№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет61/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104
Keywords: artwork, artistic differences, image, student, skill of the writer.
Кез келген шығарма адам болмысын 
тәрбиелеуге негізделеді. Білім беру бағдарында 
ұлттық тәрбиелік білім негізінің әр шығарма 
құрылымынан, көркемдік негізінен оқушының 
болмысын дамытуға пайдасын тиері анық. 
Білім мен ғылымның дамуы негізінде, қазақ 
қоғамының көркемдік әлемінің рухани бе-
ле сінде көркем әдебиеттің алатын орны 
ерек ше. Жалпы, әдебиет – ұлттық таным-
түсінік дамытып, көркем сөйлеуге баулитын 
көркемдік құрал. Еліміздің болашағы кең 
байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде бүгінгі 
күні білім алып жатқан оқушылардың көркем 
әдебиетке деген сүйіспеншіліктері арттыруда 
екенін түсіну қажет. Сол шығарма бойынан 
рухани мәдени болмыстарын қалыптастыруда 
қазақ әдебиеті бағдарламасындағы көркем 
шығармаларды оқыту мен оқуға қызықтыра 
білу жұмыстарының рөлін арттыру маңызды. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам 
ба ла сының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді 
және ең сабырлы серігі – кітап», - деп атап 
өткеніндей, бүгінгі оқушыларды кітап оқуға 
ден қоюы бүгінгі күннің басты талабы болып 
отыр. Бүгінде оқушылар интернет қарап, 
бар материалды сол жерден көшіріп алып 
немесе ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану 
арқылы рухани даму мен жетілу деңгейінің 
төмендеп бара жатқандығы да кітап оқып 
ізденуі мен көркем шығармаларға деген қызы-
ғушылықтарының жоқтығынан кері кетіп бара 
жатқандығына көз жеткізуге болады. 
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі ре тін-
де оқу бағдарламасындағы Сайын Мұрат-


63
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
бе ков тың «Қылау» әңгімесі арқылы бүгінгі 
оқушыға беретін тәрбиелік құрылымы туралы 
сөз қозғамақпын. Сайын Мұратбеков - қазақ 
әдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосқан, 
кіші және орта көлемді этикалық жанрлардың 
мазмұны мен түрін, поэтикасын жаңа леппен, 
дара мәнермен, сара машықпен байытқан, 
ба йытып келе жатқан суреткер. Жазушы 
шы ғармашылығы көп қырлы. Біз қаламгер 
шығармашылығының бір қыры – тәрбиелік 
маңызы жоғары достықтың рөлін ерекше 
ашатын «Қылау» әңгімесі төңірегінде ой 
толғамақпыз.
Аталған әңгіме сюжетін түзетін оқиғада 
өмір шындығы мен эмоциялық мазмұны 
терең, көркемдік әлемі бай. Жазушы 
өз шығармаларына негіз болған өмір 
құбылыстарын адамның, жасөспірімдердің 
ең бір асыл арманына, адал сезіміне, достық 
мәселесіне бөлеп баяндайды. Жалпы шы-
ғар маның көркемдік құрылымы мен ком-
по зициялық құрылысы, Сатай мен Рабиға 
бейнелерінің бейнеленуінде ерекшелік арқылы 
оқушының болмыс бітімін дамыту жолдарын 
өзім өткізген арнайы сабақ жоспарын үлгі 
ретінде ұсыну арқылы көрсеткім келеді:
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Жазушы өмірі мен шығар-
ма шылығы туралы қысқаша мәлімет беру, 
әңгіменің мазмұнын меңгерту, негізгі идея-
ларын ұғындыру.
2.Тәрбиелік: әдебиетке, көркем туындыға 
деген сүйіспеншілігін арттыру және әдеби 
көр кем туынды кейіпкерлері арқылы оқушы-
ның ұлттық танымын, адамгершілік, шынайы 
достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: қазақ әдеби тілі мен, сөздк 
қор мен сөз байлығын сауатты пайдалануға 
баулу, өздігінен жұмыс істеуге бағытталған 
шығармашылық қабілетін жетілдіру, оларды 
өмірлік тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: шығармашылық.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнер-
леп оқу, баяндау, ойын, шығармашылық, ой 
бөлісу.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, 
бейнелі суреттер, бүктемелер. 
Сабақтың барысы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет