1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік



бет18/18
Дата20.02.2023
өлшемі89,56 Kb.
#69648
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ӘЗӘ дәріс 2022 (2)

2. Көркем мәтінді кешенді зерттеу әдісі. Кешенді зерттеу әдісі әдебиеттануда XX ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған, соңғы кезде оны кластерлік талдау деп те атап жүргендер бар.
Кешенді көзқарастың жүйелі талдаудан айырмашылықтары бар. Жүйелі көзқарас әдебиеттегі жалпы жүйелілік туралы теорияларға сүйенеді, оларда өнер мен әдебиет өте күрделі макрожүйені әдебиеттану, өнертану, эстетика әрі вертикальді әрі, горзонтальді бағыттарда зерттейді, бірақ бұл ғылыми пәндер өздерінің мүмкіншілігі шектелеген кезде басқа ғылым салаларын қолдануға мәжбүр болады.
Кешенді талдауды ғылымдардың пәнаралық одағы, «әр түрлі ғылымдардың бірін-бірі толықтыруы» деп атауда қалыптаса бастады. Ілімдердің одағы сәйкестік пен ынтымақтастық жағдайында бірлесіп қызмет атқарағанымен әдебиеттанудың жетекші ролі көрініп тұрады, нәтижесінде көркем шығармашылықтың қыр-сыры жан-жақты ашылады, оған қоса мұндай ізденістер қазіргі заманға сай ғылыми ойлауға жетелейтіні сөзсіз.
Көркем мәтінді кешенді оқып-үйрену барысында оқырманды, сөз жоқ, ең алдымен оқиға желісі, кейіпкерлер тағдыры қызықтырады. Соған байланысты олар қуана, қайғыра біледі. Көркем мәтінде талдау арқылы мұғалім де баланың көркем сөзді түсіне білуне, оған деген ынтасына да әсер етеді. Бірте-бірте оқушы өмірді түсіне бастайды, өзіндік көзқарас қалыптаса бастайды, тұжырымдап айтқанда, көркем шығарма оқушының жеке басының қалыптасуына да ерекше әсер етеді. Көркем туындыдан ләзат алу, оған бойлау, оны талдай білуге де байланысты. Талдаудың тиімді әдіс-тәсілдері ретінде тәжірибеде кеңінен пайдаланып жүрген бір түрі – жан-жақты талдау.
Жан-жақты толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен оның тиімділігі көркем туындыны жанды бар организмдей тұтастай қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерде назарға алып отырады. Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай бейнесін, оның негізінде жатқан басты проблемаларға барар жолды айқындайтын алтын кілт ретінде бірнеше көріністі алуға болады. Әрине, Құнанбайды ашатын эпизодтар көп. «Қодар мен Қамқа өлімі» немесе «Әмірді жазалауы» сияқты оқиғалар-ақ Құнанбайды ашып бере алады. Дегемен, М.Әуезов сомадаған ақылды, әрі шешен, әрі тайсалмас бірбеткей Құнанбайды, қу, әккі Құнанбайды, жақсы қасиеті мен жамандағы астасып келе жатқан Құнанбайды ашатын негізгі кілт осы сияқты. Мәтіндік талдауда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ерекше көңіл бөлу керек. Оған мәтін бойынша инценировка жасату, суреттер салғызу, сценарийлер, жазғызу, Әмірді арашалауға инценцировка жасату болады. Қай шығармада қандай тапсырма беруді мұғалім өзі ойластырады. Сынып ерекшелігіне, балаларды қабілетіне байланысты тапсырма түрі де өзгеріп отырады. 
Шолу бағытындағы талдаудың да өзіндік ерекшелігі бар, онда мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды. Көркем шығармада сюжет, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен еркін жұмыс істей алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет