Цифрлар айтысы.
Бір күні цифрлар нөлмен ұстасып қалады да, оны мазақтайды:
- Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2
цифрын алса, 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештеңе қоя алмайды.
- Иә, иә, ештеңе де, ештеңе де, - деді бес.
- Сендер түкке түсінбейтін ақымақ екенсіңдер. Міне бір. Мен оның оң
жағына қатар тұра қалсам қандай санға айналады? Жауап беріңдерші,- деді
нөл сандарға. Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға
келді.
- Егер сенің оң жағыңа тұра қалсам, сен қандай санға айналасың?- деді нөл
беске. Нөл бестің оң жағына қатар тұра қалып еді, 50 санына айналып кетті.
. Сөйтіп, нөл барлық цифрлардың оң жағына қатар тұра қалып, цифрлардан олардың қандай сандарға айналғанын сұрап шықты.
- Міне сендердің барлығыңды үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсың дейсіңдер. Кәне, жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым қандай? Тіпті сендер жоқ жерже де мен сендерді жоқтатпаймын. Сендер мынандай мысалдың жауабын менсіз жаза аласыңдар ма: 5 - 5 =..., 7-7=...., 9-9=... .
- Қане, ойланыңдаршы. Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға келмейді.
Цифрлар қатты ойланып қалады. Осыдан былай олар нөлді мазақтамайтын
болады.
Бірақ енді нөлден басқа цифрлар өзара дауласа бастады.
- Мен барлығыңнан да үлкенмін, мен қайдағы бір кіп-кішкентай бір
емеспін ғой, - деп мақтанып тоғыз шықты. Бір шегі қатқанша күліп алды да,
секіріп келіп, тоғыздың сол жағына тұра қалды.
- Ал, кәнеки, енді кім үлкен, сен бе, әлде мен бе? Жауап берші! - деді бір (19 саны шықты ғой). Бір айтты:
- Мен енді ондықпын, ал сен бар болғаны тоғызсың. Он тоғыздан үлкен
емес пе? Осы кезде 7 жүгіріп келіп, бірді қуып жіберді де, тоғыздың сол жағына тұра қалып еді, 79 саны шықты. - Мен 7 ондықпын, жетпіспін, түсінесің бе? - деді жеті тоғызға.
Осылайша барлық цифрлар келіп тоғыздың сол жағына тұрып көріп еді, бәрі 9-дан үлкен болып шыға келді. Тоғыз таң қалып, өзінің ойланбай мақтанғанына ұялып қалды.
Цифрлар осыдан кейін өз қателерін түсініп, айтысқандарын қойды.
Цифрлардың таласы дұрыс па? Қандай қорытынды жасауға болады? Қорытындысы: Тоғыз басқа цифрлардан бөлек тұрғанда ғана үлкен, ал егер олар бір - бірімен қатар тұрса жағдай өзгеріп кетеді. Ең бастысы - санның жазылуындағы цифрлардың орны. (Қорытындыны оқушылардың өздері жасағандары дұрыс).
Достарыңызбен бөлісу: |