1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік



бет1/18
Дата27.11.2023
өлшемі219,97 Kb.
#129950
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік-emirsaba.org


1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік


1, 2-ДӘРІС. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік

Адамзатттың барлық түрдегі іс-әрекеттері, қызметтері бірқатар жағдаяттар арқылы анықталады. Олардың түпкі нәтижелері кім (субъект) әрекет жасағанына немесе ол неге (нысан) бағытталғанына ғана байланысты емес, бұл үдерістің қалай аяқталғанына, бұл тұста қандай тәсілдер, әдістер, құралдар пайдаланылғанына да тәуелді. Бұл – әдістің мәселесі болып табылады.


Әдіс (грекше – methodos), сөзді кең мағынасында қарастырғанда, «әлденеге апаратын жол» дегенді білдіреді, субъектінің кез-келген түрдегі қызметінің тәсілі болып табылады. «Әдістеме» ұғымының негізгі екі мағынасы бар: кез келген қызмет аясында (ғылымда, саясатта, мәдениетте және т.б.) қолданылатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің жүйесі; осы жүйе туралы ілім, әдістің жалпы теориясы, іс жүзіндегі теориясы алдағы дәрістерде қамтылады.
Әдістің негізгі қызметі – таным үдерісінің іштей ұйымдастырылуы немесе реттелуі немесе әлдеқандай нысанның іс жүзінде өзгертілуі болмақ. Соған орай әдіс белгілі бір ережелердің, тәсілдердің, танымдық өлшемдердің және әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Оның нақты міндетті жүзеге асыруға, нақты нәтижеге жетуге бағытталған ұйғарымдардың, қағидалардың, талаптардың жүйесі екендігі белгілі. Ф.Бэконның, Р.Декарттың әдіс жөніндегі анықтамаларына тоқтала отырып, Гегельдің әдіснаманы дамытуға қосқан үлесін де атап өтеміз.
Жалпы ғылыми әдістеріне, олардың әрқайсысына тоқталып, сипаттама береміз. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі (мысалы, бақылау, эксперимент, өлшеу, т.б.) эмпириялық деңгейде, бірқатары (мысалы, идеалдау, пішіндеу, .с.с.) теориялық деңгейде қолданылатынына тоқталып өтеміз... Жеке ғылымдар салаларының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес қолданылатын әдістер туралы да білуіміз керек. Әдебиеттен басқа да жеке пәндерде қолданылатын физикалық, биологиялық, әлеуметтік және т.с.с. тар шеңбердегі әдістердің де маңызы ерекше.
Әдеби туындыларды, жазушылар шығармашылығын, сөз өнеріндегі көптеген құбылыстарды салыстыра, салғастыра қарастыру барысында өзара ұқсастықтарды байқауға болады, оларды тек творчестволық ауыс-түйіс, біржақты әсер ету деп қана қабылдауға болмас. Әдеби мәтінді алдағы әдістер арқылы оқу, қабылдау, түсіну, талдау, бағалау барысында аналогиялық ойлау, салыстыру, топтау, жүйелеу, диалогқа бару, ынтымақтастық, ортақтастық, жалпылық қасиеттер мен сипаттарды жүйелеу мен жинақтау жүргізілгені дұрыс. Қазіргі кездегі әдеби зерттеулер көбінесе ұқсастық төңірегін айналшықтайды. Ал теңдік, ыңғайластық, сәйкестік, айырмашылық, қосжарлық (контраст) та әдеби мазмұн мен сипатта болатындығын дәлелдеген ғылыми зерттеулер жетерлік. Көркем мәтіннің түрлерінің көбеюіне орай оларды салыстыра зерттеуге әдеби компаративистика белсене араласып, ол мәтіндегі ұлттық ерекшеліктердің көрінуін, ортақ заңдылықтардың берілу түрлерін ұзақ жылғы әдеби үдерістің негізінде қарастырды.
Ғылым философиясының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдағы дамуы, жетілуі, ғылымдардың шегінде пайда болған аралық (өтпелі) ғылымдар жөнінде де аз-маз тоқталып өтеміз. Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде және ғылымның шешуін талап ететін көптеген соны мәселелерге байланысты пайда болған ғылымның социологисы, ғылым психологиясы, ғылым логикасы және т.с.с. ілімдердің ғылмдардың барлық түрлеріне, оның ішінде әдебиетттануға да қатысты қолданылуында әмбебаптық сипатқа ие.
Бастапқыда ғылыми айналымға жәй бір қатардағы көп теорияның бірі ретінде кірген әдеби зеттеу әдістемесі бүгінде гуманитарлық сала мамандарының үлкен қызығыушылығын тудырып отырған ғылыми жүйеге айналды. Әдебиетті таныу мен әдебиеттің теориялық сипатын саралайтын арнайы еңбектер мен оқу құралдарының бар екені белгілі. Олар өз кезеңінде әдебиетті саралайтын нақты категориялар мен терминдердің жиынтығынан тұрады.
«Кез-келген белгі білдірілетін және білдіретін зат пен құбылыстың бірлігі, олар туралы ақпараттың иесі. Мәселен, біз көзбен көрмегенімізбен «арба», «стол» деген заттардың атын ести отырып, ол туралы бір түсінік қалыптастыра аламыз. Белгідегі ең бастысы мағына мен оның көрінісі. Белгілер жүйесінде мағына ең үлкен әрі аса маңызды категория. Тіл де, тарих та, маххабат та бәрі-бәрі белгілер жүйесі». Олай болса, белгі дегеніміз не? Белгі болудық шарттары қандай? Белгінің тәндік не жандық, не басқалай құндылықтар жүйесіндегі анықтамалық қасиеті бар ма? Бар болса оны қанлай тұжырымдармен дәлелдейміз?
ХІХ ғасыр басындағы бірқатар философтар заттар мен белгілердің ара- қатынасын ажыратуға талпынған болатын. Мұның қиындығы сол, кейбір жағдайларда белгі болып ұғыналатын нәрселер басқа бір құндылықтар жүйесінде жай ғана қарапайым зат болуы мүмкін (мәселен, Құранды – Алланың сөзі деп қәдірлеп қасиетті, күрделі ұғымдар мен белгілер ретінде де немесе жай көне кітәп ретінде де қарастыратындар бар).
Мәселен, бұлай болғанда, жалын белгі деген ұғымды қарастыру түрлі ғылымдар жүйесінде әрбір жағдайға байланысты әрқалай болады. Демек, бұл әдістің нақты спецификалық нисаны жоқ дегенді білдіреді.
Осы мәселенің қыр сырына үңілген ғалым Ц.Тодаров оған төмендегідей анықтама береді: «Здесь необходимо ввести родовое по отношению к понятию литературы понятие дискурса (discours). Это - структурная пара к функциональному концепту "употребления" (языкового) (usage). Почему необходимо это понятие? Потому, что языковые правила, обязательные для всех носителей языка, - это лишь часть правил, управляющих производством конкретной речевой продукции. В языке - с различной степенью строгости - закреплены лишь правила комбинирования грамматических категорий внутри фразы, фонологические правила, общепринятые значения слов. Между совокупностью этих правил, свойственных всем без исключения высказываниям, и конкретными характеристиками конкретного высказывания пролегает пропасть неопределенности. Эту пропасть заполняют, с одной стороны, правила, присущие каждому дискурсу в отдельности: официальное письмо составляют иным образом, нежели письмо интимное; а с другой - ограничения, которые накладывает ситуация высказывания: личность адресанта и адресата, условия места и времени, в которых возникает высказывание. Специфика дискурса определяется тем, что он располагается по ту сторону языка, но по эту сторону высказывания, т. е. дан после языка, но до высказывания». Құрғақ құрылымға «ұлы мағынаны» телиді. Әлбетте, бұл тұйыққа апарар тәсіл. Дегенмен мәселенің мәнін емес, сыртқы механизмін, прагматикалық (мұның өзі де шартты ұғым) тиімділігін айқындауда бұл әдіс таптырмайтын тәсіл екенін де айтуымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет