«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№29 орта мектеп-лицей» КММ-нің 1-4 сыныптардың математика дәптерлерінің жүргізілуін тексеру туралы
Анықтама 2023 жылғы 27 ақпан-3 наурыз аралығында 1-4-ші сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді. Тексеру мақсаты: математика пәні дәптерлерінің жүргізілуін анықтау.
Математика дәптерін тексеру төмендегі талаптарға сүйеніп жүргізілді.
Дәптерлерді жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптарды орындау (сыртқы түрі, жазу мәдениеті)
Бірыңғай орфографиялық режімді сақтау;
Жазбаша жұмыстың түрлері, олардың көлемі және оқушылардың жас ерекшеліктері мен нормаларға сәйкестігі;
Тексеру сапасы (жүйелілігі, толыққандылығы, сауаттылығы, жіберілген қателерді топтастыру).
Жазбаша жұмыстарды бағалау әділдігі және олардың нормаға сәйкестігі;
1«А» сынып жетекшісі: Садырбаева М. Математика пәні бойынша дәптерлерді тексеру барысында оқушылардың көпшілігінің жұмыс дәптерлері талапқа сай жазылған, ұқыпты, таза. Кей оқушылардың дәптерлерінде кемшіліктер кездесті. Мысалға, оқушылардың шимайлап жазуы, сан элементтерін дұрыс жазбауы, торкөзді дұрыс қолданбауы, үй жұмысы уақытылы орындалмауы. Олар: Елемес Жәнібек, Есеркеп Шырайлым атты оқушылардың жазуында кемшіліктер бар. Жазуы таза емес, сан элементтерін дұрыс жазбайды. Қатемен жазатын оқушылар қатарында: Бақтыбай Айзере. Оқушылардың қате орындалған жерлерін мұғалімдер тарапынан түзетулер енгізілген, ескертулер жазылған. «Сөйлем аяқталмаған!» «Үй тапсырмасы орындалмаған!» «Таза жаз!» «Есеп аяқталмаған!» деген ескертулер жазылған. Бағалары дұрыс, нақты қойылған. Дәптерлері уақытылы тексерілген.
1 «Ә»сынып жетекшісі: Байгереева А.Математика пәні бойынша дәптерлерді тексеру барысында оқушылардың көпшілігінің жұмыс дәптерлері талапқа сай жазылған, ұқыпты, таза. Соның ішінде атап айта кететін келесі оқушылар: Рахим Шухрат, Саламат Данагул,Нұрымқызы Раяна.Кей оқушылардың дәптерлерінде кемшіліктер кездесті. Мысалға, оқушылардың шимайлап жазуы, сан элементтерін дұрыс жазбауы, торкөзді дұрыс қолданбауы, үй жұмысы уақытылы орындалмауы. Олар:Серік Аңсар, Нұрлан Саламат, Орал Алдияр. Оқушылардың қате орындалған жерлерін мұғалімдер тарапынан түзетулер енгізілген, ескертулер жазылған. «Сөйлем аяқталмаған!» «Үй тапсырмасы орындалмаған!» «Таза жаз!» «Есеп аяқталмаған!» деген ескертулер жазылған. Бағалары дұрыс, нақты қойылған. Дәптерлері уақытылы тексерілген.