¥лт ойындарын сабақта пайдалану.
Сабақ барысында ойын элементтерін дидактиқалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы мол. Ойын арылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, білімге, өнерге құштарлығын қалыптастыруға болады. Нашар оқитын оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігермен араласатыны анық нәрсе.
Өз басым ойын элементтерін пайдаланған сабақтарымды жарыс түрінде өткіземін. Жарыс - сабақ барысында алма ағашынан алма жинау, не бақшадан көкөніс жинау сияқты ойындарды пайдалана отырып сөздікті тексеру өте тиімді. Оқушылар өз құрбылрынан қалып қоймауы үшін сабақка белсені қатысып, қойылған сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды. Мысалы, сабақ үрдісінде «Сенің атың кім?» деген сұрақты жай енгізгеннен көрі ойын арқылы енгізу әсерлі. Бұл ойында оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топтан бір -бір баладан алға шығып, өз тобындағы мүшелеріне «Сенің атың кім?» сұрағын қоя отырып допты лақтырады, ол оқушы өз атын айтып келесісіне береді, ерте біткен топ мүшелері жеңіске жетеді.
Сабақ барысында менің басты ұстанымым - баланың ынта - ыкыласы мен қызығуын арттыру. Ол үшін көрнекілік қажет. Бұл бағытта халқымыздың ұлттық ойындарының кейбір элементтерін сабақ үрдісінде енгізуге әбден болады. Халық ойындары ақыл - ойдың дамуына әсер етіп, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашады.
Сондай - ақ ұлт ойындарын сабаққа сәйкестендіріп ойнауға болады. Мысалы: «Қоржын» ойыны (немесе асық атып ойнау) қазіргі тәрбие мақсаттарына сай өзгертуге ыңғайлы. 4 - сынып оқушыларымен бір тарауды аяқтап, қайталау сабағында сурет бойынша әңгіме құрау не сурет салу барысында осы ойынды ойнаған қызықты әрі тиімді. Он асық салып, оны 1-ден 10-ға дейін нөмерлеп қоржынға салып қоясың, сол нөмірге сәйкестендіріп конверт дайындап, оған өтілген тақырыптарға байланысты суреттер саласың. Оқушы қоржыннан алған асық нөмірімен сол нөмірлі конвертті алып, ондағы суретті сипаттайды. «Орамал тастау» ойынын да пайдаланған ұтымды. Мұғалім өтілген бір тақырыпты тақтаға жазады. Айталық, «Мектеп». Кейін бір оқушы тақтаға шығып «сынып бөлмесі» деп жазады да, орамалды екінші оқушының партасына тастайды, ол оқушы тактаға шығып, «Мұғалім» деп жазады. Осылайша «Мектеп» тақырыбына байланысты сөздер жазылып, қамтылады. Құрақ құрау.
Дидактиқалық мақсаты. Геометриялық фигурлардың түр - түсіне, пішіні мен мөлшеріне қарай ажыратуға дағдыландыру. Ұлттық қолөнеріміз ою - өрнектер туралы мағлұматтар беру.
Қажетті құрал-жабдықтар. Жолақша, түрлі - түсті геометриялық фигуралар, оюлар. Құрақ көрпеше үлгісі, өрнек салынған сандықтың көрнекті суреті, не моделі.
Ойын мазмұны. Мұғалім құрақ көрпеше, сандық туралы кіріспе әңгіме жүргізеді.
Оқушыларға қажетті заттар таратылып беріледі. 6-8-деп геометриялық фигуралар, жолақша, орындарына отырып әр оқушы өз шығармашылық өнерін көрсетуге тиіс. Яғни жолақшаға әртүрлі геометриялық фигураны, оюды қиюластыра орналастырып, қатты қағаз, матаға жолақшалы апликация жасау және олардың орналасу тәртібіне түсінік беру керек.
Мысалы, оқушы былай дейді: менің аппликациямның ортасында үлкен көк дөңгелек, оң және сол жағында көк оюлар, жоғары жағында жасыл, төменгі жағында көк үшбұрыш, ал оюлардың жанына сары кішкене шаршылар орналастырылды.
Ойын барысында сөйлеу шеберлігі дамиды, заттардың орналасу реті туралы түсініктері кеңейеді. Ойынды мұғалім қалауынша жалғастыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |