ОҚЫТУ ЖƏНЕ ТƏРБИЕ
ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА
ТЕОРИЯСЫ МЕН ТƏЖІРИБЕСІ
ОБУЧЕНИЯ И ВОСПИТАНИЯ
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 1, 2016
60
нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті
50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Білім беру
нəтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу жəне практикалық қызметте
пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті жəне сыни тұрғыда
ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді нысандары мен əдістері
енгізілетін болады. Мұғалімдердің оқытудың инновациялық əдістерін, қазіргі
заманғы білім беру жəне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайла-
нуы қолдау табатын болады. Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу тех-
нологияларын, сандық инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сынып ұжымын
жаппай оқыту нысанынан əрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске
асыруға ауысу қамтамасыз етілетін болады [3].
Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлініп, қазіргі заманғы
білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен əдістерін енгізу пе-
дагог қызметкерлердің тұлғасына жəне кəсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар
қойып отырғандығы атап көрсетілген [4].
Қазіргі дидактикада əлеуметтік, педагогикалық-психологиялық оқыту əдіс-
терінің екі түрлі тобы бар: дəстүрлі оқыту жəне белсенді (активті) оқыту əдістері.
Бұлар ең алдымен, бір-бірінен алдына қоятын мақсаттарына қарай ажыратылады.
Интерактивті жəне дəстүрлі оқыту əдістері ретінде бөлу тек шартты түрде
болуы қажет. Өйткені дəстүрлі əдістер де оқыту үдерісінде белсенділікті қолдануы
тиіс. Дегенмен дəстүрлі əдістер ең алдымен, білімнің белгілі бір қорын жеткізу
жəне практикалық іс-əрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұлар
білім алушыларға үлгі ретінде дайын шешімдерді ұсынудан тұрады.
Білім алушылардың дербес ойлауы мен тұтқиылдан, төтенше кəсіби тапсыр-
маларды маман ретінде шеше алу қабілетін дамытуға бағытталған оқыту түрін
активті оқыту əдістері (латын тілінен aktivus – əрекетшіл, іскер) деп атайды. Активті
оқытудың мақсаты – кəсіби тапсырмаларды шеше алуды білу, білік-дағдылар ғана
емес, сонымен қатар, сараптау, ойлай білу, өз əрекетін бағдарлай алу іскерліктері
болып табылады. Интерактивтік оқыту технологиясының негізгілеріне жəне кең
тарағанына төмендегілер жатады: жұптасып жұмыс жасау; ротациялық (ауыспа-
лы) үштік; карусель; шағын топтармен жұмыс; рөлдік (іскерлік) ойын; дискуссия.
Дəстүрлі оқыту түріне де, интерактивті оқуда да ойын əдістері қолданылады.
Ойын əдісі оқу жəне кəсіби іс-əрекетті соның үлгісінде жасауға негізделген топтық
оқыту əдістерінің түрі ретінде алға шығады.
Ойын əдісі оқытудың маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Əсіресе, тіл
меңгертуде ойын əдісінің орны ерекше. Біз осы ойын əдістеріне сипаттама береміз.
Рөлдік ойындар оқу жəне кəсіби тапсырмаларды шешу үдерісінде əлеуметтік
рөлдердің үлгілерін жасауға негізделіп ұйымдастырылады. Рөлдік ойындар
1, 2016 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
61
білім алушыға əлеуметтік қатынастағы тілді меңгеру үшін оңтайлы жағдайды
қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта іскерлік ойындардың алуан түрі, анықтамасы жəне
жіктемелері (классификациясы) бар деп айтуға болады [5]. Қоғамдағы əлеуметтік-
өндірістік іс-əрекет нормаларын жəне іскерлік жағдаяттарды оңтайлы шешу жол-
дарын іздестіру мақсатында маманның кəсіби əрекетінің заттық жəне əлеуметтік
мазмұнының үлгілерін жасау формасын іскерлік ойындар (ІО) деп атайды. Яғни,
іскерлік ойын дегеніміз белгілі бір ұйымның жəне басқарушы мамандардың іс-
əрекетін қайталау, сондай-ақ, басқару жүйесін ойын түрінде үлгілендіру.
Іскерлік ойын сценариінде нысанның сипаттамасы, жүргізу тəртібі,
қатысушылар құрамы, іс-əрекеттің үлгісі бойынша жасалынатын лауазымдар
көрсетіледі. Сонымен қатар, қатысушылардың тізімі, олардың рөлдері, бастапқы
ақпарат, ақпаратты өңдеуге жəне тиісті шешім қабылдауға дайындық жасауға
қажетті анықтамалық материалдар мен кестелер ұсынылады. Ұсыналатын мате-
риалда ойын ережелері мен əдістемелік нұсқаулар жəне қорытынды шығаруы си-
патталады.
Оқытудың дискуссиялық (пікірталастық) əдістері ұйымдасқан коммуника-
цияға негізделген оқу-кəсіби тапсырмаларды шешу барысындағы топтық оқыту.
Топтық пікірталас – оның мақсатын жылдам əрі жемісті шешу үшін бірлескен ком-
муникацияны ұйымдастыру əдісі болып табылады.
Оқыту əдістерінің ішінде дөңгелек үстел топтық пікірталастың бір түрі, əрі
оқыту əдісінің тиімді тəсілдерінің бірі ретінде алға шығады. Əдетте, дөңгелек
үстелге маңызы жоғары тақырыптық мəселелер ұсынылып, бұл мəселе бойынша
жетекші мамандар қатыстырылады.
Топта туындаған жағдаяттардың барлығында жəне кез-келген тақырыптық
жəне мəселелік аймақтарда қолдануға болатындығы интерактивті ойындардың
артықшылығы болып табылады. Интерактивті ойындар арқылы кез-келген да-
ра жəне кəсіби мінез-құлық тəсілдерін, атап айтар болсақ, коммуниникативтік
дағдыларды, байқампаздықты, өзінің жəне басқаның сезімдерін саралай алу
қабілеттерін, сонымен бірге, шығармашылық қабілеттер мен қиялды жақсартып,
дамытуға болады. Интерактивті ойындар топты жетелеу, шешім қабылдау
үдерісінде, рөлдік мінез-құлықты, шиеленісті шешуде, ынтымақтастыққа, биліктік-
мəртебелік қатынастарға жəне т.б. оқыту үшін қолданылады.
Интерактивті оқыту əдістері – бұл ұжымдық, өзіндік толықтыратын, барлық
қатысушылардың өзара əрекетіне негізделген, оқу үдерісіне білім алушының
қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқытуды ұйымдастыру болып табылады.
Оқытудың интерактивті əдістерін пайдаланудың тиімділігін бірнеше арнада
түсіндіруге болады.
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 1, 2016
62
Біріншіден, бүгінгі күнгі ерекшеліктердің, тіпті проблемалардың бірі
ақпараттың «ақылға сыймайтын шамадан тыс, игеруде адамның биологиялық
мүмкіншіліктерінен артық»мөлшерде дамуы. Сондықтан оқыту қысқа мерзімде
ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы
деңгейде игерте алатын жəне тəжірибеде бекіте алатын əдістерді қолдануды
талап етеді. Бұл талап білім саласында тұлғалық дамуды оқытудың негізі
ретінде қарастырады. Сонымен қатар, айтылып отырған ұстаным білім иге-
ру үдерісіне қатысушылардың (үйренуші мен үйретуші) бұрынғы авторитарлы-
коммуникативтік қарым-қатынасын гуманитарлық-коммуникативтікке өзгертіп
отыр. Егер кешегі күні таным процесін біз «білім беру», «оқыту», «үйрету» деп
түсінетін болсақ, бүгінде бізге бұл түсініктерді «білім алу/игеру», «оқу», «үйрену»
деп өзгерту қажеттілігі туындайды.
Интерактивті оқыту білім игеру үдерісін келесідей ұйымдастыруды
қамтамасыз етеді: барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді
араласуға мүмкіндік жасау; əрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі ту-
ралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына
мүмкіндік жасау.
Жалпы алғанда, интерактивті оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады.
Бірлесе үйренуде əрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына
жəне аяққы нəтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеялары-
мен, ойларымен алмаса отырып, тиімді нəтижеге (білімге) қандай бірлескен оқу
əрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды. Бұндай қарым-қатынастағы
бірлескен əрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосфе-
расында өтіп, тек ғана жаңа білім игеруге жағдай жасап қоймайды. Сонымен қатар
таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни
қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына
айналдырады.
Үшіншіден, интерактивті оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді. Осы
орайда, диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен əрекеттерге, таным
процесінде туындаған мəселелер мен қиындықтарды бірлесе шешуге алып келеді.
Интерактивті оқуда білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық,
машықтарға үйренеді:
– терең ойлануға;
– ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшелеп, оның ішінен
керектісін таңдап алуға;
Өз кезегінде бірлескен жұмыс əдістері өзін-өзі жəне басқа адамдарды
танудың бірден бір құралы болып табылады. Олар тұлғаның дүниетанымын
1, 2016 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
63
қалыптастырып, оның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-əрекеттері мен олардың
себептерін түсінуге ықпал жасайды.
Қорытындылай келе, интерактивті əдістердің оқыту үдерісіндегі тиімділігі
оның түрлендіре отырып пайдаланумен байланысты болып келеді. Тіл меңгерту
практикалық сабақтарда бекітілетіні белгілі. Сондықтан интерактивтік, яғни
рөлдік жəне іскерлік ойындар тіл меңгертудің сапасын артырары сөзсіз.
Əдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 2012 жылғы 14
желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан жаңа саяси бағыты»
Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Қазақстан Республикасыны «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы // Еге-
мен Қазақстан. – 2007. – 15 тамыз.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2012. – 230 б.
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).
5. Бұзаубақова К. Болашақ маманның инновациялық тұлғасын қалыптастыру /
К. Бұзаубақова // Қазақстан жоғары мектебі. – 2005. – №4. – 54-58 б.
Виды интерактивных методов обучения
и особенности их применения на уроках казахского языка
Ж.А. Шитенова
учитель казахского языка СОШ №16, п. Солненчный,
г. Экибастуз, Казахстан
Аннотация
В 12-летней школе компетентностный подход является новым подходом в преподавании и
обучении. Переход на 12-летнее обучение требует от учителя нового формата мышления. Изучив
возможности и умение учащихся творчески мыслить, учитель должен создать условия для форми-
рования компетенций школьников.
Ключевые слова: 12-летняя школа, творчество, компетентность, информационные техноло-
гии, личность, компетентность.
Types of interactive teaching methods and peculiarities
of their application at the lessons of Kazakh language
Zh. A. Shitenova
Teacher of the Kazakh language of secondary school №16, p. Solnechny
Ekibastuz, Kazakhstan
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 1, 2016
64
Summary
12 summer school competence-based approach is a new approach to teaching and learning. Transition
to 12 year education requires from the teacher a new format of thinking. After examining the possibilities,
and the ability of students to think creatively, the teacher must create conditions for the formation of
competencies of students.
Key words: 12-year-old school, creativity, competence, information technology, personality,
competence.
УДК 378.147:54
ХИМИЯ ПƏНІН ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПƏНДІК
ЖƏНЕ НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
О.С. Ачкинадзе
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Павлодар қаласы, Қазақстан
М. Баймұрат
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
химия магистрі, аға оқытушы
Павлодар қаласы, Қазақстан
Андатпа
Осы мақалада студенттердің тұлғалық, əлеуметтік жəне кəсіби дамуындағы ба-
сты құралы ретіндегі өздігімен даму мəселелері қарастырылады. Химия пəнін оқу кезіндегі
болашақ мұғалімнің негізгі құзыреттілктерін қалыптастырудың жолдары сипатталады.
Кілтті сөздер: тұлғаның негізгі құзыреттіліктері, мəнмəтіндік жəне ситуациялық
тапсырмалар, жобалық дағдылар.
Қазақстан Республикасының білім беру интеграциясы əлемдік білім беру
кеңістігіндегі құзыреттіліктің үлгілерін отандық білім беру жүйесінің жаңғырту
үрдісіне бағыттайды. «Білімнен» бастап «қызметке» дейінгі талаптарға сəйкес
дайындау екпінін көшіру қажеттілігі жоғары оқу орындарының студенттерінде
бірден аңғарылды.
1, 2016 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
65
ЮНЕСКО материалдары келесідей негізгі құзыреттіліктерді белгілейді:
ақпараттық жəне тілдік («оқи білу»), пəндік – практикалық («істей білу»), əлеумет-
тік («бірге өмір сүру»), тұлғалық («бола білу») жəне Қазақстан Республика-
сының жоғары білім берудегі негізгі ұсынылатын нормативтік құжаттарында
айқындалған [1, 2].
Құзыреттілік тұлғалық бағытталған қызметте көрінеді, осыған байланысты
оқытудың жетекші принципі қазіргі қазіргі таңдағы жоғары мектепте болашақ ма-
ман ретіндегі тұлғаның дамуына бағытталған.
Психологтардың қорытындысымен келісе, біз тұлғалық, əлеуметтік жəне
студенттің кəсіби қалыптасуының басты құралы ретіндегі өздігімен даму үрдісін
(өзін-өзі жетілдіру, табысты қызметке бағытталған) қарастырамыз.
Бұл ретте келесі қағидаларды негізге ала отырып, арнайы химиялық пəндердің
«потенциалын» қолданамыз:
– диалогтiк қарым-қатынаста жүргізілетін оқу іс-əрекеті біреудің ұстаны-
мын жоққа шығармайды, керісінше оларды өзара байытуға ықпал етеді;
– əрбір білім алушы өз құндылықтарын мойындай білуі қажет;
– студенттер материалды оқуда тұлғалық – құндылық қарым-қатынастарын
тани білуіне сай, оқу іс-əрекетін жобалау.
Ұсынылатын тапсырмаларға баса назар аударылады «мағынаны іздеу»,
проблемалық жағдаяттарды шешу, тірек конспектілерін құрастыру, (оның ішінде
тақырыптарды бекіту кезіндегі сигналдық конспектілер).
Тұлғаның негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырудың бірден бір жолдары-
ның бірі оқу іс-əрекетінде ситуациялық міндеттерді шешу немесе мəнмəтіндік
тапсырмалар – өмірлік мəнмəтінді қамтитын тұлғалық маңызды мəселелердің
барлығы білім алушыға негізгі білімді игеруге көмектеседі. Бұл міндеттер мəтін-
мен жұмыс жасаудың бірден бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Ситуациялық (мəнмəтін) тапсырмалардың келесі ерекшеліктерін белгілеуге
болады:
– ақпаратпен жұмыс жасаудың əмбебапты тəсілдерін қалыптастыруға
бағытталуы;
– практикалық – бағыттылық сипатындағы оқу материалы негізінде қызмет-
тің күрделі əдістерін (білу – түсіну – қолдану – талдау – синтез – бағалау) игеруді
көздеу;
– пəнаралық білімді талап ету;
– проблемалық сұрақтың білім алушылар үшін тұлғаның маңыздылығын
құруға міндетті;
– тапсырманың мағынасын ашатын, түпнұсқалық атауға ие болу.
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 1, 2016
66
Мысал ретінде, тұтастай бір ситуациялық тапсырманы «Көміртектің алло-
тропиясы» қарастырсақ:
5 қазан 2010 ж. Стокгольмде физика бойынша 2010 жыл бойынша Нобель
сыйлығының есімдері аталды. Ең беделді сыйлыққа ие болған Ресейлік екі иегер
Ресейден Константин Новоселов жəне Андрей Гейм. Олар графенмен эксперимент
жүргізгені үшін алған. Графен өзі бал арасы ұясына ұқсайтын, өзара байланысқан
құрылымға ие көміртегі атомының бір қабатынан тұрады.
Графенді алу үшін графиттің жалпақ тілімдерін жабысқақ таспамен орнала-
стырады, жеткілікті жұқа қабаттарды түзеді жəне олар бір біріне таратылады (ара-
сында көптеген қабықшалар түзілуі мүмкін, бір қабатты жəне екі қабатты, яғни
олар қызығушылық тудырады).
Графен ол:
– Микрожүйелерде кремнийдің орнын басады. Оның негізінде чиптер жеңіл
өндірілетін күйде болады, жұмысқа тұрақты, электр энергиясын аз тұтынады жəне
аз жылу бөледі;
– Ғарышта жəне авиацияда ауыр мыс сымдарын ауыстыруға болады;
– Икемді сенсорлық дисплей жəне күн батареяларын құру кезінде пайдала-
нылады;
– Жекелеген молекулаларды табу үшін сенсор сапасында қолданысқа ие
болады.
Сондай-ақ, графеннің беріктілігі барлық белгілі материалдардан асады. Гра-
феннен орындалған гамак, көзбен көрмесекте, ол төрткилограмм болатын мысықты
көтере алады.
Сұрақтар
1. Графен электроөткізгіштік қасиетке ие ме?
2. Графен жанады ма? Егер олай болса, онда графеннің жану химиялық реак-
ция теңдеуін құрыңдар.
3. Графенді жартылай өткізгіштік материалдарды дайындауда қолдануға бо-
ла ма?
4. Графендегі көміртектегі атомының гибридтенуі қандай?
5. Графен делокализияланған байланысқа ие ме?
6. Графит жəне графеннен басқа көміртектің тағы 4 модификациясын
атаңдар.
7. Көміртегі атомының қандай аллотропиялық модификациясы sp3-
гибридтену күйінде болады?
Шығармашылық тұлғаны қалыптастыра отырып, студенттерді төменгі кур-
стан бастап, жобалау дағдыларын дамыту өте маңызды. Жобалау дағдысы – бұл
1, 2016 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
67
дағдылары құра білу, бірқатар факторлардың қатысында, жаңа дүниелерді жасау.
Олар:
– жүзеге асыратын іс-əрекеттермен тығыз қапсырма жасалынатын оперативті
факторлар;
– жүзеге асыру алдындағы əрекет етуші, бекітуші факторлар.
Студенттердің жобалау дағдысын дамытудың бірден бір негізгі əдістерінің
жобалау əдісі болып, оның негізгі идеясы, яғни «жоба», түсінігінің құраушы мəні
ретінде, проблеманың практикалық немесе теориялық маңызын шешу кезінде
алынған нəтижеге деген практикалық бағыттылық болып табылады. Жобалау
əдісінің сипаттау ерекшеліктеріне интегративтілік, проблемалар жəне оқытудың
мəнмəтіні жатады.
«Мəнмəтіндік оқыту» түсінігіне тереңдей қарасақ, мəнмəтіндік оқытудың
мазмұнында ғылым логикасы ғана емес, сонымен қатар ең алдымен болашақ ма-
манның кəсіби қызметінің логикасын құрайды. Мəн мəтіндік оқыту мазмұнының
негізгі бірлігіне оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мұғалімнің кəсіби дағдыларын дамытудың əлеуметтік қабілеттілктері жатады [3].
Жобалау тəсілі ғылыми-зерттеу қызметінде тиімді жүзеге асырылуда жəне
болашақ кəсіби қызметінде өте қажет (жағдайды сыни бағалау, мақсатты бол-
жамдау, мақсат қоя білу, міндеттерді шешу, алынған нəтижелерді синтездеу,
нəтижелерін сыни бағалау, кемшіліктерді жою, енгізу сияқты), алайда үнемі оқу
үрдісі барысында ғана өтелінеді.
Сол себепті, біз «Бейорганикалық химия» курсында, жекеше, студенттердің
өздігінен дамуында оқу іс-əрекетінің келесідей ерекшеліктерін белгілейміз:
– Аудиторияда жəне аудиториядан тыс, жаңа материалды бекіту мен білімді
актаулизациялау кезінде дифференциялдық тапсырмаларды орындауда «күшті»
жəне «əлсіз» студенттердің іс əрекетін ынталандырады; нашар үлгеретін бірінші
курстарға күшті тапсырмаларды орындау кезінде табысты орындауды бастан
кешіруге жəне неғұрлым күрделі тапсырмаларды уəждеуге мүмкіндік береді.
– Зертханалық тəжірибелердің оңтайлы санын орындау мен байқалатын
нəтижелерін түсіну эвристикалық тəсілді талап етеді.
– Оқылатын тақырыптың соңында тұтастай танымдық белсенділігін дамы-
тытатын жəне кəсіби бағыттылығы бар аудиториялық шығармашылық тапсырма-
ларды (шағын – жоба) ұсынады.
Мысалы, сабақта «Гидролиз» тақырыбын аяқтағанда біз «Химия» маман-
дығының бірінші курс студенттеріне келесі эксперименттік тапсырманы (топтық
жұмыс бойынша 4 адам) ұсынамыз: «Химик – экспертке бір жылдан аса тұрған,
реактивтердің жарамдылығын анықтау қажет: KCl, Na
2
CO
3
, SbCl
3
, CuCl
2
, FeCl
3
-
нің 0,1 М су ерітінділері. Яғни зерттеу жоспарын ұсыныңыз, зерттеу жүргізіңіз,
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 1, 2016
68
қорытынды жасаңыз, жас лаборантқа осы ерітінділерді пайдалану мүмкіндігі
бойынша нұсқаулар беріңіз».
Студент осы мини – жобаны орындау кезінде əрбір тұздың гидролизін
түсіну мүмкіндігін немесе мүмкін еместігін теориялық тұрғыдан ойлап, реакция
теңдеулерін жазып, болжап, қай жерде гидролиздің тереңірек жүруін бақылап,
сулы ерітіндідегі негіздермен тұздардың диссоциациялану константасы бар
анықтамалық мəліметтерді пайдаланып, концентрацияны есепке ала отырып,
(Кгидролиз жəне гидролиздену дəрежесі түсінігін қолданып) əрбір гидролиздене-
тін ерітіндінің рН есептеп, осы процессті басу үшін гидролиздену реакциясының
химиялық тепе – теңдігін қалай ығыстыруға болатынын анықтап; қажетті инди-
каторларды қолданып, өз теориясын эксперименталды тексеру қажет. Жобаны
орындағаннан кейін əр топ зерттеу кезеңдерін дұрыс қою, проблеманы қамту жəне
шеше білу мəселесі, ғылыми тəсілдемелері бойынша оқытушының алдында есеп
береді.
Оқыту практикасы көрсеткендей, сабақтың құрылымы осындай жол-
мен студенттерді белсендіреді, болашақ мамандықтың химиядағы теориялық
сұрақтарына деген қызығушылықтарын оятады жəне болашақ мұғалімнің негізгі
құзыреттіліктерін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Əдебиеттер
1. Государственный общеобразовательный стандарт высшего образования РК.
Основные положения № 1080 от 23 августа 2012 года. – Астана, 2012.
2. Үлгілік оқу бағдарламасы. Бакалавриат. 5В011200 – Химия мамандығы. – Алма-
ты, 2013.
3. Национальный план действий по развитию функциональной грамотности школь-
ников на 2012–2016 годы. Постановление Правительства РК от 25 июня 2012 №832,
Астана.
Пути развития предметных и ключевых компетенций
студентов при изучении химических дисциплин
О.С. Ачкинадзе
кандидат педагогических наук, доцент кафедры географии и химии,
Павлодарский государственный педагогический институт,
г. Павлодар, Казахстан
М. Баймурат
магистр химии, старший преподаватель кафедры географии и химии,
Павлодарский государственный педагогический институт,
г. Павлодар, Казахстан
1, 2016 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
69
Аннотация
В данной статье рассматривается проблема саморазвития студентов как главный инструмент
в личностном и профессиональном становлении. Описываются пути форирования ключевых компе-
тенций будущего учителя при изучении химических дисциплин.
Ключевые слова: ключевые компентентносты личности, контекстные и ситуационные зада-
ния, проективные умения.
Достарыңызбен бөлісу: |