1. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? А.әріптер қатары



бет5/12
Дата17.10.2023
өлшемі128,88 Kb.
#117423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
docx1549709472

Бұлт
Сөздік:бұлақ арнасы
Мазмұндау жоспары:
1.Бұлт қызды көрді
2.Гүлдер
3.Бұлт қызды аяды
4.Бұлт жерге су шашты
5.Қыз бұлтқа арнап өлең айтты
Аспанда қалықтап бара жатқан бұлт бір кезде жерге қарап,бақша ішінде жылап отырған кішкентай қызды көрді.
-Кім тиді саған?-деп сұрады бұлт.
-Ешкім де тиген жоқ,-деп жауап берді қыз.
-Олай болса неге жылайсың?
-Менің еккен гүлдерім қурап бара жатыр.Соған жылап отырмын.
-Құр жылағанша,қолыңа шелек алып,бұлақтан су әкеліп құймайсың ба?
-Мен ерінбей-ақ су әкеп құяр едім,бірақ бұлақ та мүлдем тартылып қалыпты.Осыны айтты да қыз одан бетер жылай бастады.
Бұлт қызды аяп кетті.Ол төменірек түсіп,жерге су шаша бастады.Суға қанған гүлдер бастарын көтерді.Манағы кеуіп қалған бұлақ арнасы да суға толып,аға жөнелді.
Қыз да жылауын қойып, бұлтқа арнап өлең айтып бкрді.Бұлт қайтадан аспанға шықты.Гүлдей соққан қатты жел лезде көтеріп алып кетті.
(123сөз)
Қазанның он бесі
Шие тергенде
Жоспар
1.Әмина әженің немерелері
2.Шие теру
3.Атасының риза болуы
4.Қанат қатты ұялды
Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп,шие теруге орманға келді.Көп ұзамай қалың шиеге кезікті.
Жанат терген шиесін қолындағы ыдысына салды.Қанат өзі жинаған шиесін тойғанынша жеп,содан соң ойнап кетті.
Таза ауада әрі жақсы демалып,әрі шиеге тойып,олар үйлеріне көңілді оралды.
Жанат,әдейі арнап тергенін айтып,қолындағы шиесін атасына әкеліп берді.Атасы шиенің біреуін алып, дәмін көрді.Жанатқа қатты риза болып,оның өзін же шие жеуге шақырды.Жанат орманда тойғанша жегенін айтты,дегенмен атасының көңілін жықпай,аузына бір-екі шие салды.
-Қанатжан,сен неге отырмайсың?Жанаттың шиесін же,-деді атасы босаға жақта тұрып қалған Қанатты көріп.
Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап,сыртқа ата жөнелді.


Құлын,Қозы,Лақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет