Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары деп жылжыманың, ротордың айналу жиілігінің , тудырылған моменттің , тұтынылған тоқтың, қуаттың, қуат коэффициентінің және пайдалы жұмыс коэффициентінің машина білігіндегі пайдалы қуатқа тәуелділігін айтады.
Асинхронды қозғалтқышын айнымалы тоқ желісіне қосқан кезде оның статор және ротор орамаларымен өтетін тоқтардың, мөлшері олардың нақтылы (номинал) мөлшерлерінен бірнеше есе артық болады. Оның себебі ротор орнында тұрған кезде айналмалы магнит өрісі оның орамасын магнит өрісінің айналу жиілігіне тең үлкен жиілікпен кесіп өтеді де, осы орамада үлкен ЭҚК-ті индукциялайды. Бұл ЭҚК ротор тізбегінде үлкен тоқ туғызады, ал ол статор орамасында да тиісті тоқтың пайда болуына әкеледі.
Ротордың айналу жиілігі өскенде жылжыма азаяды, бұл ротор орамасындағы ЭҚК пен тоқтың азаюына алып келеді. Ол өз кезегінде статор орамасындағы тоқты азайтады. Осы теориялық материальды тұжырымдау мақсатында Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамаларын практика жүзінде есептік сараптау жасалды. Мәселен ротордың айналу жиілігі 1465айн/мин, кернеуі 220/380В, қысқа тұйықталған ротордың 4А160М4У3 арнайы қуаты 18,5 кВт тең үш фазалы асинхрондық қозғалтқыштың М=f`(s) берілген өлшемдер бойынша механикалық сипаттамасын графикке салу. Ол қозғалтқыштың байланыс сызбаларының өлшемдері r1=0,263 Ом, х1=0,521 Ом, r’2=0,158 Ом және х2=0,892 Ом. Қозғалтқыштың жүктеме қабілеттілігі λ=2,3; жүргізіп жіберу моменті Мп/Мном=1,0.
Қозғалтқыштың механикалық сипаттамасын график түрінде өрнектеу үшін, номинал электромагниттік момент Мном, жүргізіп жіберу Мж(пусковой) және максимал моментті Ммах-ті анықтау керек. Сонымен қатар сырғанау S>Sкр болғандағы электромагниттік моменттің екі мәнін анықтаймыз.
1) Қозғалтқыштың бұрыштық синхронды жылдамдығы былай анықталады:
ω1=2πn1/60=2π·1500/60=157 рад/с
2) ал, номинал сырғанауы формуласы
Sном=(n1-nном)/n1=(1500-1465)/1500=0,023
3) Қозғалтқыш тұрақтысы с=1 болса, онда номиналдық электромагниттік момент мына формуламен анықталады:
4) Қозғалтқыштың жүргізіп жіберу моменті номиналды моментке тең болады:
5) Қозғалтқыштың максималды моменті:
6) Критикалық сырғанау:
7) Сырғанау кезіндегі электромагниттік момент S =0,2 және S=0,4 осы мәнге сәйкес:
8) Есептеу нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген:
Сырғанау (скольжение) S
|
0
|
0,023
|
0,112
|
0,20
|
0,40
|
1,0
|
Электромагнитті момент М,
Н·м....................................
|
0
|
121
|
278
|
236
|
150
|
121
|
Енді асинхрондық қозғалтқыштың механикалық сипаттамасын сызамыз .
Анықталған S>Sкр сырғу кезіндегі Мном электромагниттік номинал, Мп жіберу, Ммах максимал моменттері бойынша қозғалтқыштың механикалық сипаттамасын саламыз(Сурет 18).
М, Н·м
278
250 236
200
150 150
121 121
100
50
0
0,1 0,2 0,3 0,4 0,5 0,6 0,7 0,8 0,9 S
Сурет 1. 4А160М4УЗ үш фазалы роторы қысқа тұйықталған
асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |