ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ басталатын ғибратты өлеңінде Абай адамға
бір-ақ рет берілетін өмірді мағыналы өткізу
үшін білімділікті еріншектіктен, надандықтан,
дарақылықтан құтылудың бірден-бір жолы
ретінде, тұлғалық және қоғамдық даму
ұстанымдарымен байланыстыра отырып қазақ
даласын білімге шақырды, қандастарының
әлемдік мәдениет қазынасын да игере білгенін
қалады [10, І т., 71]. Білімді насихаттай
оты рып, ол жаңа құндылық бағдарларды,
өмір мәнін, адам бақытын жаңаша түсінуді
қалыптастырды. «Біріңді қазақ бірің дос
көрмесең істің бәрі бос...» деп үндеген
Абайдың ойынша адамның жаңа ұстанымы
– бұл оның адамгершілігі, рақымдылығы,
дос тығы, махаббаты. «Қалың елім, қазағым,
қайран жұртым...» деп ұлты үшін көкірегі
қарс айрылатын өлеңінде жақсыны жаманнан
ажырата білуде ізгілікті басшылыққа алуға
шақырады.
Абай тәрбиесінің этикалық мәні – адамның
өмірдегі міндеті мен рөлін жоғары бағалау.
Адам – ақын көзқарасында ақыл-ойдың, адам-
шылықтың, еңбексүйгіштіктің және білім-
діліктің, достық пен махаббаттың түгелдей
көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн –
аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер
– таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай
үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым
бар!» деп жар салады [10, 86].
Адамның қалыптасу үдерісіндегі тәрбие-
нің, қоршаған ортаның рөліне үлкен мән
бере отырып, Абай өзін-өзі тәрбиелеумен
айна лысудың қажеттілігі туралы ойды баса
айтады. Адам өз-өзіне басқаша көзбен қарауға,
өзіндік талдау, өзіндік баға беру, өзіндік
бақылау қажеттілігі туралы есте сақтауға тиіс.
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың
келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында
бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің
есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі
өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не
ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің
өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ,
болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей
қалыппысың?» деген тоқтамға келеді [10, ІІ т.,
151].
Адамды қандай да бір әрекеттер жасауға
итермелейтін қажеттіліктерді, оларды қана-
ғат тандырудан туатын жағдайларды атай
отырып, кемеңгер ойшыл қажеттіліктерді
қанағаттандырудың шегі, өзіндік мөлшері
бар екендігін де ескертеді: «...әрбір жақсы
нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса – жара-
майды. Өлшеуін білмек – бұл үлкен керек
іс… Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл
көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап
іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл
нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар» [10, ІІ т.,
222]. Бұл қандай мөлшер және оның өлшемдері
қандай? Бұл сұраққа жауап бере отырып
Абай – арлылық, ұяттылық, парасатталық
бұлақтары адамгершілік дариясын толтырып,
оны асып-тасудан сақтап, қажетті арнаға
бағыттайтындығын түсіндіреді. Өзінің отыз
алтыншы сөзінде осы ұғымды толық талдай
келіп: «Ұят деген адамның өз бойындағы
адамшылығы» [10, ІІ т., 182] дейді. Он төр-
тінші сөзінде: «ар мен ұятқа терістіктен
сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі үнемі
жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын
бір тексермей кеткен кісі, тәуір түгіл, әуелі
адам ба өзі?» деп ой қорытады [10, ІІ т., 149].
Абайдың ұсынған адамгершілік идеялары –
адамды шыққан тегіне, қоғамдағы дәрежесіне,
байлығы мен бақуаттылығына емес, адамдарға
жасаған жақсылығына, рухани қасиеттеріне
қарап бағалау. Адамның өмірдегі шамшырағы
нұрлы ақыл мен ойлы жүрек болса ғана оның
еңбегі мағыналы, ауқаттылығы орынды.
Адамның рухани-адамгершілік әлемі тура-
лы ұлы ұстазының жолын жалғастырушы,
Абайдың шәкірті әрі жақын інісі, ағартушы,
ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының
адам тәрбиесі мәселелеріне қатысты тео-
рия лық ізденістері мен ұстанымдарына
гуманистік ой-пікірлер мен зерттеу нысанына
деген сындарлы, рационалды көзқарастар тән.
Оның көзқарастары мен дүниетанымындағы
адам тәрбиесі жөніндегі ойлар жан-жақ-
ты лығымен, тереңдігімен ерекшеленеді.
Демократтық, гуманистік, ағартушылық,
насихатшылық позициялар ұстанған Шәкәрім
дүниетанымының
орталық
тақырыбы