Балалар мен жасөспірімдердің күштерінің өсу қарқыны сүйек-бұлшық ет жүйелерінің морфофункциялық өзгеруіне, организмнің жалпы биологиялық жетілуіне, қозғалыс белсенділігі деңгейіне т.б. көптеген себептерге байланысты. Сүйек-бұлшық ет аппараты өзінің даму шегіне 18-20 жаста жетеді. Сондықтан бастауыш және орта мектеп жасындағы оқушылардың күштерін дамытуды жылдамдатуға болмайды. Статикалық жаттығуларды шектеп, жалпы қозғалыс сипаттағы жаттығуларды көп қолдану қажет.
Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың күш дайындығының негізгі міндеттері – барлық бұлшық ет топтарын үйлесімді дамыту, дененің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік, «бұлшық ет құрсауын» құру.
7-8 жастағы балалардың күшін жетілдірудің қарапайым амалдары: гимнастикалық қабырғаға, таянатын сатыларға өрмелеу, допты көп лақтыру, секіру, жеке сайыс элементтері бар қозғалмалы ойындар ойнау және т.б.
Жылдамдық, оның түрлері, дамыту амалдары мен әдістері
Жылдамдық, оның түрлері, дамыту амалдары мен әдістері
Жылдамдық дегеніміз – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады:
1. Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы.
2. Дербес қимыл жылдамдығы.
3. Қимыл жиілігі.
Қарапайым қозғалыс жылдамдығы дегеніміз – алдын ала белгілі қозғалыспен, бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап (спортшының дыбыс берілген кезде белгілі қозғалыс әрекетін тез орындауы). Қарапайым қозғалыс жылдамдығы қандай да бір қоздырғышқа кері жауап қайтару уақытымен бағаланады. Қоздырғыштар – жаттықтырушының, төрешінің дауысы, сөрелік тапаншаның атылуы, шапалақтың соғылу дыбысы, жарықтың жарқ етуі, төрешінің жалау ұстаған қолын сермеуі және т.б.
Күрделі қозғалыс жылдамдығы дегеніміз – белгілі, белгісіз қоздырғыштарды сезіну, көру, жауап қайтару уақыты.
Күрделі қозғалыс жылдамдығы дегеніміз – белгілі, белгісіз қоздырғыштарды сезіну, көру, жауап қайтару уақыты.
Күрделі қозғалыс жылдамдығы көбінесе спорт ойындарында, жеке сайыс түрлерінде кездеседі. Бұл спорт түрлерінде қозғалып келе жатқан жанды, жансыз затты (доп, қарсылас, семсер, жұдырық т.с.с.) сезіну және бірнеше мүмкіндіктен бір дұрыс әрекетті тауып, тез қолдану міндеті тұрады. Мысалы, қақпаға доп соғылғанда қақпашының алдында төрт міндет тұрады: допты көру, бағытын және ұшу жылдамдығын бағалау, әрекет жоспарын құру, оны орындауға кірісу.
Дербес қимылдау жылдамдығы. Дербес қимылдау жылдамдығы (семсерлесудегі түйреу, футболдағы доп тебу, баскетболдағы доп лақтырулар және т.б.) спорт ойындарында, жеке сайыста нақты бір бұлшық ет жұмысы жаттығулары кезінде пайда болады да, қозғалыс жылдамдығымен қатар тәрбиеленеді.
Дербес қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған жылдамдықпен орындалатын нақты бір жаттығулар (еңкею, сермеу, секіру, түйреу т.с.с.) қолданылады. Бұл жаттығулар жалпы дамытатын жаттығулар кешеніне кіргізіліп, сабақтың кіріспе бөлімінде орындалады.
Қимылдың жиілігі. Циклді сипаттағы жаттығуларда қимыл жиілігі жылдамдығы пайда болады (мысалы, 10 секундта орнында тұрып жүгірудегі өте көп қадам саны). Қимыл жиілігін тәрбиелеу үшін өте жоғары шапшаңдықпен орындауға болатын жаттығулар пайдаланылады. Бұл жағдайда қимыл жиілігін дамыту үшін, аз қашықтыққа қатты (жылдамдық қашықтықтың аяғына дейін бәсеңдемеуі керек) жүгіру қажет.