№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет20/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

Keywords: spiritual and moral breeding, spiritual values, spiritual heritage, historical foundations, 
historical heritage, the national character, the nation integrity.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалып-
тас қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 
Қазақстан Халқына Жолдауда қазақстандық 
қоғамда рухани-адамгершілік құндылық 
бағдарларын қалыптастыру қажеттілігі баса 
айтылған. Адам мен қоғамның өміріндегі 
құндылықтардың маңызын сонау антикалық 
дәуірдің философтарынан бастап сезіне 
бастаған болатын [1].
Рухани-адамгершілік тәрбиенің тари-
хи негіздері Ежелгі Грек ойшылдары адам-
ның мейрімділік, ізгілік, жан және тән 


20
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
сұлулығы, әділдік сияқты қасиеттерін 
біріктіретін құндылықтардың ортақ ұғымы-
ның болатындығын бағамдай алған. Сократ 
әділеттілік, қаһармандық, бақыт, қайырым-
ды лық сияқты аксилогиялық ұғымдарға 
анықтама берді. Ол «...бірінші кезекте адам 
рухы, табиғат, білімділік» дей келе, өз еңбе-
гінде адамның рухани құндылықтарына 
ерекше мән бере отырып, «...мейрімділік 
пен зұлымдық арасында дұрыс таңдау жасау 
және әлеуметтік ортада өз орныңды таба 
білу» ұғымдарына көңіл бөлсе [2], Платон 
сұлулық, жарасымдылық, адалдық сияқты 
ұғым дарды ортақ ізгілік бастауларына 
жинақ тады [3]. Аристотель өзінің «Үлкен 
этика» еңбегінде құндылықтарды жеке-жеке 
топтастырып, бағалы қазыналарға (жан, ақыл, 
құдайдың сыйлары); мақтаулы қазыналарға 
(мадаққа жеткізетін игі істер); мүмкіндік 
қазыналарына (билік, күш, сұлулық); басқа 
қазыналардың бастаулары болып табылатын 
қазыналарға (мысалы, денсаулықты нығай-
татын дене жаттығулары) бөледі. Аристотель 
оқымысты, білімді адамның үнемі қайырым-
ды, мейірімді бола бермейтіндігін алдыға 
тарта отырып, тұлғаның ізгілікті іс-әрекет-
терін дамытуға ерекше маңыз береді [4]. 
Аталмыш ойшылдардың мұраларындағы бұл 
құндылықтар рухани-адамгершілік тәрбиенің 
бастаулары ретінде кейінгі ғалымдардың 
зерттеу еңбектеріне негіз болды.
Бүгінгі Қазақстан аумағының Жетісу 
өңірінде ХІ ғасырда өмір сүрген аса көрнекті 
ойшыл Ж.Баласағұн рухани-адамгершілігі 
кемел адам туралы ой толғауында «антына 
адал, уәдесіне берік адам – өз бақы ты ның 
қожасы. Бұл үшін ол өз бойына рухани-
адамгершілік қасиеттерді үнемі қалыптас-
тырып отыруы тиіс» деп сипаттайды. Атал-
мыш ойшыл сонымен қатар адамның ішкі 
жан-дүниесіне, сезімдік, эмоционалдық көңіл-
күйіне ерекше көңіл бөлгендігін көрсетеді. 
«Жақсы адамдардың басты сипатының бірі 
сезімталдық, ішкі рухани өмірінің әсемдігі, 
жан-дүниесінің сұлулығы. Адам өзінің ақыл-
парасатымен қатар сезім дүниесін де билеп 
игеруі керек, яғни ол өз көңіл-күйінің де 
қожасы. Сүлесоқ, көңілсіз, енжар адам – әлі 
де болса тәрбиесі жетіспеген адам. Осындай 
кемшіліктерден адам бір өзі жапа шекпей, 
өзін қоршаған адамдар алдында да айыпты 
болып саналады» дейді [5]. Ойшылдың осы 
айтқандарынан адамзат баласының шынайы 
рухани-адамгершілік мінез-құлқының ақыл-
ой, сезімімен үйлесім табуын қарым-қатынас 
барысында жеке адамның өзін-өзі ұстай 
білуіне, мінез-құлқына байланысты болады 
деген пікірде болғанын аңғарамыз.
Адамгершілік сферасы мен табиғат сфера-
сын (еркіндікті қажеттіліктерге) қарсы қоя 
отырып «Құндылық» ұғымын ғылыми айна-
лымға енгізуге алғашқы талпынысты неміс 
ғалымы И.Кант жасады. Өз еңбегінде ол 
құндылықтар мен нормалардың ара жігін 
ажыратып берді. И.Канттың берік ұстанған 
қағидасы бойынша – егер адамның қандай 
да бір игі іс-әрекетінің қозғаушы күші тек 
өзінің еркі болатын болса, онда ол барлық 
құндылықтардың эталоны болатын моральдік 
құндылық болып табылады.
Рухы биік, адамгершілігі асқақ ұлтымыздың 
ұландарын отаншылдыққа, рухани-адам-
гер шілік құндылықтарға тәрбиелеуде ежел-
ден от ауызды орақ тілді би-шешендердің, 
жыршы-жыраулардың, ақындардың, әншілер 
мен күйшілердің орындары ерекше болып 
келген. Сонау Кетбұғы, Қорқыттан бастап 
Құрманғазы лардың 
күйлері, 
авторлары 
ұмы тылып халықтың меншігіне айналған 
эпикалық жырлар, шешендік сөздер – осылар-
дың барлығы руханилықтың тарихи үлгілері 
болып табылады. Халықтың арманындағы 
тұлғалық бейнелер фольклорда, аңыз әңгімелер 
мен дастан-жырларда бойын кернеген қуат-
күшімен қатар рухани кемелденген кейіпкерлер 
түрлерінде көрініс тауып отырған. Осындай 
халықтық жауһарлар ғасырлар сынынан өткен 
қомақты тәжірибе, рухани мұра ретінде бүгінгі 
жастарды тәрбиелеуге де үлес қосуы тиіс деп 
есептейміз.
Ұлттың мінез-құлқын, мәдениетін, рухани-
адамгершілік құндылықтарын бүгінгі ұрпаққа 
жеткізген бірден-бір дерек көзі де жыраулар 
мен жыршылардың баға жетпес асыл қазына, 


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет