1-2 сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасының элементтерін пайдалану



бет11/29
Дата09.05.2022
өлшемі188,77 Kb.
#33829
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
2.2. Ұлттық ойындар.

Ұлттық ойындар пайдалану арқылы оқушылардың тәрбиелеу процесін жетілдіру және оның ғылыми педагогиқалық негіздері жайлы айту үшін, ұлт ойындарына қатысты мәселелерді анықтап алуды жөн деп білеміз.

Ұлттық ойындар халық - педагогикасының ажырамас бір саласы. Сондықтан ол халық педагогикасына тоқталып, мазмұн жағынан бір - бірін байытып отыратын, қос өзеннің бір жерге келіп тоғысқан екі арнасы секілді. Ұлт ойындары халық педагогикасының аса белсенді, үнемі өзгеріп, жетіліп отыратын, өмірге үздіксіз келіп тұратын ұрпақ арқылы жалғасып, жаңара беретін құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да оның аткарар қызметі кең өрісті, ауқымды. Ол салауатты өмір салтын мұрат түткан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән нәрсенің бәрін қадір тұтатын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.

Ұлт ойындары ұжымдық ой - қиялдан бас құрап, жеке адамдардың игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын, тұтас ұлтқа тән атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани, мәдени қазына. Олай дейтініміз, ұлт ойындары «сол ұлттық өсіп жетілу барысындағы ұзақ_жолда пайда болып, оның сан мыңдаған ұрпағының рухани азығына айналған, қиялын козғап, ұлттық болмысы мен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізетін дәстүрлі құбылыс.

Осы тұрғыдан қарағанда, ұлт ойындары сол ұлттың ғасырлар бойы жасаған мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін, оның жас ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік - педагогиқалық мүмкіншілігі зор тәрбие құралы.

Ұлт ойындары халық педагогикасының құрамды бір бөлігі бола тұрып, өзін дүниеге әкелушілердің есеюіне, ақыл - ойының толысып, қалыптасуына, олардың өмірге құштарлығының артуына, адамгершілік қасиеттінің қалыптасып жетіле түсуіне әсерін тигізеді. ¥лт ойындарының осындай қасиетін жақсы танып білген адам баласының алдыңғы қатарлы ақыл - ой, парасат иелері оны жоғары бағалап, ұмыт болудан сақтап, қағаз бетіне түсіріп отырды.

Қазақ халқының рухани байлығын, оның ішінде ұлт ойындарын алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, әлем жұртшылығына паш еткен бізге белгілі Италия саяхатшысы Плано Карапини XIII ғасырда Жетісу, Тарбағатай өлкелерінде болған кезде осы өлкедегі халықтың тұрмысы, әдет - ғұрыптары, ойын -сауықтары жайлы көптеген этнографиқалық материалдар жинап, жазып қалдырған.



Одан кейінгі кезеңде біз тағы да сол Италия жұртының аяулы ұлдарының бірі Марко Полоның, орыс саяхатшысы П.И. Рычковтың, орыс ғалымы П.С. Паластың, венгер зерттеушісі А.Вамберидің, неміс этнографы Р.Каруцтың, неміс ғалымы А. Гумбольдтің, поляк халқының зиялы өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б. Зеленский және басқалардың түрлі деректерді жинап тасқа бастырып, жүрек жарды жеке ниеттерін білдіргендерін зор ілтипатпен еске аламыз.

Солай бола тұрса да тіпті, XIX ғасырдың екінші жартысына дейін халқымыз жасаған басқа да рухани байлығы секілді ұлт ойындары да өзінің баға жетпес қызметін, орындап, ел есінде сақталып келеді. Содан бері жаңа ұрпақпен жаңарып, дамып, толысып бізге дейін жетті.

Кейінгі жаңа толқын жастар және әр ұлт зиялылары халықтық ойындар бойынан өзгеше бір қасиет тауып, өркен жайып келе жатқан елдін керегіне жарату, әлем жұртшылығына таныту мақсатында сол кезде шығып тұратын күнбе - күнгі басылым беттерінде үзбей жариялап, өз пікірлерін білдіріп тұрды. Солардың арасынан Е.А. Покоровскийдің, А.И. Ивановскийдің, Н.И. Гродековтың, Е.А. Алекторовтың, Ә. Диваевтың, А.Левшиннің, Н.Пантусовтың, Ф.Лазеровскийдің, П.И. Пашиноның, Г.С.Загряжскийдің, А.Шиленің, О.Әлжановтың т.б. еңбектерін атап өтуге тиіспіз. Әр ұлт өкілдерінің кезінде көшпенділер атанған елдің тұрмыс тіршілігі, мен ойын - суықтарына көңіл бөлуі, оны зерттеуі, тегін еместі. Біздің пікірімізше оның себебі, біріншіден, ойын атаулының ешкімді де, еш уақытта да жайбарақат қалдыра алмауынан болса, екіншіден, ойынның шекара дегенді білмей, тілі біреу болғандықтан әр халықтың сәбилік кезеңімен орайлас келіп, рухани жақындастыра түсетіндігінде, үшіншіден, ойын арқылы халықтар арсында түсіністік орнап, өзгелерді танып білуге деген ынтасын арггыруында, төртіншіден, ойын - интернационалдық тәрбиенің жаршысы, халықтың психологиялық ахуалын білудің, зерттеудің құралы, ұлт ойындарының этнографиялық материал ретінде пайдаланылатынынан да болса керек. Олай дейтініміз, қазақтың ұлт ойындары туралы алғашкы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылар, көшпелі халықтан өздерінің мұндай өрелі өнерді күтпегенін сөз етеді. Неміс ғалымы А. Гумбольдтың достарына жазған бір хатындағы пікірше көңіл аударып көрейік: «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый құрметі мен ойын - сауықтары естен шығатын емес. Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек.» - деп ағынан жарылған.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі А. Янушкевич қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын - сауықтарнынң өзіне қатты ұнағанын айта келіп, былай дейді: «Кешкісін біздің үйде бір қазақ болды. Ол әр түрлі аңдар мен кұстардың, әсіресе түйенің, құланның, бүркіттің даусын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің де колынан келмес еді».



Халық жасаған рухани мұралар сан алуан. Солардың ішінде тіл дамыту, ой - өрісін кеңейту, ойлау мүмкіншілігін байыту тілегінен туындайтын жаңылтпаш, балалар ертегілері, балалар ойыны, сайып келгенде, тәрбие мүмкіншілігін арттырып, оның ауқымын кеңейте түседі.

Осыдан болар, кезінде М.О. Әуезовтың қазақтың ұлттық ойындары туралы айтқан мына сөздері ойға орала береді: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойыннын өзінің ерекше мағыналары болған». М. Әуезовтың бұл пікірімен толық келісе отырып, қазақ өмірінің өткеніне көз жіберсек, әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң, немесе ел шетін басып келген жаудан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде, халық мерекелері, ойын - сауықтар өткгзілген.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге тәрбиелік маңызға ие болды. Бұл ойындардың бәрі де атпен ойналатын ойын болғандықтан, оларға күн ілгері орасан зор әзірлік, мұқият даярлық керек болды. Сол даярлықтың басы - қасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт ағалары, атбегілері мен ауыл аксақалдары болып түгел қатынасатын. Жоғарыда аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатындар, қыз бен жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы бойынша қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл, бір жағынан, халықтық тәлім- тәрбиенің маңызын арттырса, екінші жағынан үлкендерге деген ілтипат пен сенімді, басқаның пікірімен санаса білуді үйретеді, үшінші, жеңіске деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл - ойын, қиялын ұштайды, көпшіліктің үмітін ақтауға деген жауапкершілігін шыңдай түседі. Осы жағынан келгенде, ұлт ойындары халық педагогикасының ажырамас бір бөлігі ретіндегі өзінің маңызды қызметін осы күнге дейін жүйелі атқаруда. Егеменді елге айналған жалпы халықтық және әлемдік маңызы бар Абай мен Мұхтар Әуезовке арналған тойларда қазақтың ескі дәстүрі бойынша бабалардың ұлт ойындарына белсене қатынасуы ескі дәстүрді қайта жаңғыртып, жастарға деген сенімділік пен талапты арттыра түсті.

Қазақтың ұлттық ойындарының халық педагогикасына ұласып, қабысып келетін бір тұсы ауыз әдебиеті үлгісінде жиі кездеседі. Әсіресе, ақындар айтысында ойын туралы пікірлер, оның адам өмірінен алатын орны туралы пікірлер көп болса, ақындар айтысының үлгілері мен балалар айтысы халық арасында көп болған. Бұл ойын арқылы баланы әлеуметтік өмірге ерте алмастыру, ақыл - ойын шыңдау қамымен үлкендердің үлгі - өнегесін олардың бойына ерте сіңіру ниетінен туған. Мысалы, «Айтыс ойыны», «Қыз бала мен ұл баланың айтыс ойыны», «Сан айтыс», «Бала мен шілдің айтысы» т.б. секілді неше алуан ойын өлеңдері де кездеседі.

Қазақ халқында өз ойынан бір ауыз өлең құрап айтпайтын адамды табу қиын. Олай дейтініміз, бүгінгі қазақ мектептерінде бастау алған бұл өнер баланың шығармашылық талабын шыңдап, өнерге деген құштарлығы мен бейімділігін ерте оятып, талантын елге танытады. Егемендігін алғаннан кейін мектептердегі тәрбиенің жаңа бет бұрысы елімізде жиі өте бастаған ақындар айтысында кейінгі жылдарда мектеп бітірген жас талап ақындардың жүлделі орындарды жеңіп алуын айқын көрінеді.

Алайда біз хэслықтың ділі (менталиеті) туралы сөз ётк&аде мұны көп ретте еске ала бермейміз. Бұл халқымыздың өзге жұрттардан ерекше көрсететін дәлелді мәселе екенін білдіреді. Олай болса, тарих қойнауынан бастау алып, бізге жеткен ұлт ойындары ұрпақ тәрбиесінде әлі де өзіндік орны бар тәрбие құралы екенін айқындай түседі.

Айтыс - өнер. Ал өнердің бәрі де ең алдымен сол ойынға да, оның ішінде ұлт ойынарына қатысты сыртқы дүниені қабылдап түсінуінің нәтижесінде ішкі логикасын жете меңгерудің мүмкін екенін түсіну қиын емес.

Олай болса, ұлт ойындары адамның денесін, ақыл - ойын жаттықтырушы, адамның адамгершілік қастеттерін шыңдап, жетілдіруші әлеуметтік ортаның жемісі болып табылады. Адам өзінің көргені мен ұстап білгенін ой - сезімі арқылы, ішкі жан сезімі арқылы өткізіп, қайта жаңғыртқан дүниесін әлеуметке жеткізгенде, ол өнер ретінде танылып, көпшілік талқысына тартылады. Солардың көпшілігі ойын - тойлар, көпшілік бас қосқан үлкен жиындарда өмірге келетін болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет