1-4 сынып оқушыларына арналған «Жас зерттеуші» дәптері


Схема, чертеж, суреттер, макеттер



бет16/16
Дата06.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#16586
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Зерттеуші дәптер

9. Схема, чертеж, суреттер, макеттер.

Схема,чертеж, суреттер, макеттер болса, баяндаманың мазмұны басқа адамдарға түсінікті, қызықты болады.

Мысалы егер сен құмырсқалардың илеуін зерттейтін болсаң, олардың қозғалысының картасын сызып қой. Егерде зерттеуің болашақ бір құрылыстың жобасы болса, онда оның макетін, суретін схемасын салып қой.

Ал егер де мектептегі оқушының отыратын партасының оқу үлгеріміне әсерін анықтайтын болсаң, онда оның схемасын сал.



  1. Қойылатын сұрақтарға жауап дайында.

Ғылыми әлемде зерттеу жұмысын қорғау ашық түрде өткізіледі. Оған кез-келген адам қатыса алады. Барлық қатысушылар авторға сұрақ қоюға құқығы бар.

Барлық сұрақтарға жауап беруге дайын бол. Қандай сұрақ қойылатынын алдын-ала болжап, өзіңе өзің сұрақ қою керек. Әрине қойылатын сұрақтардың бәрін алдын-ала болжау мүмкін емес, бірақ сұрақтардың басым бөлігі негізгі ұғымдар мен оның қай жерден алынғаны, жасалған қортындыңның негізгі сүйенетін себептерін сұрауы әбден мүмкін.



ЖЕҢІС НЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ?

Егер өз зерттеуіңнің қорғауы сәтті болсын десең, төмендегі ережелерге сүйенуің керек.



  • Зерттеулердің санын шектеме, өзіңді қоршаған әлемге жан-жақты көз сала біл.

  • Қателік жасауға қорықпа.

  • Қабылдаған шешімдеріңе сенімді бол.

  • Шешім қабылдағаннан кейін, ешқандай қобалжусыз, іс-әрекетке кіріс.

  • Өзіңнің барлық күш жігеріңді зерттеу жұмысыңа шоғырландыруға тырыс.

  • Фактілерді бар көңіліңді салып талдауға тырыс, асығыс шешім қабылдама.

Нағыз зерттеуші барлық қиындықты жеңіп шығады. Ең негізгісі –өзіңе сенімді бол, сонда алдыңа қойған мақсатыңа жетесің.

Сен нағыз зерттеушісің!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет