1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік



бет14/18
Дата27.11.2023
өлшемі219,97 Kb.
#129950
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік-emirsaba.org

2. Компаративистік әдіс. Диалог, «өзінікі мен өзгенікі», рецепция, «қарсы ағыс», генезис, типология, интермәтін, палимсест сияқты ұғым-түсініктерге сүйенетін компаративистикалық ілім салыстыру мен салғастыруды «өзінікі» мен «өзгенің» арасындағы «теңдік» пен «ерекшелікті» анықтаудан бастайды. Шығармашылық еңбекте «салыстыру» қағидатын қолдану ауыспалы мағыналарға көп назар аударуға жетелейді. Өнер түрлерінің арасындағы диалогті зерттеудің де берері көп. Компаративистік көзқарастың бір ерекшелігі ол әдеби коммуникацияның кез келген бөлігін жеке тексере алады.
Қазіргі заманға компаративистиканың жетекші идеяларының қатарына әсер ету мен қабылдаудың құндылығының теңгермелілігі жатқызылып жүр. «Ықпал ету» теориясын негізге алған зерттеулер нәтижелі бола бермейді, өйткені ол үнемі жүріп жататын үдеріс болғандықтан адресат пен рецепиенттік қарым-қатынасын бөліп алып қарастыру өте қиын. «Әсер ету», «ықпал ету» деген түсініктерден гөрі екі жаққа ортақ «әдеби байланыстар» деген терминді қолдануды жақтайтындар көбейіп келе жатыр.
Әсер ету рецепиенттің көркем ойлауын өзгертеді екен, бірақ диалог барысында автор да басқа сипатқа ауысады, сөйтіп көркем мәтіннің бұрын байқалмаған жаңа қырлары ашылады. Әсер етудің сыртқы фактордың ішкі факторға өтуі жиі байқалады. Мәтінің қайта жаңғыруы, жарақталуы аударма барысында көп кездесуде. Қазақ авторларының шығмаларының басқа тілге аударылған нұсқаларын салыстыра тексеру арқылы ұлттық әдебиеттің концептілерін нақтылауға мүмкіндік бар.
Компаративистер екі көркем мәтінді салыстыра зерттеу кезінде алдымен олардың жанрлық сипаттарын, баяндау тәсілдерін, тақырыптарын, мотивтерін есепке алуды ұсынады. Әрі қарай стиль мен әдеби тіл мәселесіне көшу қажеттігін айтады. Мәтінаралық байланыстарды анықтау жұмысы эллюзия, пародия, цитация, вариация, коллаж, монтаж, пастиш, филиация, реминсценация сияқты құбылыстарды қарастыру арқылы жүргізіледі. Автордың бұл түсініктерді өзінше қорытуы, ыңғайлауы, бейімдеуіне компаративистика баса назар аударады.

25,26-ДӘРІС. Антропологиялық әдіс
Антропология – адам туралы ілім, шығармада адам болмысын зерттейді. Көркем антропология төл әдебиетіміздің аз зерттелген саласы болып табылғанымен, оны өнертанудағы тіптен жаңа бағыт деп санауға болмайды. Өйткені ол жеке өнердің теориясы мен дағдысын зерттеуде антропологиялық ғылымның жетістіктерін жинақтайды.

Көркем антропология өнертанудың басқа бағыттарымен тығыз байланысты болғанымен, әдебиет теориясының жеке бір бағыты ретінде де қарастыруға болады. Атап айтар болсақ, тарихи және теориялық поэтиканың – теориялық поэтика мен сюжетологиялық, характерологиялық, стилистикалық ауқымын саралауда көркем антропологияның орны бөлек.


Көркем антропологияны зерттеу, әр кезеңдегі әдеби процесстегі жазушылар шығармашылығындағы антропологиялық образдарды айырып қарау әдебиеттегі адам бейнесін тарихи, типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы аспекте танып-білуге мүмкіндік береді.
Қазақ әдебиетіндегі көркем антропология өз бағасын әлі алған жоқ. Тәуелсіздік кезеңі тұсындағы қазақ әдебиетінде рухани болмысты ұлттық идея негізінде кейіпкер болмысы арқылы ашуға деген көркем антропологиялық ұмтылыстар кеңінен өріс алды. Адамның жеке дене мүшесіне көркемдік салмақ арту арқылы ұлттық дүниетанымға тән қасиеттерге, көзқарастарға келудің өзі де түрлі қолтаңбалық ерекшеліктерімен көрініс тауып отыр. Мәселен, Г.Шойбекованың екі беттен тұратын «Бұрым» атты әңгімесінде жазушы кейіпкерінің түн баласына бұрымынан қорлық көріп, кірпік ілмей шығатынын, қылқындыра тұншықтырып шошып оянатынын баяндайды.
Сонымен қатар «Бүйрек» атты әңгімесінің көркемдік әлемін тану үшін де көркем антропологиялық ізденістер арқылы шешім табуға тура келеді. Жазушы кейіпкерінің сауалы арқылы өз жұмбағын алға тартады. Автордың ұсынып отырған жұмбағының түйіні шығармасының соңында бірақ шешіледі. Автордың айтпағы: кейіпкерлерінің қарым-қатынасын махаббатқа жорып, тым келте қайырмай, адамдар арасында махаббаттан да биік жақындық, табиғи туыстық болатындығын түсіндіріп, жеткізу. М.Балмолданың «Көшпендінің жүрегі» атты әңгімесінде де суреткер әуедегі екі кейіпкердің екі түрлі танымы мен болмысын ақша бұлттар деталін беру арқылы жеткізген.
Жалпы, қазіргі қазақ прозазындағы көркем антропологиялық ерекшеліктер алуан қырынан байқалатынын әңгімелерді талдау арқылы көз жеткізуіміз қажет (Ауызша талдаймыз... Берілген тапсырмалар арқылы жазбаша толықтырамыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет