
Сатылай талдап оқыту Н.Оразақынова
Өздігінен дамыту технологиясы М.Монтессори
6 Баламалы педагогикалық Еркін еңбек технологиясы С.Френен
Вальдорф технологиясы Вальдорф
7 Табиғи байқағыштық Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу А.Кушнир
Өзіндік дамыту Т.Семеко
8 Дамыта оқыту Дамыта оқыту жүйесі Л.Выготский, В.Заньков, Д.Эльконин, В.Репин
Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту И.Якиманская
9 Авторлық мектептің педагогикалық технологиясы Педагогикалық бейімдеу мектебі Е.Ямбург
Өзін анықтау мектебінің технологиясы А.Тубельский
Мектеп бағы М.Балабан
Ертеңгі күн мектебі Ховард
Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: