№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет65/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
аталатын хикаяттар мен әңгімелер топтамасын, 
«Жарылғап би», «Қарадан туған хан Нұрабай» 
қатарлы тарихи романдарды оқырманға ұсы-
нып үлгерген қаламы жүйрік жазушы.
«Есенгелді би» романы 2004 жылы «Ана 
тілі» баспасынан жарық көргеннен кейін 
оқырман қауымның, әдебиетшілер мен сын-
шы лардың назарына бірден ілінді. Алты 
алаштың басын қосқан хан Абылайдың 
сенімді батырларының бірі болған, өткір сөзді, 
орақ тілді шешен би Есенгелді Құдайназарұлы 
туралы алғаш қалам тербеп, көлемді шығарма 
жазған Жанат Ақмади осы шығармасында 
бас кейіпкер Есенгелді би образын сол дәуір 
үлгісімен суреттеп, ескі тарихымыздағы 
тұлғалар бейнесін жаңғырта білді.
Романға көзқарақты сыншылар оң бағасын 
беріп, төл тарихымыздағы орны бөлек шешен-
дер мен билер, батырлар образын ел жүрегіне 
ұялатуға, жаңа ұрпақ жадына сақтауына тағы 
бір шығарма туғанына сүйініштерін айтты.
«Төле биден бата алған Қызай руының 
шешен биі Есенгелдінің қилы тағдырын 
қы зық ты баяндаған Жанат Ақмадидың 
«Есенгелді би» романы шұрайлы дүние екені 
даусыз. Әсіресе жазушының тіл кестесін 
айырықша атап өткен абзал. Көнеріп, 
жадымыздан көмескіленіп бара жатқан баба 
тіліміздің жауһары қайтадан жарқырап, көңілді 
сиқырлағандай. Билердің сөз шарпысуы, 
бұрын-соңды төл әдебиетімізде хатқа түспеген 
табиғаты оқшау, озық үлгі» [2].
Бірден көзге оқшау көрініп, көкейге 
шуақ сыйлайтыны шығарманың 6-бетінен 
бас талатын 1726 жылғы қой жылының 
көктеміндегі Ордабасы хан кеңесі шақырылар 
қарсаңында Қазақтың белгілі билері Ұлы 
жүз Төле би, қаз дауысты Қазыбек би және 
Кіші жүз Ақсуат пен Малайсары билердің ел 
ісі үшін бас қатырған алқалы жиынындағы 
көкейден ақтарған сөз маржандары автордың 
тіл шұрайлылығын дәйектеп, шығарманы 
қызығып оқи түсуге жетелей жөнеледі.
«Уа, халайық, жарандар! мына заман не 
дейді? Мына күн қалай құбылар түрі бар?! 
Бұрынғылар «жоғарғы ауыл көшсе, ортаңғы 
ауыл шет болады» деп еді, алдыңғы батыр, 
алдыңғы хандарымыз кетіп, бүгін, міне, ел 
шетінде, жаудың өтінде сен отырсың. Еліңді 
ебелек, еріңді көбелек орнында көрмей қағын-
ған Қалмағың анау! Тақияда тамтығы қалмай, 
шылдай тозған жұртың анау! Ел екенің рас 
болса, жыланға аяқ, мысыққа қанат бітірмей 
тұрып, ойласып ақыл табайық. «Селебе себе-
леп келмейді, селдетіп келеді; бәле келсе, 
балалап келер анасымен келеді» деген міне, 
осы. Бақ пен дәулет көшпелі болса, пәлекет 
пен қырсық та көшпелі. Үмітіңнен үрейіңді 
басым ете жететін пәлекет атаулы бағынсаң 
басып алады. Ханы қазылы болса, қарашасы 
қайырымды болса, қара жерден кеме жүргізеді» 
деуші еді. Хандарымызға қараған түріміз 
мынау болды! Ханы бұлаң болса, елі ылаң 
болады. Көңіліңде ерлігің болмай, басыңда 
билігің болмайды. Елің-жерің үшін жаны тәтті 
байлардың бағланы емес, жарлының жайсаңы 
болып бел бу. Сонда ғана өтейсің өз анаңның 
ақ сүтін!» [3, 6-7]. Міне, осылай деп аузынан 
маржан төккен Төле бидің образы шығармада 
тіптен биіктеген. Автор бұл арада қазақтың 
сөз ұстары Төле бидің әр айтар сөзін теңізден 
інжу сүзгендей даналықпен әдіптегені сезіліп 
тұр. Шынында, дала данышпаны Төле би еш-
қа шан арзан сөз айтпаған да. Төле биден кем 
соқпайтын қаз дауысты Қазыбек би кезегін 
автор шығармада былай береді:
«Ей, халқым! Басыңа қара күн туып отыр-
ға ны рас. Ашыңда азығың, тоғыңда қазығың 
болған аға би осыдан артық не десін! Ер игісі 
ел жүгін көтереді. Қай-қашанда пәле жүрдек, 
бақ қырсау. Кесапат-қырсық жақсылықтан бір 
шақырым ілгері жүреді. Сондықтан, қиын іске 
сыналған ер керек. Осы отырған талайымыздың 
сақалымызға ақ түсіп, көңілімізге дақ түскен 
шағымызда көріп отырғанымыз мынау! 
Айналаңды жау алды, аймағыңды дау алды. 
Бір жағыңда көзі шегір, өзі жебір, сақалын ыс 
басқан, санасын лас басқан кержағың отыр! 
«Күш есіктен кірсе, әділет түңліктен шығады» 
деген бар. Қағынғанға қанжар ұстатып, 
құшағына пышағын жасырып отырған қалмақ 
сенің жазығың бар-жоғына қарамайды. Әр 
таудың қуысында қойын құрттап, айранын 
ұрттап, шаруа баққан ағайын қалмақ қайта 


67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет