1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік


,4-ДӘРІС. Әдеби зерттеу әдістемесінің қалыптасу тарихы



бет2/18
Дата20.02.2023
өлшемі89,56 Kb.
#69648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
3,4-ДӘРІС. Әдеби зерттеу әдістемесінің қалыптасу тарихы


Әдістемелік білімнің бастаулары мәдениеттің алғашқы баспалдақтарында-ақ пайда болды. Әдістеменің негізін қалауда айрықша орынды Сократ, Платон және Аристотель иеленеді.
Сократ философиялық диалектиканың негізін қалаушылардың бірі болды. Ол бұл әдісті әңгімелесулер, яғни, белгілі бір сұрақтар қою және оларға әдістемелік жауаптар табу, арқылы ақиқатты табу барысында қолданды.
Платон әрбір заттың принципін табу ілімін диалектика деп атады, онда осы заттың қалыптасуы өте жоғары қойылады. Диалектика Платон үшін логикалық ойлау және іздестірілген затты бөлщектелген, жеке дара бөлінген түрде табу болып табылады.
Аристотель өзі жасаған «Органон» атты логикалық жүйені ақиқат танымның әмбебап құралы ретінде қарастырды. Аристотель ғылымның мақсаты затты анықтау деп білді. Арстотельдің ойынша, толық анықтауға тек дедукция мен индукцияны ұштастыру арқылы ғана қол жеткізуге болады:
1) әрбір жеке қасиет туралы білім тәжірибеден алыну керек;
2) бұл қасиет мәнді екеніне сенім айрықша логикалық түрдегі ой қорытындысы – категориялық силлогизм арқылы дәлелденуі керек.
Жаңа заманда Ф.Бэкон (1561-1626) табиғатты зерттеуде индукцияны пайдалануға шақырды. Оның ойынша, индукция табиғатқа жақын және түйсік мүшелерінің және тәжірибенің көрсеткіштері болып есептеледі. Ол индукция ғылым үшін аса қажет, түйсік органдарының көрсетімдеріне арқа сүйейтін дәлелдеудің және табиғатты тану әдісінің бірден-бір түрі деп үйретті. Индукцияда дәлелдеудің реті жекеден жалпыға қарай, жалпыдан жалқыға қарай дедуктивтік дәлелдеуге қарама-қайшы.
Индукцияны Бекон табиғатты танудың кілті, адамның санасына табиғатты талдауға, ыдыратуға және бөлщектеуге, оған тән жалпы қасиеттерді және заңдылықтарды анықтауға көмектесетін әдіс деп есептеді. Дегенмен, ол жасаған индукция әдісінің маңызын тым дәріптеп жіберді де, дедукцияның танымдағы рөлін жоққа шығарды, бұл оның тарихи шектелгендігі болды.
Р.Декарттың (1596-1650) «Әдіс туралы толғаныс» атты өзінің ең басты еңбегінде танымның әмбебап әдісін, яғни, білімнің барлық салаларымен айналысатын ғалымдар пайдалана алатын әдісті жасап шығару мақсатын алға қойды. Танымның бастау нүктесі ретінде интелектуалдық интуицияыны ала отырып Декарт танымның бірден-бір әдісі дедукция деп білді. Декарттың ойынша, дедукция ойдың жалпыдан жалқыға қарай қозғалысын бейнелей отырып интелектуалдық интуицияның деректерінен жек ақиқаттарға сәйкес келетін жалпы ұғымдар шығару болып табылады. Интуицияда ойдың қозғалысы жоқ, ол тек тікелей шынайы жалпы принциптерді ғана береді; дедукцияда ойдың қозғалысы жүзеге асырылады. Декарт дедукцияны мазмұнды, интуиция арқылы алынған барлық ғылымның бастапқы принциптерін ашып көрсетудің әдісі ретінде қарастырды.
Осылайша, танымның индукциялық әдісін жасап шығарған Беконның эмпирикасынан өзгешелігі, Декарт рационалист ретінде өзінің күшін ой қорытындысын жасаудың дедуктивтік әдісін жасап шығаруға салды.
Әдеби зерттеудің жалпы заңдылықтарын, негізгі қағидаларын тұжырымдауды мақсат пен міндеті етіп алға қойған ғылымның философиясы ілімінің іргетасы ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы негізгі философиялық бағыттар арқылы қаланғанына, соның негізінде ғылымның философиясы ХІХ-ХХ ғасырда толық қалыптасқан болатын. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философияның негізі - онтология және гносеология ілімдерінің анықтамасын және мән-мағынасын түсіндіру. Бұл ілімдердің француз математигі әрі физигі П.Лаплас негізін қалаған метафизика іліміне қарама-қарсы, ілгерілеушілік сипатта болған еді.
Р.Декарттың (1596-1650) «Әдіс туралы толғаныс» атты еңбегінің рационализм ілімінің қалыптасуына ықпалы туралы және рационализмнің өзге ірі өкілі Г.Лейбництің тұжырымдары да бұл тарапта маңызды. Ф.Бэкон (1561-1626) мен Д.Локктың рационализмге қарама-қарсы ілім болып табылатын эмпиризмнің негізін қалағанына тоқталып, бұл ілімнің мән-мағынасын түсінуіміз керек.
Неміс классикалық философиясының өкілдері әдістемелер тарихындағы рационалистік және эмпирикалық бағыттардың тарихи шектелушіліктерін анықтады. Және, танымның жолдары мен тәсілдерін метафизикалық тұрғыдан түсіндірген механикалық әдістемеге қарама-қарсы диалектикалық әдістемені қолданды. Кант, Фихте, Шеллинг және Гегель идеалистік диалектиканың негізін қалаушылар болды. К.Маркс пен Ф.Энгельс материалистік диалектканың негізін қалады.
Ф.Энгельстің «Табиғат диалектикасы» атты еңбегіндегі одан бұрынғы уақыттағаы ғылымдарды топтарға жіктеудің тәжірибесі және Сен-Симон, Кант, Гегель және басқалардың ғылыми тұжырымдары туралы көзқарастары да әдеби зерттеудің алғашқы баспалдағында маңызды рөл атқарады.
Ғылымдардың топтарға жіктелу тарихына шола отырып, ғылымдардың топтарға жіктелуінің формалды (үйлестіру принципіне негізделген) немесе диалектикық (субординация принципіне негізделген) мазмұны болатыны туралы тоқталып өтеміз...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет