№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет69/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

Keywords: national existence, ethnomental texts, language, national, ethnolinguistics, psychological 
characteristics.
Этноментальды мәтіндер өзінің этностық 
мәнмәтінінде ұлттың тұтас тарихи ғұмырын 
даралайтын, болмыстық мәнін айқындайтын 
үлкен фактор саналады. Сондықтан кез келген 
ұлттың әдебиетін, фольклорын, мәдениетін 
зерттеген кезде этнотанымдық аспектіге де 
кеңінен үңіле түскен жөн деп есептейміз. 
Этноментальды мәтіндерді зерттей, зерделей 
келе, біз, ең алдымен, қазақ халқына ғана 
тән сөйлеу мәдениеті, тарихы, дағдысы, 
ерекшеліктеріне аса мән бердік. Бұл тұста, 
осы тақырыптарды қазақ тіл білімінде де, 
әдебиет теориясында да зерттеп, жіліктеп 
берген бірқатар ғалымдардың еңбектеріне 
сүйендік. Мәселен, сөз мәдениетінің пән 
ретінде қалыптасуына түрткі, басқаша 
айтсақ алғышарты болған қазақ тілі 
бойынша жазылған алғашқы оқулықтар 
мен оқу құралдарында грамматикалық, 
орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың 
бірізді ережелерінің жасалуы, жолға қойылуы 
әдеби тілдің кодификацияланған нормаларын 
қалыптастыруда үлкен маңызға ие болды. 
Алғашқы оқулықтар, қазақ тіл білімінің негізін 
қалаған 
қайраткерлер 
А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аман-


70
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жолов және т.б. тиесілі екенін жақсы білеміз. 
Сонымен, біз атап өткен халықтық, ұлттық 
қалыптасқан сөз мәдениеті қазақ әдеби тілінің, 
сондай-ақ жалпы қазақ тілінің тарихымен 
бітісіп, байланысып жатыр.
Қазақ болмысына кірігіп кеткен мәтіндерді 
зерттеу осы сөз мәдениетінің түп-тамырын 
қопар ған ғалымдар М.Балақаев, Р.Сыздықова, 
М.Томанов, Е.Жанпейісов т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде қолға алынған. Ол еңбектерде 
әдеби тілдің дәстүрлі нормалары, ұлттық 
әдеби тілдің стильдік салалары мен 
тармақтары, жанрлары толығымен зерттеліп, 
ұсынылған. Б.Әбілқасымов зерттеулерінде 
қазіргі әдеби тіл нормалары ескі қазақ 
жазба тілімен салыстырыла қарастырылса, 
Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев, Е.Жұбановтың әде-
би тіл тарихын ауызша сөз өнерімен, әсі-
ресе ақын, жыраулар поэзиясының сөз 
үлгілерімен байланысты қарайтын зерт теу-
лері сөз мәдениетінің нормативті-функ ци-
о налдық аспектісін эмпирикалық, тео рия-
лық материалдармен толықтыра түс кен. 
Ә.Т.Қайдаров, М.М.Копыленко, А.Е.Карлин-
ский, 
Е.Жанпейісов, 
Э.Д.Сүлей ме нова, 
К.Ш.Хұ са йынов, Б.Хасанов, З.Қ.Ахмет жа но-
ва, С.С.Құнанбаева сынды ғалымдардың да 
қазақ тілтанымы мен жалпы тілтаным туралы 
жасаған зерттеу-ізденістері дәл біз қарастырып 
отырған тақырып ауқымын кеңейте түсіп отыр. 
Ал белгілі тіл білімі саласындағы Ж.Манкеева, 
С.Сатенова, Г.Смағұловалар болса, лексика-
фразеологиялық, этнолингвистикалық бағытта 
ауқымды әрі көлемді зерттеулер жүргізіп, 
онда тілдік тұлғаны дәстүрлі мәдениеттің 
өкі лі, тұтынушысы, дамытушысы ретінде 
тану ға, тілдік тұлғаның сөз қолданысындағы 
этномәдени компоненттерінің сипатын айқын-
дауға жәрдемін тигізетін дүниелерге тоқтала 
кеткен. Осы тұста қазақтың ұлттық болмысына 
тән этноменталды деп аталатын мәтіндердің 
мәнін аша қарасақ. 
Жалпы, этноментальдылық деген сөздің 
өзі түрлі түсіндірме сөздіктерде – этноұлттық 
сипаттағы дүниетаным, ол арқылы этникалық 
немесе ұлттық қоғамдастық мүшелері өзара 
жақындығын, ішкі туыстығын, ұрпақаралық 
сабақтастығын сезіне отырып сақтауға ұм-
ты латын, өзге ұлттардан ерекшелендіріп 
тұратын, психологиялық ерекшеліктер мен 
рухани артықшылықтар, құнды бейімделулер 
мен жүріс-тұрыс модельдерінің жиынтығы 
ретінде түсіндіріледі [1]. Ол адамдар өміріне 
айрықша сипат пен талғам береді. Осы 
тұрғыдан алғанда, қатынас құралы ретіндегі 
тіл дегі этноментальды мәтіндер тұтас этнос-
тың өмір сүру дағдысын нақтылап беретін 
көр сеткіштер. Ғалым Қ.Әбжанов өзінің 
«Ұлт тық және ортақ түркі тарихын зерттеу 
методологиясы» атты еңбегінде қатынас 
құралы – тіл мен георграфиялық орналасу, 
яғ ни жердің ұлт болмысын зерделеудегі 
орнын былайша түсіндірген [2]: «Адамның 
жануарлар әлемінен айырмашылығы – сөй-
лей алатыны. Тіл шыққан сәт, біріншіден, 
адамдар қауымын ең биік әлеуметтік қауым-
дастық – адамзатқа айналдырды, екіншіден, 
тұңғыш интеллектуалдық серпіліс еді әрі 
бұдан кейінгі барша серпілістердің атасы, 
айталық, «неолиттік революциядан» бүгінгі 
нанотехнологияға дейінгі, үшіншіден, бастап-
қыда кімнің кімге алыс-жақын тұрғанын білу-
ге шылбыр ұстататын өлшем құралы. Тілдік 
қоры адамдар қауымының, нақты халықтың 
даму сатысын, шыққан биігін, еңбек бөлісінің 
қай саласына бейім екенін көрсетеді. Қысқасы, 
адам пайда болумен басталған тарихымыздың 
сахнасы – жер. Адам – жер басып жүргенде 
ғана адам. Ғарышты игеру, теңіздің табанын 
ақтару, шахталарда кен қазу – бәрі жер бетін-
дегі тіршілік қамы. Ал адамның адамдық 
белгісі мен жасампаздық қарымының коды 
– тіл. Аумақтық бірлік пен тілдік біртектілік 
негізінде түркі этносы, мемлекеті, барша 
әлемі қалыптасты». Оның ойынша, мұның 
басты себебі «бүгінге жеткен-жетпеген түркі 
халықтарының сақталған я сақталмаған тіл-
дерінде, сөздік қорында ортақ тарихының 
қалың қыртысты ақпараты, ішіне бүккен 
құпия сы, баршаны тамсандырған байлығы 
жатыр. Автордың пайымдауынша, тарихи 
география мен ономастика, тіпті ғылым 
атаулының бәрі халықтың, жердің, тілдің 
байланысын анықтауға үлес қоса алады.


71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет