1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік


,8-ДӘРІС. Филологиялық мәтінтану жұмыстарының әдістемесі



бет4/18
Дата20.02.2023
өлшемі89,56 Kb.
#69648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
7,8-ДӘРІС. Филологиялық мәтінтану жұмыстарының әдістемесі

Қазіргі кезде филологияның ғылыми жүйеде өз орны бар, ол жан-жақты әрі жедел дамып келе жатқан ғылыми салалардан тұрады. Жалпы алғанда филологияны – негізгі зерттеу нысаны мәтін (textus – өрілу, байланысу) болып табылатын гуманитарлық ілімдер кешені деп түсіну қалыптасқан. Филологияны белгілі бір халықтың әебиеті мен тілін зерттейтін ғылым деп қана санайтындар да бар. Кең тұрғыдан алғанда бұл ілімді адамзаттың рухани болмысының тарихы мен теориясын зерттейтін ғылымдар циклы деп бағалаудың қажеттілігін ұсынып жүргендер көп. Осының бәрі филологияны жалпы және жеке деп үлкен екі топқа бөліп қарастыруға негіз болып отыр. Жалпы филология мәтіннің барлық түрлерін зерттесе, жеке филология бір тілдегі немесе бірнеше туыстас тілдегі мәтіннің жалпы және жеке аспектілерін зерттеудің жиынтығынан тұрады. Филология ғылымдары арасында тұрақты байланыс бар, олардың қарым-қатынасы жан-жақты және күрделі, олардың көбі сырт көзге бірден байқала бермейді, сондықтан филологиялық зерттеу – төзімді, көп еңбектенуді, уақыт параметрлеріне сәйкес ойлап үйренуді талап етеді.


Жалпы, оның құрамында мәтінтану, әдебиеттану, тілтану, аударматану, деректану, журналистика, семиотика, риторика, мәтін теориясы, герменевтика, мотвология, поэтика, стилистика, когнитивтік лингвистика, құжаттану деп аталатын жеке ғылыми пәндер бар.
Ежелгі үнді, қытай ғалымдарының мәтінтану саласындағы жұмыстарында, Аристотельдің еңбегі мен қайта өрлеу заманында Э.Роттердамский, Макиавели сияқты ғалымдардың трактаттарында әр түрлі тілдегі мәтіндер арасындағы байланыстарды анықтау үшін аударма мәтіндерді түпнұсқа мәтіндермен салыстыра зерттеген. Ағартушылық кезеңде Декарт, Лейбниц, Ньютон жасанды тіл арқылы көпшілікке ұғымды болатын мәтін құрудың жолдарын іздей бастады.
К.Лонсло мен Арно деген ғалымдар «Логика» (1662) атта еңбегінде мәтінді дұрыс құрудың филологиялық нормаларын анықтап, оларды тиімді қолданудың жолдарын ұсынды. Бұл авторлар мәтінді ерекше ұйымдасқан логикалық бірлік деп деп білген. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы филолог ғалымдардың салыстырмалы-тарихи зерттеулерінің нәтижелері ХХ ғасырда компаративистика ілімі үшін мәтінаралық байланыстардағы ортақ филологиялық заңдылықтарды ашу үшін ерекше тиімді материал болды. В.Гумбольд индуктивтік және дедуктивтік граммантика арқылы әр мәтінде сол кезеңің дүниетанымы, халықтың рухани қасиеті сақталатынын көрсетті. Г.Штейнталь (1823-1899) мәтіннен ассоциативтік психолгияның сілемдерін іздеді.
Мәтінтану проблемасы мәтін теориясы мәтін тарихы мен мәтінтану деген екі ұғымның айырмашылықтарын танып-білу жөніндегі ізденістер мен зерттеулерден бастау алды. Бұл екі ұғымының арасына теңдік белгісін қоюға болмайтынына тоқтала отырып, бұл мәселе жөніндегі негізгі ғылыми тұжырымдардан мағлұмат беру үшін орыс тіл білімінде мәтінтану мәселелерінде елеулі көзқарастарын білдірген А.С.Рейсер, Б.В.Томашевский, Д.С.Лихачев, Г.О.Винокур, П.Н.Берков, Е.И.Прохоров және т.б. ғалымдардың еңбектеріне шолу жасай отырып, олардың мәтінтану саласының қалыптасуына ықпал жасағанын көрнекті қазақ ғалымдарының зерттеулеріне шолу жасай отырып аңғарамыз.
Алдымен акдемик Р.Сыздықтың «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» атты кітабында еңбектерінде көтерілген қазақ мәтінтануының көкейкесті мәселелеріне тоқталу қажет. Әдебиеттану саласындағы мәтінтану жұмыстарының тарихына тоқталғанда Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Ғ.Мүсірепов, Қ.Жұмалиев, Р.Нұрғали және т.б. зерттеушілердің қазақ әдебиеті үлгілерінің мәтіндеріне жасаған талдауларына шолу жасаймыз.
Әдебиетіміздің «ақтаңдақ беттерін» зерттеу ісінде «авторлық қолтаңбаны» анықтау, конъюктура секілді мәселелеррге көңіл бөлудің ойдағыдай нәтиже бергенін ХХ ғасырдың басында дәстүрге айналған «бүркеншік есімдердің» кімдерге тиесілі екенін анықтау мақсатында орын алған пікірталастарға шолу жасап, Махамбет өлеңдері жөніндегі қайшылықты пікірлермен танысамыз. Қазіргі баспасөз бетіндегі мәтінтанушылық жарияланымдар туралы ой қозғаймыз.
Көне грек тіліндегі phileo – «сүйемін» және logos «сөз» деген тіркестен қалыптасқан «филология» ілімінің мағыналары тарихи даму барысында «парасатқа құштарлық», «даналыққа іңкәрлік», «сұлу сөзге ынтызарлық», «сөз гармониясын тану» және т.б.болып өзгеріп, түрленіп отырған. Әр кезеңдегі осындай анықтамалар аталмыш ұғымның табиғатының күрделілігін және ерте ғасырлардағы гуманитарлық ғылымдардың синкреттілігін көрсетіп тұрғандай. Бірте-бірте «асыл сөзге деген махаббат», «даналыққа іңкәрлік» қарсы қойыла бастайды, бұл филология мен философияның іргелерінің ажырауына ненің әкеліп соққаны туралы тарихи дерек болмақ.
Мәтінді қабылдау, түсіну, тану және оны филологиялық тұрғыда талдау, талқылау (интерпретация) мен бағалаудың ғасырлар бойы қалыптасқан ұстанымдары, ережелері, қағидаттары бар, болашақ филологтың олармен жүйелі түрде таныс болуы – кәсіби біліктілікке жетелейтін жол.
Филологиялық білімнің негізгі түп қазығы – мәтін туралы жүйелі, іргелі екені мойындалған. Сонымен қатар мәтін – тұтасқан және мағыналық тұрғыдан бір-бірімен байланысты сан түрлі бөліктер (сөз, тіркес, сөйлем, фрайм, концепт) бірлігі деген анықтамаға ден қойған артық емес. Мәтінмен қатар онымен өту тығыз байланысты дискурс ұғымы төңірегінде талай талас пікірлер туындаған, қазір бұл терминдердің арақатынасы, байланысы жайлы арнайы зерттеулер жүргізілуде, ұзақ уақыт бойы мәтін – жазба ескерткіштерге ғана тән деген түсінік басым болды. Оны зерттеу тарихи-филологиялық әдіспен жүргізіледі. Ежелгі Александрия ғылыми мектебі мәтінді зерттеудің мынандай 4 аспектісін бөліп көрсеткен:
А) шығарманы үндестік ережелеріне, көркемдігіне сай мәнерлеп оқуға үйрету;
Ә) мәтіндегі оқылықтар мен кемшілктерді түзей білу;
Б) ондағы комментарий қажет ететін нәрсенің бәрін түсіндіре білу;
В) орнықты және тиесілі бағу беруге дайындық түрлері.
Осындай көзқарастар негізінде қалыптасқан классикалық филологияда мәтінтанудың өзіндік қағидалары болды, олар негізінен үш бағытта өрістеді. Біріншісі – мәтіннің пайда болуының нақты жағдайлары мен оның авторын анықтайтын мәліметтер жинау, мәтін кімге арналғанын анықтау, оның мазмұны мен құрылымдық сипатына қарап пішінін айқындау болды. Екінші бағыт мәтіннің белгілі бір ортаға кірігуін, оның басқа мәтіндермен байланысын зерттеуге ден қойды. Мәтінді түсіну мен бағалаудағы жалпы тарихи жағдайдың, блім мен ғылымның дамуының орны мен әсер-ықпалын қарастыру үшінші бағыттың еншісіне тиген.
Аталмыш бағыттар өсіп, өркендеп, әр түлі ғылыми пәндерге айналған. Филологияның тарих және мәдениеттанумен тығыз байланыстылығы жекелеген пәнаралық ғылымдардың дамуына себеп болды. Олар – палеография, деректану, герменевтика, т.б.
Палеография, ол – жазу үлгілерінің қалыптасуы мен дамуын, мәтіннің тарихи негізін, оны жазғандардың ерекше мәнері мен машығын анықтайтын арнайы тарихи-филологиялық пән. Көне түркі әдеби ескерткіштердің мәтіндерін, орта ғасырлардағы ғылыми қолжазбаларды ғылыми айналымға қосу үшін Қазақстанда палеографияның дамуына жағдай жасау керек.
Деректану ақпараттық сипаты бар мәтіндерді жүйелеумен айналысатын тарихи-филологиялық пән. Қазақы әр түрлі шежірелердің, тағы басқа негіздердің деректік құндылығын, ақпараттың негізін анықтауда деректанушылар жақсы еңбектеніп жүр, көркем мәтіндегі осы негіздерге баса назар аударудың қазіргі кезде ерекше қымбат екендігі даусыз.
Герменевтика – пәнаралық зерттеулер жүйесі, ол көріне бермейтін мәтінаралық байланыстарды, мәтін ішіндегі элементтердің әр қилы қатынастарын қарастырады,мәтіннің ішкі структурасының сырларын ашу, оның өмір сүруінің сыртқы жағдайларын айқындау үшін социологя, психология сияқты ғылымдардың жетістіктеріне сүйенеді.
Қазіргі кездегі мәтінтануда өзіндік мақсат-мүдделері айқын мына филологиялық бағыттар қарқынды зерттеулер жүргізуде: структуралық, семиотикалық, семантикалық, стилистикалық, прагматикалық, тарихи-мәдени мәтін композициясы т.б. бұлардың дені қазіргі ақпараттың тасқындар жүйесінде мәтіннің орны мен қызметін жаңаша бағамдауға ұмтылуда. Семиотиканың негізгі мақсаты – әр қилы мәтіннен ақпараттық мәні бар кодтар мен белгілерді тауып, олардың қызметін, мән-мағынасын зерттеп, яғни, мәтіндегі конвенционалдықты, бағыттылықты, стильдік ұйымдасуды, коммуникативтік астарлы мағыналарды анықтаумен айналысу.
Мәтін түрлерінің арасындағы байланыс деңгейлерін анықтайтын негіздерді жете білу өте маңызды.
Кеңістіктер мен уақыттарды оңтайлы байланыстыру үшін сөйлеуді жазу арқылы рәсімдеу адамзат тарихындағы аса елеулі оқиға болды. Енді жазба мәтін әр түрлі буын өкілдерінің бір-бірімен араласуына, білім мен ақпарат алмасуына кең мүмкіндік ашты. Қазіргі техника даму ғасырында адамзат ақпарат таратудың ұялы телефон, телидидар, радио сияқты түрлерін кеңінен пайдалануда, бұлар негізінен дыбысталған, естілген, оқылған, яғни ауызекі мәтінді хабарлама ретінде таратумен айналысады. Мәтіннің ақпараттық тығыздығын арттыру және аз уақыт аралығында көп мағлұмат беріп үлгеру үшін неше түрлі амалдар ойлап табылуда, бірақ мұндай мәтіндерді қабылдау мен түсіну оңай емес, сондықтан осы ақпаратты талдайтын, түсіндіретін жазба мәтіндерді іздеп табу қажет болады. Қазіргі кезде ауызша сөзді жазба мәтінге айналдыратын компютерлік бағдарламалар бар, олар арнайы жазу тілін қолданады.
Суретшінің картинасы, балетмейстер қойған спектакль, музыканттар орындаған симфония да адамдар арасында ғы қарым-қатынас түрлері ғой, бірақ оларды мәтін деп қабылдаудың қисыны бар ма екен? Осыған байланысты неміс ғалымы А.Бектің (1785-1867) мына бір пікіріне назар аударайық: «... Филологқа Платон сияқты пәлсапа соға беру жараспайды, бірақ ол Платонды түсінуге міндетті». Мұның бәрі әр өнер мен ғылым тілін сөйлеу тілі арқылы нормалауға тырысудан туындаған. Жазба мәтін әдеби тілдің қалыптасуына, дамуына әсер еткені белгілі, сондықтан әдеби мәтіннің ұлттық тілдіңмөмір сүруінің тарихи формасының үлгілі түрі екенін ұмытпау керек.
Жазба мәтін – тәртіппен, ретпен орналасқан таңбалар мен белгілер жүйесі, оларды зерттейтін ғылым семиотика деп аталады, оның мақсаты – әрқилы ақпараттық мәні бар кодтар мен белгілердің қызметін зерттеу. Ол мәтіндегі конвенциалдықты, бағыттылықты, стильдік ұйымдасуды, коммуникативтік астарлы мағыналарды анықтаумен айналысады.
XX ғасырдың басында мәтінді зерттеуде психолингвистикалық және әлеуметтік лингвистикалық мектептің өкілдері белсене кірісті, 30-50 жылдары структуралық лингвистика және глоссемантика сияқты ғылыми бағыттар мәтінерді сегменттерге бөліп алып, талдауды ұсынды, әр сегменттің басқадан тәуелділігін тану арқылы мәтінді тұтастырып туратын негіздерді анықтауға күш салды.
Мәтінтанудағы ғылыми зерттеулер көне үнді және ежелгі қытай филологиялық дәстүрлерінен бастау алады. Олар мәтіндегі жазудың түріне, этимологиясына, дыбыталуына ерекше назар аударады. Аристотель «Поэтика» және «Риторика» атты трактаттарында мәтін арқылы ойды өрнетеуге көмектесетін тілдік құрылымдарды анықтады,ол мәтіннің басы мен соңының арасындағы бөліктерді атап көрсетті, ал оның ізбасарлары бөліктерінің санын 8-ге дейін жеткізді, енді мәтінді әр қилы тануға бағытталған грамматика, диалектика, риторика атты үш ілімнен құралған тривиум өнімді жұмыс істей бастады. Олардың жолын жалғастырушылар әлі де бар.
Қайта өрлеу заманында Э.Роттердамский, Макиавели өздерінің филологиялық трактаттарында әр тілдегі мәтіндер арасындағы байланыстар арқылы аударма мәтіндерді зерттей бастады.
Ағартушылық кезеңде Декарт, Лейбниц, Ньютон жасанды тіл арқылы мәтін құрудың жолдарын іздеуді мақсат тұтты. К.Лонсло мен Арно деген ғалымдар «Логика» (1662) еңбегінде мәтінді дұрыс құрудың филологиялық нормалары мен оларды тиімді қолданудың амалдарын ұсынды, олар мәтінді ұйымдасқан логикалық білік деп таныған. XVIII-XIX ғасырлардағы салыстырмалы-тарихи зерттеулер негізінде XX ғасырда компаративистика мәтінаралық байланыстарды ортақ физиологиялық заңдылықтарды ашу ерекше тиімді материал деп тапты, контрастілік лингвистика да мәтінді өз тұрғысынан зерттеу үшін негізгі нысан деп санайды. В.Гумбольд индуктивтік және дедуктивтік грамматика арқылы әр мәтінде сол кезеңнің дүниетанымы, халықтың рухани қасиеті сақталатынын анықтап көрсетті. Г.Штейнталь (1823-1899) мәтіннен ассоциативтік психологияның сілімдерін іздесе, В.Вунд (1832-1920) мәтінде халықтың рухы жоқ екенін айтып, оны тек әлеуметтік, қоғамдық қатынастардың тәжірибелік өнімі деп таныған.
М.М. Бахтин «көркем мәтін – диалогтық қарым-қатынастың көрінісі» деген концепция ұсынып, мәтінтануға жаңа серпін берді. Оның ізбасарлары «диалогизмнің» жаңа сипаттарын ашуға талпынып отырды.
Мәтін зерттеуде филологиялық ғылымдарға ортақ әмбебап әдіс ретінде герменевтика танылған. Герменевтикалық талқылау (интерпретация) әдеби мәтінді көркем құндылық деп танудан басталады, оның басты құралы болып қабылдаушы тұлғаның таным деңгейі мен санасы есептеледі. Қазіргі кезде көркем мәтінді адекваттық талғам қалыптастыратын, өмірге диалектикалық түрде қарауды үйрететін белсенді негіз деп тануға ұмтылыс бар. Талқылау өрісі «құндылық» пен «түсіну» деген екі ұғымның арасында жататын тарихи әмбебап әдіс мәтіннің болмысындағы рухани дәстүрлерді ізденіп зерттеуге күш салуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет