№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет21/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
әдеби мұралары. Халықтың рухы, оның тарихы 
мен поэтикалық формадағы педагогикалық 
ойы туралы білімдерін кейінгі ойшылдарымыз 
бен ағартушыларымыз қазақ эпосынан алған. 
Сондықтан да көптеген бай халық ауыз 
әдебиеті ескерткіштерінің арасынан эпостың 
алатын орны ерекше. Эпос – ауыздан ауызға 
жетіп, ғасырлар тезінен өңделген көне көр-
кем шеберлік, эпикалық шығармаларда 
көрі ніс тапқан халықтың ғасырлар бойғы 
өмірлік, ұрпақ тәрбиесіндегі тәжірибесі, оның 
рухының мәнін сипаттайтын, поэтикалық 
қалыпта айтылатын ауызша тараған тарихы. 
Қазақтың рухани мұрасының бай қазынасымен 
молыққан тәрбиелік тұжырымдары қазақ 
халқының әлемдік тарихта біртұтас ұлт 
ретінде ұйылуына әсерін тигізді. Қазақ қоға-
мы ның сапалы өзгешелігі өмірдің рухани-
адамгершілік құндылықты мәнісінің бас-
қа қоғам болмысымен салыстырғанда үл-
кен мәнге ие болатынын ашып көрсету 
мүкіндігімен ерекшеленеді. Бұны қазақ қоға-
мының этикалық бастауларының ежелден 
күн де лікті тыныс-тіршілікте табиғатпен 
ете не байланыста болуынан деп түсінеміз. 
Қазақ руханиятындағы әрбір шынайы өнер 
туындысы ұлттың рухани әлемін жаңа рухани 
күшке, рухани атмосфераға айналдырғанын 
байқаймыз. Ондай деңгейге көтерілмеген, 
бұл күнге дейін жетпеген, болашаққа жаңа 
ұрпақтармен бірге бармайтын туындылар – 
жалған құндылықтар, үйлесімділікті шайқал-
тушы теріс дүниелер. Негізгі саралаушы, 
електен өткізуші уақыт, абыз тарих. Сондық-
тан халық шығармашылығының, ұлы кемең-
герлер туындыларының құдіретті күші бар. 
Ұлт мәдениетінің, руханиятының жарқын 
үлгілерін жас ұрпаққа жалғастырмау, орта 
жолда жоғалту, тіпті жеткілікті деңгейде 
қадірлемеу адами қалыптасуға қарсы жасал-
ған, бабалар алдындағы қылмыс ретінде баға-
лануы тиіс.
Отан қорғаушылардың отаншылдық, ұлт-
жандылық, рухани-адамгершілік тәрбиесінің 
ұлттық тәжірибесі туралы сөз қозғағанда XV-
XVII ғасырларда ру-тайпалар бірлестігінен 
біртұтас қазақ хандығы құрылып, феодалдық 
мемлекеттің нығая бастаған кезеңінде туы 
ерекше желбіреген, елге ұйтқы, ер-азаматқа 
ақылгөй болған жыраулар поэзиясын үнемі 
есімізде ұстауымыз қажет. Олардың ерен 
еңбектері жайлы Мұхтар Мағауиннің «Қобыз 
сарыны» атты туындысында жан-жақты 
баяндалды [6]. Жыраулар ел басына төнген 
қиын-қыстау заманда, Ақтабан шұбырынды, 
Алқакөл сұлама, жоңғар-қазақ ұрыстары 
тұсында сарбаздардың намысын жанып, рухын 
көтерді. Өйткені, жыраулық пен батырлық 
– халқымызда ажырамас егіз ұғым. Олар 
қолына домбырасын алып, данагөйлікпен, 
ақыл айтумен, жұртты ел қорғауға шақырумен 
шектеліп қалмай, 
«Жауға шаптым ту байлап, шепті бұздым 
айғайлап. 
Дұшпаннан көрген қорлықтан жалынды 
жүрек қан қайнап, 
Елді-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас 
байлап!» - деп Ақтамберді жырласа; 
«...Мен көлікке қосымды артқанмын, 
көмбідей ару жайларға, 
Күректей мұзды тоңдырып, кірмембес ауыр 
қолға бас болып, 
Күңіреніп күн түбіне жортқанмын!... 
Арғымаққа оқ тиді қыл майқанның түбінен.
Аймадетке оқ тиді отыз екі омыртқаның 
буынынан.
Зырлап аққан қара қан тыйылмайды 
жонның уақ тамырдан. 
Сақ етер тиді саныма, сақ сырым толды 
қаныма.
Жара бір қатты, жан тәтті, жара аузына қан 
қатты» - деп Доспанбет жырлап; 
«Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға 
алмай,
Ашаршылық, шөл көрмей, арып-ашып жол 
көрмей,
Ерлердің ісі бітер ме?!» - деп Махамбет» 
жырлағандай, өздері де қару-жарағын асынып, 
қандықол ұрыстарға тікелей енген. Соғыстан 
шаршаған халықтың еңсесін көтеріп, оларды 
бірлікке шақырған, ханның кеңесшісі де, саяси 
мәселелерді шешуші ымырашы-саясаткер де 
бола білген. Көшпенді өмір салтын ұстанған 
ата-бабаларымыз үшін синкретті өнер иелері 


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет