53
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
арқылы тазалық мәдениетін қалыптастыру,
тазалық-саулық негізі, қазақ бесігіндегі таза-
лық, діни сенім мен тазалық және адам қайтыс
болғаннан кейін ұзату әдептері мен жосындары
қарастырылған.
Исламтанушы
Қ.Бағашардың «Ислам-
да ғы тазалық» атты еңбегінің кіріспесінде
тазалықтың ислам дініндегі орны, тазалықтың
түрлері, дәрежелері, оның өлшемі мен
адам табиғатындағы тазалық мәселелері
қарастырылған.
Еңбектің бірінші тарауы тән тазалығы
мен құлшылыққа қажетті тазалық түрлерін
қамтиды. Онда: тырнақ, беті-қол, аяқ, тіс, көз,
құлақ, мұрын тазалығы, шаш пен сақал күтімі,
әурет тазалығына қатысты мәселелер (дәрет
алу, истибра, истинжа), мәсі кию, ғұсыл алу,
тәйәммум соғу, әйел кісілердің жеке тазалығы,
сұрақ-жауап күйінде т.б. мәселелердің жай-
жапсары, шариғаттағы үкімдері сөз болады.
Екінші тарау қоршаған орта, үй-жай мен
аула, жол, қоғамдық орындар мен мешіттердің
тазалығына арналған. Ауа мен судың таза-
лығы, діни тұрғыдан лас немесе таза болып
саналатын заттар, нәжіс саналған затты
тазартудың жолдары, бұған қоса үйге сурет
ілу, ит асырау, шашты бояу, денеге сурет салу
секілді күнделікті өміршең мәселелердің де
діни үкімдері білдірілген.
Үшінші тарау күнделікті тұтынып жүрген
өнімдеріміз бен ас-судың тазалық үкімдерін
тілге тиек етеді. Онда тамақтану гигиенасы,
бисмилласыз сойылған мал, доңыз етінің
харам етілуінің себептері, маргарин майын
тұтыну жайы, алкоголь мен шылым шегуге
қатысты шариғаттың үкімдері қамтылған.
Төртінші тарауда табыстың адалы мен
арамы, кіріс көздерінің халалы мен харамы,
тұтынуда ысырапшылдыққа жол бермеу
мәселелері қарастырылған.
Бесінші тарау жан тазалығын қозғайды.
Онда жан тазалығын құрайтын жүрек таза-
лығы (қалбун сәлим), тәуба, ықылас, тақуалық,
әдептілік, турашылдық, жылы жүзділік,
кішіпейілдік, түрлі жаман әдеттерден аулақ
болу мәселелері сөз болады [2].
Достарыңызбен бөлісу: