Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ақтөбе қаласы
«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті»
Бағыты: Үздік ғылыми жоба
Жұмыстың тақырыбы: «Жұбановтар мұрасы – ұлттық жаңғырудың қайнар көзі»
Орындаған: Елемес Гүлфайруз Ергешбайқызы Филология факультеті 6В01705-Қазақ , орыс тілдері мен әдебиеті ББ
1-курс студенті
Жетекшісі: Айтенова А.Т. Ақтөбе қаласы, 2022 жыл
Филология факультеті 6В01705-Қазақ , орыс тілдері мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Елемес Гүлфайруздың «Жұбановтар мұрасы –ұлттық жаңғырудың қайнар көзі» тақырыбындағы зерделеу жұмысына
Аңдау хат
Жұмыс тақырыбы: «Жұбановтар мұрасы –ұлттық жаңғырудың қайнар көзі»
Жұмыстың негізгі мақсаты: «Жұбановтар мұрасы – ұлттық жаңғырудың қайнар көзі» деген тақырыпты ала отырып, іздену жұмысында өзіндік ой - пікір білдіру; Жұбановтар бойындағы асыл қасиеттерді келешек ұрпаққа үлгі ету; Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан өскелең жас ұрпақты тіл білімінің алғашқы профессоры Құдайберген Жұбановтың аз ғана ғұмырындағы ұшан-теңіз еңбегінің ұлттық жаңғыру деген ұғыммен байланысты зерделеу; Ахметтің өнер саласындағы еңбектерін саралай отырып, ұлттық музыка өнерінің ХХ ғасырдағы дамуына қысқаша шолу жасап, ұлттың ұлт ретіндегі жаңғыруындағы музыка зерттеушісі еңбектерінің рөлін анықтау; Жаңалығы: Жұбановтар - өрелі мақсаттарға, биік мұраттарға қол жеткізген аға буын өкілдері. Олардың шығармаларында ұлттың ұлттық болмысы, үміті мен тілегі ұялаған, шығармаларының өн бойында сол белгілі халықтың ғасырлар бойы қадірлеп, қастерлеп келген ұлттық болмысы мен ұлттық санасы жатыр. Жұбановтар еңбектерін зерттей- зерделей келе біртуар тума таланттардың Жұбановтар мұрасы – ұлттық жаңғырудың қайнар көзі» екенін түсіндім.
Ұсынысы: Жұбановтар еңбектері – ұлттың ұлттық құндылығын танытатын, қазақы мінез бен қазақы болмысты бағамдайтын туындылар. Өмір белестері – аға ұрпақтың қайтпас қайсар мінезінің, қиындыққа қасқая қарап тұратынының үлгісі.Сондықтан Жұбановтар өмірі мен шығармалары мектеп бағдарламасына кіргізілсе, «Ақтөбе өңірінің жарық жұлдыздары» деген сынды факультатив сабақтар жүргізілсе деген ұсыныс білдіремін.
Қорытындысы:Қазақ ғылымы мен музыкасында өз орны бар туыдыларын насихаттап, елге танытып, Жұбановтар өмірін мақтан тұта отырып, өткен тарихымызды жадымызда мәңгі сақтауымыз, ұрпақтан- ұрпаққа жалғастыруымыз қажет.