1-4 сынып оқушыларына арналған «Жас зерттеуші» дәптері


Мысал көрсете отырып түсіндіру



бет13/16
Дата06.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#16586
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Мысал көрсете отырып түсіндіру. Нақты ұғымға анықтама бергеннен гөрі оған мысал келтірген жеңіл болған кезде қолданылады.

  • Суреттеу – заттың сыртқы бейнесі туралы айтылады. Затты суреттеу яғни сұрақтарға жауап беру дегенді білдіреді: Бұл қандай зат? Ол басқа заттардан несімен ерекшеленеді? Басқа заттарға несімен ұқсайды?

  • Мінездеме – заттардың кейбір сыртқы қасеттері ғана айтылуы мүмкін.

  • Салыстыру - заттардың басқа заттармен ұқсастығы ме.н айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.

  • Айырмашылығы- өзіне ұқсайтын басқа заттардан айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.Мысалы: алма мен қызанақ бір-біріне өте ұқсас, бірақ алма-жеміс, қызанақ-көкөніс,алманың дәмі бір түрлі болса, қызанқтың дәмі басқа ..

    1. Ақпаратты негізгі заттар, іс-әрекет, құбылыс, жаңалықтар бойынша топтарға бөл. Классификация(жіктеу) – бұл ғылыми әдіс, көптеген ажыратылған обьектілердің қандай да бір белгісіне қарай қайта топтасуы. Заттарды жіктеу, оларды топтарға бөлу, біздің ойымызды реттейді

    2. Қарама-қайшы ойлар, түсініксіз құбылыстарды анықта және белгіле

    Қарама-қайшы ойлар деп көпшілік адамдардың ойларына немесе бақылау нәтижелеріне қарама-қарсы ойларды айтады.

    1. Негізгі ойларды ретімен жаз.

    Негізгі ойларды олардың маңыздылығына, негізгі және қосалқы мағынасына байланысты реттеп жазуға болады. Негізгі ойларды ажырата білу ол ойлы баланың ерекше қасиеті.

    1. Мысал келтір, салыстыр, сәйкестендір.

    Егер сен салыстырып, әрі басқа заттармен, құбылыстармен сәйкестендіріп айтатын болсаң, зерттеуіңмен таныс емес адамдар сені жақсы түсінетін болады.

    1. Қорытынды жаса.

    Егер зерттеуші қортынды жасамайтын болса, онда зерттеушінің барлық еңбегінің зая кеткені. Сондықтан да барлық істелген іс-әрекетке ой жүгіртіп, қорытынды жасап, өз ойыңды айту керек. Өз ойыңды білдіру ол- заттар немесе құбылыстар туралы мәліметтерді растау, дәлелдеу немесе жоққа шығару. Жүргізілгген зерттеу бойынша өзіңнің жеке ойыңды білдіру.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет