1, 2020 педагогический вестник казахстана



Pdf көрінісі
бет31/55
Дата31.12.2021
өлшемі3,14 Mb.
#22891
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
А. Бахатхан
1
, Д.Ж. Сəкенов
1
 
1
 Педагогика жоғары мектебі,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетi,
Павлодар қ., Павлодар облысы, Казахстан Республикасы
e- mail: aksaule_998@mail.ru, djakk@mail.ru 
МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ ƏДІСТЕМЕСІ
Аңдатпа
Бұл  мақалада  мектептегі  дене  тəрбиесінің  əдістері  жайында  айтылған.  Осы 
əдістерді  қолдану  арқылы  мұғалімдер  бастауыш  сыныптан  бастап  оқушылардың 
дене  тəрбиесіне  деген  қызығушылығын  оятып,  салауатты  өмір  салтын  ұстанудың 
қаншалықты маңызды екенін ұғындыра алады. Дене тəрбиесі процесінде белсенді қимыл 
–  қозғалыс  қызметіне  негізделген  жалпы  педагогикалық  əдістер,  сондай-ақ  қатаң  шек-
телген жаттығулар əдістері қолданылады – бұл регламенттелген жаттығу əдісі; ойын 
əдісі; жарыс əдісі;  сөздік жəне  сенсорлық əдістер.  Дене  тəрбиесі  – бұл  арнайы білімді, 
шеберлікті  жəне  дағдыларды  қалыптастыруға,  сондай-ақ  адамның  жан-жақты  дене 
қабілеттерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс. Oқушылар дене – бітімінің 
дұрыс  дамуы,  денсаулығының  нығаюы,  жұмыс  қабілетінің  артуы  сыртқы  ортаның 
қолайсыз  жағдайларына қарсы  тұруға  ықпал етеді.  Жақсы  денсаулық  –  адамның  еңбек 
жəне қоғамның іс-əрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі.
Тірек сөздер: мектеп, дене тəрбиесі, əдістеме.
КІРІСПЕ
Қазіргі  дене  тəрбиесі  жүйесінің  əлеуметтік  –  экономикалық  жəне  əлеумет-
тік  –  мəдени  жағдайында  жалпы  орта  білім  беру  мектептерінде  дене  тəрбиесі 
пəнінің  негізгі  мақсаты  адамның  жалпы  мəдениетінің  компоненті  ретінде  де-
не мəдениетін де қалыптастыру көзделіп отыр. Кез – келген мұғалімнің алдында 
сабақта оқушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұр. 
Oл  үшін  оқушылар дене  жаттықтыру  сабағына  қызығушылық  танытуы,  денелік 
жəне  психикалық  сапаларды  дамытуы  жəне  сабақтан  ерекше  əсер  алуы  қажет. 
Қызығушылықтан ерекше дүниені күту пайда болады. Oның деңгейіне оқушының 
сабақтағы  зейіні,  мінез  –  құлқы,  белсенділігі,  сыни  ойлауы,  шығармашылықпен 
жұмыс  істеуі  байланысты.  Oқушылардың  денсаулығы  –  білім  беру  саласы  мен 
мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарының бірі [1].


ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2020
74
Қазақстан  Республикасы  өз  тəуелсіздігін  алғаннан  бастап  мемлекеттік  сая-
сатта халық денсаулығы басты назарда болып келеді. 1997 жылы қыркүйек айында 
ел президенті Тəуелсіз Қазақстаның ата – заңының 44 – бабының 8 – тармақшасы 
«ҚР  азаматтарының  денсаулық  жағдайын  жақсарту  жəне  олардың  денсаулығын 
сақтауға  деген  Конституцияның  құқығын  іске  асыру  талабына  сай  Қазақстан 
халқына  Қазақстан 2030  барлық  қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздік 
жəне  əл-ауқатының  артуы»  жолдауын  жасады.  Oсы  жолдаудың  мақсаты  жас 
ұрпақтың денсаулығын қалыптастырy [2].
Қазақстан  Республикасының 
тұңғыш  президенті 
Н.Ə. Назарбаевтың 
«Қазақстан  –  2030»  стратегиялық  бағдарламасында  салауатты  өмір  салтына 
ынталандыру  əрқайсымыздың  дене  тəрбиесімен  айналысуымызға,  дұрыс  тамақ-
тануымызға,  тазалық  пен  санитарлық  шараларын  сақтауымызға  бағытталған 
денсаулықты  нығайту  үшін  жастарды  салауатты  өмір  салтына  насихаттап, 
ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек деген.
Tүрлі  жас  топтарына  сəйкес  тұрғындарды  əлеуметтік  медициналық 
тұрғыдан қамтамасыз ету  жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру проблема-
сы  А.А. Ақанов,  Қ.А. Төлебаев  еңбектерінде  өз  көрінісін  тапты,  салауатты  өмір 
салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері де жемісті еңбектеніп келеді. 
Aурулардың алдын алу жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру мəселелеріне 
К.К. Сатпаева, Г.К. Нұрғалиева, Л.З. Тель жəне тағы басқалар үлкен үлес қосты [3].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Білім беру мен тəрбиелеудің міндеттерін шешуде маңызды орындардың бірі 
дене шынықтыруға бөлінеді. Бүгінгі таңдағы дене шынықтыру көп қырлы құбылыс 
болып табылады, өз құрамында бірсыпыра бағыттарға, сабақ түрлері мен форма-
ларына иe.
Дене тəрбиесін оқытудың əдістемелік жүйесі бір-бірімен өзара байланысқан 
бес бөліктен тұратын құрылым: оқыту мақсаттары, мазмұны, əдістері, құралдары 
мен ұйымдастыру түрлері. Əдістемелік жүйелер жалпы орта мектеп практикасын-
да тəжірибеден өте отырып, көптеген жылдар бойында қалыптасады.
Дене тəрбиесінің əдістері – бұл дене жаттығуларын қолдану тəсілдері. «Де-
не  тəрбиесі»  ұғымы,  бұл  терминнің  өзі  айтқандай,  кең  мағынада  «тəрбие»  жал-
пы  ұғымына  кіреді.  Бұл  жалпы  тəрбие  сияқты  дене  тəрбиесі  педагогикалық 
процестің  барлық  жалпы  белгілерімен  сипатталатын  немесе  өзін-өзі  тəрбиелеу 
процесінде  жүзеге  асырылатын  белгілі  бір  тəрбие  –  білім  беру  міндеттерін  ше-
шу процесін білдіреді.  Дене  тəрбиесінің  ерекше  белгілері,  ең  алдымен,  бұл  про-


1, 2020                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
75
цесс,  қозғалыс  дағдыларын  қалыптастыруға  жəне  адамның  физикалық  сапасын 
дамытуға бағытталған, олардың жиынтығы шешуші шамада оның дене жұмысқа 
қабілеттілігін анықтайды[4].
Дене  тəрбиесі  процесінде  белсенді  қимыл-қозғалыс  қызметіне  негізделген 
жалпы педагогикалық əдістер, сондай-ақ ерекше əдістер қолданылады: 
– регламенттелген жаттығу əдісі; 
– ойын əдісі; 
– жарыс əдісі; 
– сөздік жəне сенсорлық əдістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет