1-4 сыныптарда дене шынықтыру сабақтарын қҰру және жүргізу әдістемесі аға оқытушы,магистр Испанова Э. Ж


Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту



бет7/8
Дата16.12.2022
өлшемі1,78 Mb.
#57709
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту

  • Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту
  •  

  • Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда негізінен қарапайым қозғалыс жылдамдығы, дербес қимыл жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға аз уақытта тез жылжып, орын ауыстыратын жергілікті қимылдары бар әр түрлі жаттығулар беріледі. Бұл қысқа немесе ұзын секіртпелермен жаттығулар (айналып тұрған секіртпе ішіне жүгіре кіру, секіру, жүгіре шығу), эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу жаттығулары т.б.

Төзімділік, оны анықтау әдістері, түрлері

Төзімділік, оны анықтау әдістері, түрлері

Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз.

Адамның берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ете алатын уақытын төзімділіктің өлшемі деп атаймыз.

Төзімділікті анықтаудың тура және жанама деген екі әдісі бар. Тура әдісінде сыналатын спортшыға бір тапсырма беріледі де, сол жұмыстың орындалған уақытының ұзақтығы анықталады. Жанама жолмен төзімділік деңгейін білу әдісінде балаларды белгілі бір ұзақ қашықтыққа (500,1000, 3000 метр) жүгіртеді де, жүгірген уақыты анықталады.

Жас ерекшеліктеріне байланысты төзімділікті дамыту

  • Жас ерекшеліктеріне байланысты төзімділікті дамыту
  • Бастауыш сыныптарда төзімділікті дамытқанда, ағзаның анаэробты мүмкіншіліктеріне үлкен талаптар қоймайтын бір қалыпты және ауыспалы қарқында орындалатын жаттығулар қолданылады. Олар: ұзақ және қатты қарқында орындалатын қозғалмалы ойындар, біртіндеп ұзаратын қашықтыққа: 300, 500, 700, 1000 м-ге жүгіру, 2000 метрді жүгірумен жүруді алмастыра өту т.с.с.  
  • Адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу қабілеттілігін ептілік деп атаймыз.
  • Ептілікті дамыту кезінде біз мынадай үш міндетті орындауымыз керек:
  • - күрделі қимыл-қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделендіре отырып жетілдіру.
  • - қозғалыс әрекетін өзгерген жағдайға байланысты басқаша құра алу қабілеттілігін жетілдіру (спорттық , қозғалмалы ойындар жағдайында);
  • - берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттілігін арттыру.
  • Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементтері бар спорттық, қозғалмалы ойындар, гимнастика, акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап, үйретіп отыруы қажет. Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында өткізген дұрыс, өйткені оқушы ағзасы болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді.
  • Ептілікті бастауыш және орта мектеп жастарында, қозғалыс, көру, есту, дене арқылы сезіну анализаторларын екпінді өсу кезінде дамытқан тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет