№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет47/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
сат тарының орындалуын сұрау. Адамдықтың 
басты мақсаты – ақиқатқа жету болғандықтан, 
адам өзін-өзі тану және жетілдіру арқылы 
адамдықтың биігіне жетеді.
Төртіншісі – мағрипат жолы, яғни хақпен 
дидарласу. Бұл дәрежеге жеткен адам – ғалам-
ның барша сырына қаныға алады, сөйтіп, 
Алланың қойған талаптарының барлығына 
жауап таба алады деп, ой түйеді.
Сонымен, А.Иасауи осы жолдарды көрсете 
отырып, мұсылман дәстүріндегі «жетілген 
адам» идеясын одан әрі жалғастырып, «Кемел 
адам» идеясын толықтырды деп санау ға 
болады. Қорыта айтарым, Орта ғасыр ғұла-
ма лары – әл-Фараби, Ж.Баласағұни және 
А.Иасауи кемел адамның тұлғасы қалай болу 
керектігі туралы өз шығармаларында негіздей 
отырып, оны қалай тәрбиелеу қажеттігін де 
анықтаған. Соны қарастырайық.
Орта ғасыр ғұламалары жеке тұлғаның 
ке мел денген бейнесін ұсынумен қатар оны 
отбасы тәрбиесі жағдайында қалыптастыру 
қажеттігін де жан-жақты қарастырды [6].
1.Ғұлама ғалым әл-Фараби бала дүниеге 
келгенде алдағы өмірінде бақытты болуға 
же те лейтін қасиеттерді игеруге, өздігінен ол 
жетіле алмайтындығын айта келіп, ол үшін 
арнайы тәрбие ортасының болуы керек деп 
санайды. Ондай ортаның негізгісі, әрі баланың 
бақытқа қол жеткізудегі қасиеттерінің негізі 
қаланатын тәрбие ошағы – отбасы ортасы 
екендігін мынадай сөзбен келтірген:
«Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі 
үшін ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету 
үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз 
жүріп таба алмайды және бұған жету үшін 
ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді. 
Осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған 
қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан 
қандай бір затты тауып беріп отырады. Оның 
бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші 
адам жөнінде де нақ осылай күйге түседі. 
Міне, сондықтан да бір-біріне көмектесіп 
отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне 
қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп 
отыратын көптеген адамдар бірлестіктері 
арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай 
кемелдік дәрежесіне жете алады» [3], - деп 
от ба сында өзара көмек пен ынтымақтастық 
болғанда ғана ортақ мүддеге қол жеткізуге 
болатындығын және сол арқылы әрбір 
отбасы мүшесі өз мүддесіне, бақытына қол 
жеткізетіндігін айтқан. Бұдан, отбасында 
адамдар бақыт жолына өзара көмек, достық, 
бірлік қатынаста өмір сүруі ләзім дей отырып, 
әл-Фараби «Адамдар туралы айтсақ оларды 
қосатын және байланыстыратын дәнекер, 
тұтқа – адамгершілік болып табылады. Сон-
дықтан, адамдар отбасында адамзат тегіне 
жататын өзара бейбітшілікпен татулықты 
сақтауы керек» [3], - деп тұжырым жасйды.
Әл-Фараби мінез-құлық тәрбиесіне айрық-
ша мән берген. Ол өзінің «Бақытқа жету жо-
лын да» деген еңбегінде «жақсы мінез-құлық 
пен ақыл күші – адамшылық қасиеттер болып 
табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, 
біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден 
абзалдық пен кемелділікті табамыз және осы 
еке уі арқасында адам боламыз, біздің өмір 
бей неміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз 
мақтаулы болады. Мінез-құлық сапаларының 
абзалы да, оңбағаны да жүре пайда болады 
дей міз. Адамда қалыптасқан мінез-құлық 
бол маса, онда ол жақсы немесе жаман мінез-
құлыққа тап болғанда, қарама-қарсы мінез-
құлыққа өз еркімен көшіп кетуі мүмкін» [3], 
- деп адамда жақсы мінез-құлық болуын талап 
еткен.
Әл-Фараби өзінің «Бақыт жолын сілтеу» 
атты трактатында мінез тәрбиесіне ерекше 
көңіл бөлген. Ол былай дейді: «Мінезділік – 
бақытты болудың басты шарттарының бірі. 
Кейбір адамдар қолдағы бақытынан оп-оңай 
айрылады, тіпті бақытсыздыққа ұшырап қала-
ды. Оны мұндай күйге түсіретін – оның нашар 
мінезі» [3].
Әл-Фараби кемел адамды тәрбиелеудің екі 
түрлі әдісін атап көрсеткен. Біріншісі, адамның 
сезіміне әсер ететін иландырғыш – нақыл сөз-
дер әдісі. Бұл әдіс арқылы адамдарды өз еркімен 
игілікті істерді жасауға жігерлендіруге болады. 
Ал екіншісі – өз еркімен, өз қалауымен жөнге 
келмейтін, сөзге құлақ аспайтын, бүлікшіл 
жә не көнімсіз ересек адамдарға қолданатын 


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет