Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді.Оны анам ағашқа байлап қойды.Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі-ақ.Жанына жақындауға қорықтым.Біраздан кейін тәуекел еттім.Құлын менен үркіп ,біраз жерге ұзап барып,қарап тұрды.Қайта келіп,есік алдындағы шелекті иіскелей бастады.”Жануар-ай, шөлдеген екенсің ғой”деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым.Құлын жасқана басып суға жақындады.Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп,пысқырынып шегінді.Суды азайтып ағыздым.Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті.Осылайша екеуіміз достасып кеттік.Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады. (“Балдырған”журналынан.) 103 сөз)
Ойын. Сөздік:есік.тепті,дәлдеп,әрең,ақтарылды,байқаусызда
Мазмұндау жоспары: 1.Екі достың ойыны
2.Сүтті төгіп алуы.
3.Асқардың өтірігі
4.Ораздың шындығы
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр.Екеуі допты әрі тепті, бері тепті.Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды.Енді допты соған дәлдеп ұрды.Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті.Ораз добын іздей бастады.Қараңғыда допты әрең тауып алды.
Сыртқа беттеген.Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті.Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды.Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
-Қорықпа.Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,-деді Асқар.
-Мен өтірік айтпаймын.Байқаусызда төгіп алдым деймін,-деді Ораз.
( 93 сөз)
Үй шаруасы. Сөздік:қолым тимеді,үй шаруасымен,аяғандай,Мұраттікіне салыстық
Мазмұндау жоспары: 1.Мұғалімнің сабақ сұрауы
2.Мұраттың жауабы
3.Сыныптастарының Мұратқа көмектесуі
Мұғалім сабақ сұрағанда,Мұрат білмеді.
-Сабақты неге білмейсің?Оқымадың ба?
-Қолым тимеді, ағай!
-Не істедің?
-Үй шаруасымен айналастым.
-Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
-Әкем үйде жоқ.Жолаушы кеткен.Апам ауырып жатыр.
Мұғалім аяғандай болды.
-Отыра ғой,шырағым!-деді.
Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды.Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық.Әбден терлеген, шаршаған екен.Біз жабылып отынын тасып бердік.Аттарына,сиырларына шөп салыстық.
(А.Байтұрсынов.) ( 95сөз)