№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет48/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
күштеу әдісі [3].
Әл-Фараби жалпы қауым мүшелерін, оның 
ішінде әсіресе жастарды тәрбиелеуде аталған 
«жұмсақ әдіс» пен «қатты әдісті» ұштастырып 
қолдануды талап етті.
Сонымен ғұлама қоғамда «Кемел адамды 
тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына 
бі лімге негізделген этикалық ізгіліктер мен 
өнерлерді дарыту әдісі деген сөз» [3], - деп 
қорытындылаған.
2.Ғұлама Ж.Баласағұни өзінің «Құтты бі-
лік» дастанында адамның өмірінде білімнің 
мәні, бақыт туралы, іс-әрекеттің оңы мен те-
рісі, тілден келетін пайда мен зиян, әр текті 
жұртшылықтың тілін табу, жанұя мен неке, 
ұл мен қыздың өнегелі тәрбиесі, ата-анамен 
балалардың қарым-қатынасы мәселелері ке-
ңінен сөз болған [4].
Дастанда жақсы мінез-құлықты тәрбиелеу 
мәселесі айрықша айтылған. Өйткен жақсы 
мі нез-құлық кемелділік өлшемі ретінде қа-
былданып, ол туралы ақын былай дейді: «Кі-
сілік қымбат емес, кішілік қымбат»; «Ұлық 
болсаң, кішік бол»; «Жақсы мінез-құлық әдеп-
тілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тә-
лім-тәрбиесіне байланысты» [4] деп түйеді. 
Сондай-ақ Жүсіп ақыл, білім, білік туралы: 
«Ақыл қайда болса, ұлылық сонда»; «Білім 
кімде болса, сол білікті болады» [4], - деп 
пікірлер айтқан.
Ж.Баласағұнидің отбасында қыз бала 
тәр биесіне және ер бала тәрбиесіне де ата-
ананың орнын ешкім ауыстыра алмақ емес, 
әсіресе ер бала тәрбиелеуде әкенің жеке ба-
сы ның өнегесі, оның мінез-құлқы мен тұл-
ғалық қалыптасуында маңызды деп санаған. 
Ол былай дейді: «Ұл-қыз кесір, болса ессіз, 
парықсыз, өнегесі-ай әкенің, ұл әкенің 
арқасында жаралар, Ана қарнын, тек бірнеше 
ай паналар» [4].
Сондай-ақ отбасында ұл мен қыздың 
тәрбиесі ең маңызды екендігін ақын: «Ұл мен 
қыздың өнегесі ата-ана, Бәрі бізден – дұрыс 
па, әлде қата ма» [4], - деп бала тәрбиесіндегі 
жетістік те, теріс қылықтар да бәрі – ата-ана 
өнегесі мен берген тәрбиесінің нәтижесі екен-
дігін дәлелдейді. Ғұлама ақын отбасында 
ба ла ларға адамгер шілік тәрбиесін беруді, 
ол үшін адамгершілік қа сиеттерді сәби 
шағынан олардың бойына да рыту қажеттігін 
былай айтқан: «Сәбиінде кө кірекке түйгені, 
өлгенінше санасында жүреді [4].
Жүсіп отбасында баланы шектен тыс ер-
ке летіп өсірудің түбі кері нәтиже беретінін 
ескерте отырып былай дейді:
Шолжаңдатпа, білсін тәртіп, талапты,
Талап қысқан бала құты, талантты, [4] деп 
қатаң тәртіп нақтылық пен ұқыптылықты қа-
лып тастыратынын айтады.
Ақын қыз бала тәрбиесінде оның ер балаға 
қарағанда ерте есейетінін ескере келіп, қыз 
бала тәрбиесінде еркелікке жол бермеуді жөн 
деп санайды. Ол «Кім ұл-қызын шолжаңдатса 
бетімен, тартар күйік, ет кескендей етінен» 
[4] деп, ұл және қыз баласының шектен тыс 
еркелігі ата-анасына үлкен сын боларын 
түсіндіреді. Ол үшін қатал тәрбие әдістерін 
қолдануды кеңес береді:
«Талшыбықпен аршы қырсық-түйнектен, 
Ұл мен қызға таяқ білім үйреткен» [4] 
деп білімді меңгеру үлкен табандылық пен 
шыдамдылықты қажет ететіндігін, ол үшін 
балаға қатаң талап қоюдың маңыздылығын 
сипаттайды.
Балаға отбасында қатаң тәртіптің болуы 
қа шан да ата-ананы қуанышқа бөлейтінін
ақын: «Жаны жұмсақ – қатты ұстаған бала-
ның, Жарық жүзі ата менен ананың» [4] 
деп тәртіпке үйренген балалардың қашанда 
жауапкершіліктерінің жоғары болып, ата-ана 
көңілінен шығып отыратынын түсіндіреді.
Сонымен, «кемел адам» тұлғасын қалып-
тастыру мәселесінің теориялық негіздеріне 
ор та ғасырлық Шығыс ойшылдарының 
көз қарастарын алу арқылы жеке тұлғаны 
ұлтжанды зияткер азамат етіп қалыптастыруға 
болады.


51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет