II. Екінші сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы пайдаланудың әдістемесі.
2.1. Математиқалық ертегілер.
Қазіргі кездегі мектептің маңызды міндеттерінің бірі – баланың қисынды (логиқалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденушілігін қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеу барысында, математика сабақтарында математиқалық ертегілерді қолданудың тиімді жақтары бар екендігіне көзім жетті.
Ертегі - баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады. Математика сабағында ертегіне қолдану оқушының оқу материалдарын терең түсінуін жеңілдетеді, зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамытады.
Мысалы, 1-сыныпта геометриялы ұғымдары: нүкте, кесінді, сызык түрлері, т.б. туралы өткенде, сабақты ертегі түрінде түсіндіру материалды жақсы игеруге, тапсырманы өз бетімен түсіне отырып орындау мүмкіндігіне кол жеткізеді. 1,2- сыныптарда «Ондықтар» такырыбын өткенде «Цифрлар айтысы», «Цифрлар және сандар» ертегісін пайдадану - оқушылардың дөңгелек ондықтардың сандық құрылымы мен таңбалануы, разряд бірліктеріне карай өзгеруі, оның жазылуы мен оқылуын мецгсруге, есте сақтауына көмектеседі. Цифр мен сан ұғымының айырмашылығын түсінуде де бұл ертегілерді қолдану пайдалы. «Туысқандар» ертегісін қолдану барысынды шаршы мен тік төртбұрыштың ұқсастығын және айырмашылығын оқушының өзіне айтқызу, оның өз бетімен ойлануына, ізденушілігіне жетелейді.
Тәрбиелік жағынан алсақ - бұл ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтан алыс жұруге бейімдейді. Яғни, педагогиканы оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту қағидасын жүзеге асырудың ұтымды әдістерінің бірі.
Ал, пәнаралық байланыс мәселесіне келсек, ертегілерді тыңдау, айту арқылы оқушының сөздік қоры молайып, тіл байлығы дамиды.
Осы іс - тәжірибені өз әріптестеріммен бөлісу мақсатында, сабақтарда қолданылып жүрген бірнеше математиқалық ертегілерді ұсынып отырмын. Әсіресе, жас мұғалімдерге көмегі тиер деген ойдамын. Сандар және цифрлар.
Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны, он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.
Сандар мен цифрлар тату - тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу "он бес" десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен.
Күндер өтіп жатады. Here екені белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп:
- Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден
мықтымыз, - дейді.
Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:
- Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік не
істейтіндерін? - дейді.
Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді әркім өзінің есігіне нөмірін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын айтып қанша айқайласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой. Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да цифрсыз өмір сүре алмайы екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап, елдеріне цифрларды қайта алып келеді.
Содан бері сандар мен цифрлар тату - тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен.
Достарыңызбен бөлісу: |